Психология



Pdf көрінісі
бет283/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   322
Эстетикалық 
сезім — объектив шындықты бейнелеп, оның 
эсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін 
қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған 
сүйсіну, лэззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі — адамның 
өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті 
қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік элемі адамға өзінің 
сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен жэне шынайы көр- 
кемділігімен эсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қа- 
жеттігіне лайықты дамиды.
Эстетикалық сезім — мазмұны мен мағынасы жэне түр-си- 
паты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық се- 
зімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің тұлға жан 
дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына 
ықпал етіп отыратын жағымды кұбылыс, сонымен қатар көңіл- 
күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші ықпал ретіңде қарас- 
тырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның 
жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына 
эсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен басқа да тэлім 
орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған эсерленуге, 
дүниенің сұлулығынан лэззаттанып, өз дүниетанымын дамытып 
отыруға тәрбиелеуді эстетика пэні арқылы жүзеге асырады.
Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғам талабына орай 
адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл- 
күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те ай- 
тылады. «Мораль» — «морале» деген француз сөзі. Мағынасы
— адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына 
байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық 
бағдары, ондағы таптар мен топтардың элеуметтік жагдайы — 
мұның бэрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып түрады.
Адамгершілік сезімінің қағидаты мен жалпы негізі — белгілі 
бір қоғамдық-экономикалық сатыларда әлеумет мүшесінде 
қалыптасып отыратын мінез-қүлық көріністері. Гуманистік жэ­
не демократия үстемдік ететін қогамдағы адамгершілік сезімдер
— борыш сезімі, эркімнің өз халкы алдындагы азаматтық қа- 
сиеттерін қүрмет тұтуы, эрбір адамның жеке-даралық қасиет- 
терін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы


өзара сыйластық жэне эр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этнос- 
тардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. 
Адамгершілік сезім кісінің өткен өміріндегі елестеріне, мақсат- 
міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына жэне дүниетаным- 
дық көзқарасы мен қоғамдық іс-эрекет түрлеріне байланысты 
болып келеді.
Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып 
отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті 
сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, 
мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығьша орай өрістейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет