ПСИХОЛОГИЯ-психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу,даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
«Психология» - ұғымы гректің екі сөзінен тұрады.Оның біріншісі – «псюхе» (жан) ,екіншісі - «логос» (ілім) ,яғни жан туралы ілім деген мығынаны білдіреді.
Психология ғылымының даму кезеңдері
1 КЕЗЕҢ Психология —жан жөніндегі ғылым Психологияның мұндай анықтамасы біздің заманымыздан екі мың жылдай бұрын берілген. Адам өміріндегі барша тусініксіздіктердің бәрін ерекше жан құбылысының болуымен дәйектеуге тырысқан. 2 КЕЗЕҢ Психология — сана жөніндегі ғылым Бастауы ХҮІІ г. Жаратылыстану ғылымдарының дамуымен бірге. Адамның ойлау, сезу, қалау қабілеттерін сана деп атаган. Негізгі зерттеу әдісі — адамның өзін-өзі бақылап, одан жинақтаган деректерін баяндап. хаттау. 3 КЕЗЕҢ Психология -мінез-құлық жөніндегі ғылым Бастауы XX г. Психология міндеттері — тікелей, нақты көрінгендерді бақы-лауга алу. Дәлірек айтсвқ: мінез-құлық, қылық, адамның сыртқы әсерлерге жа-уапты әрекеттері (реакциясы). Қылық астарында жатқан сеп-турткілер (мотивтер) ескерілмейді. 4 КЕЗЕҢПсихология —психика деректері,заңдылықтарымен тетіктерін зерттеуші ғылым Дуниеге материалдық көз-қарас негізінде қалыптасты. Қазіргі заман Ресей, Қазақстан психологиясының негізі — бейнелеу теориясын заңдылықты ұғынып, тусіну.
Психологияның басқа ғылымдар мен байланысы
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтежелерін өзіне қалай қолданылатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейімен сараптау схемасынан шығады. Психология үшін қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие.
Тарих, экономика, этнография, әлуметтану, өнертану, заң және т.б. Зерттеулеріндегі проблеммалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Психологиялық факторлар өздігінен әлуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін
Жалпы психология
Физиология
Антропология
Тарих
ғылымдары
Әлеуметтік ғылымдар
Медицина ғылымдары
Еңбек іс-әрекет
ғылымдары
Философия
ғылымы
Педагогикалық ғылымдар
Әлеуметтану ғылымы
Психологияның басқа білім салаларымен байланысы
Психология салалары
Жалпы психология-психология ғылымының іргелі теориялық және эксперименталды категорияларын, жалпы заңдылықтарын, әдістерін және түсініктерін зерттейтін психология бөлімі.
Әлеуметтік психология- отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді.
Педагогикалық психология - психологияныңтәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.
Еңбек психологиясы — еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологияғылымының саласы.
Еңбек психологиясы — еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологияғылымының саласы.
Спорт психологиясы - жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейді.
Заң психологиясы — заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейді.
Әскери психология- әскери қызметшілердің психологиялық, қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын (қызығушылық, дағды, қабілет, мінез, темперамент және т.б.), сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен эмоциясын зерттейді.
Медициналық психология-дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
Медициналық психология-дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
Салыстырмалы психология- психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады.Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.
Басқару психологиясы - өндірістердегі, корпорациялардағы, фирмалардағы, т.с.с. іс-әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейді.
Патологиялық психология - ауырған адамның психикалық қызметі мен қасиетінің, мінез-құлықтың ауытку заңдылықтарын зерттейді.
Парапсихология– психологияның адамның мінез-құлықтарындағы гипноз, елестету сияқты айрықша құбылыстарды зерттейтін саласы.
Психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
Психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
Психологиялық білімдерді адамдар өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруде жәрдем ету.
Психология қай ғылым саласымен байланыссада, оның зеттеу объектісі жалғыз-ақ ол-АДАМ, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері болып табылады.