Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет116/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

38 жаттығу

Қатысушылар екі (үш) шағын топқа бөлінеді. әрбір шағын топ бір-біріне кедергі жасамайтындай, жартылай шеңбер құрап орналасады.



Нұсқаулық: Біз орындайтын жаттығу бірнеше жалғасы бар қадамдардан тұрады. Мұқият болыңыздар және олардың мазмұны мен жалғастығын есіңізде жақсы сақтаңыз. Сонымен, әр шағын топта жаттығуды кім орындайтындығын (оны біз «түсінуші» деп атайтын боламыз) және оны қазіргі кезеңде кім ұйымдастыратындығын анықтаңыздар. «Түсінушінің» және «ұйымдастырушының» ролінде барлығыңыз болып шығасыздар, сондықтанда кім бастайтыны және жалғастыратындығы маңызды емес. (жаттықтырушы барлық шағын топтар жаттығуды орындаушылар мен ұйымдастырушыларды анықтағанына көз жеткізеді.)

Қазір «түсінушілер» жартылай шеңберден шығады да, оған арқасымен қарап отырады. Ұйымдастырушылар үнсіз өзінің шағын тобынан екі адамды көрсетеді. Әрі біріншісі екіншісінің есімін атамай, топ жұмысы барысында көрінген ерекшеліктерін бейнелеуі қажет. «Түсінуші» ол адамның мінез- құлқының ерекшеліктері туралы әңгімені мұқият тыңдайды да, одан кейін оның есімін атауы керек. Егер есім дұрыс аталмаса, онда «түсінуші» шағын топтың кез-келген мүшесіне айқындайтын сұрақтар қоя алады. Сондай-ақ «түсінушіге» өзі естіген сипатталған мінез- құлық иесінің есімін дұрыс табуына екі рет мүмкіндік беріледі. Егерде үш әрекетіде дұрыс болмаса, онда шағын топ дұрыс жауабын айтады, одан соң «түсінуші» мен ұйымдастырушы ауыстырылады.»

«Түсінушіге» ұсынылатын ақпаратардың сипаты әртүрлі болуы мүмкін, ол топ жұмысының кезеңімен және топ мүшелерінің құрамымен және сенситивтік машықтығының нақты болжамымен анықталады. Егер жаттығу машықтықтың бірінші немесе екінші күндері өткізілетін болса, онда қатысушыларға сыртқы келбетті суреттеу (киімін суреттеуден басқа) немесе адам алдыңғы жұмыс күндерінде айтқаны мен істеген әрекеттерін сипаттау деңгейін ғана ұсынуға болады. Топтың үшінші және басқа жұмыс күндері «түсінушіге» тілдік немесе паралингвистік ерекшеліктерінің, сондай-ақ вербальды емес көріністерінің суреттеуін тыңдай отыра қорытынды жасауды ұсынуға болады.

Топ мүшелерінің барлығы «түсінуші» ролінде болып шыққаннан кейін, жүргізуші барлығын шеңбер құрап отырып, жаттығудың осы кезеңін орындау нәтижесін талқылауға шақырады. Қатысушылардың назары түсіну мен суреттеу тапсырмасын орындау барысында кездескен қиындықтарды сезінуге ауады. Жаттықтырушы мінез-құлықтары ортаға салынған қатысушыларға тура немесе бұрмаланған суреттеулерден мысал келтіре отырып, өз әсерлерімен бөлісуді ұсынады. Талқылау аяқталғаннан кейін, жүргізуші тағы да топты, мүмкіндігінше құрамын өзгертіп отырып, екі шағын топқа бөледі. Топтардың орналасуы жаттығудың бірінші кезеңіндегідей болады.



Нұсқаулық: «Әрбір шағын топ кім «түсінуші» ал кім ұйымдастырушы болатындығын шешсін. «Түсінушілер» менің белгі беруімен, жартылай шеңбердің ортасына шығадыда, оған арқасын қаратып отырады. Ұйымдастырушылар үнсіз екі қатысушыны анықтайды. Бұл жолы біріншісі екіншісінің мінез-құлқының ерекшеліктерінің топтағы көрінісіне қарама-қарсы сипаттамсын береді. Мысалы, егер сіз суреттейтін адам өз пікірін толық және даралай жеткізетін адам болса, онда сіз ол қысқа әрі жалпылай айтады деп жеткізесіз. «Түсінуші» әңгімені мұқият тыңдайды да мінез-құлқы суреттелген адамның есімін атайды. Егер «түсінуші» қателессе, өзінің шағын тобының кез-келген мүшесінен сұрақ қоя отырып қосымша ақпарат ала алады, ақпарат берушіде суреттелген мінез-құлық иесінің топтағы көрінісіне қарам қарсы сипат береді. Қосымша ақпарат алғаннан кейін, «түсінуші» екі рет әрекет жасайды. Егер олары сәтсіз болса, шағын топ оған дұрыс жауабын айтады және «түсінуші» мен «ұйымдастырушыны» ауыстырады».

Талқылау жаттығудың бірінші кезеңінде сияқты өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет