Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп. Нұсқаулық



бет165/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

23 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Қазір біз барлығымыз ауыр күш салатын жұмыспен шұғылданамыз- жүк кемесінен жүк түсіреміз. Оны біз келесі жолмен жүзеге асырамыз: мен жүк кемесіне тиеуге болатын қандай да бір затты белгілейтін қазақ алфавитінің бір әріпін және бір сөз атаймын және кез-келгеніңізге допты лақтырамын. Ал ол өз кезегінде, сол әріптен бсталатын қандай да бір затты атайды да, допты келесі адамға лақтырады. Жүк тиеу үздіксіз болу үшін және қатысушылардың барлығының араласа алуы үшін жылдамырақ қимылдауымыз қажет. Кей-кезде біз әріпті ауыстыратын боламыз. Сонымен қатар, біздің біршама шектеулеріміз болады: жүк кемесіне онда тасуға болатын астероидтар, айсбергтер және гуманисті болу үшін оған мысалы, аборигендерді, еліктерді тиемеуіміз қажет. талас тудыратын жағдайдың сарапшысы мен боламын».

Аталмыш жаттығу креативтіліктің екі сипаттамасын – ойлау үстіртігін (жадынан ақпаратты алу жылдамдығы арқылы) және бірмезгілдегі әрекет уақыт тапшылығы және айналадағылардың бағалауы жағдайында өз-өзін ұстауын дамытуға бағытталған. Жаттығу барысында мерзімді түрде қатысушылардың бірі «тиеуге» арналған кезекті затты тауып үлгере алмауына байланысты үзілістер орын алады. Топ мүшелері бұған әр түрлі себептер айтады: «менің ойыма ештеңе келмей тұр», «мен, айтайын деген сөзді айтып қойды», «мен былай жылдам ойлап үлгере алмаймын» деген сияқты. Үзіліс кезінде жаттықтырушы жүк кемесіне тиейтін заттары бар қатысушылардың қолдарын көтеруін немесе тиеуге арналған үш затты атауын өтінуіне болады. Жаттықтырушы міндетті түрде жаттығуға қатысады. Жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз «тиеудің» қандай тәсілдерін қолдандыңыз?», «Тапсырманы орындауда не қиындық тудырды, кедергі жасады?» - деген сұрақтарды қояды. Талқылау барысында, әдетте, топ кедергілер ойына, міндетті түрде өз-өзін ұстай білуді дамыту қажеттігіне назар аударып, бірқатар заттарды дайындап алуымен және оларды алмастыратын заттар қатарымен (конфет, карамель, кекс, өрік, казинактар) байланысты бейнелі ұйымдастырылған түрлерінің (әріпке қатысты сөздер келтірілген сөздік немесе энциклопедияның парақтарын ұсыну немесе әр алуан әріптерден басталатын заттарды кездестіруге болатын канцеляриялық дүкеннің сөрелерін елестету) нақты амалдарын ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет