Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар



бет162/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

3. Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар
Бұл тарауға енген жаттығулар креативтіліктің жеке тұлғаның қасиеттері: икемділік, ерекшелік, нақтылық, ойлаудың үстірттігі, қиялдау және т.б. сияқты жеке қырларын дамытуға арналған. Сонымен бірге, бұл таруға тренинг мүшелерінің бойында пайда болған креативтік процестерді басқару қабілеттілігін жинақтауға мүмкіндік беретін жаттығулар да енген.
21 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Қане, мынау (жаттықтырушы допты көрсетеді) – апельсин деп елестетейік. Қазір біз бұны бір-бірімізге, лақтырамыз, әрі лақтырар кезде сіз қандай апельсин лақтырғаныңызды айтасыз. Мұқият болайық: апельсиннің жеке қасиеттері мен сапасын атар кезде қайталауларға тап болып жүрмейік және жұмысқа барлығымыз қатысуға тырысайық».

Жаттықтырушы қиялдағы апелсиннің кез-келген сипаттамасын атап, мысалы «тәтті», жұмысты бастайды. Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы қатысушыларды өзінің пікірін позитивті көзқараста құрастырыра отырып, қарқынды жұмысқа араласуға тартады, мысалы, «Қанекей, жылдам жұмыс істеуге тырысайық».

Сондай-ақ жаттықтырушы топтың назарын басқа мазмұнды көзқарасқа көшкен кездегі сәттерге аударады. Мысалы, «сары», «қызғылт-сары» деген сипаттамалар айтылады, ал келесі бір қатысушы «Кубалық» деп айтады. Мұндай жағдайда жаттықтырушы: «жаңа сала пайда болды - өндіруші-ел» - деп айтуына болады.

Жаттығу ойлаудың үстіртігін, жадынан ақпаратты ала алу жылдамдығын, сондай-ақ жаңа мазмұнды салаға саналы түрде ауысу қабілеттілігін дамытуға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет