20 жаттығу.
Топ өз ішінде жартылай шеңбер құраған (отырған немесе тұрған) екі топшаға бөлінеді.
Нұсқаулық: «Қатысушылар (бұл екі топша мүшелеріне де қатысты) кезекпен өзінің жартылай шеңберінен шығады да, оған теріс қарап тұрады. Оның топшасының мүшелері оған кез- келген сұрақ қояды, сұрақтарға сұраушының есімін атай жауап беруі тиіс. Топшалардағы кезек алмасуды өздеріңіз белгілейсіздер».
Жаттығу, негізінен, екінші жұмыс күнінің бірінші жартысында орындалады және қатысушыларға бір-біріне қатысты қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жаттығуға топтың барлық мүшелері қатысатындықтан, жұмыс өте қызу, эмоциялы өтеді, талқылауға кең мағұлмат береді. Талқылау барысында қойылған сұрақтардың түріне, жауап берушілердің көп жағдайда сұрақ қойған адамды кейде бірден анықтауға, ал кейде бірнеше әрекеттен кейін анықтай алғандығы жөніндегі әсерлеріне көңіл бөлінеді. Бұл жағдайда, топқа «Сіздің ойыңызша, ол неге байланысты?» деген сұрақ қойып, талқылауға мүмкіндік беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |