1 тапсырма. Бір-бірімізге үнсіз төрт минут қарап тұрамыз.
2 тапсырма. Әрқайысыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені «Мен алдымда.............. көріп тұрмын» деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз, әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек, мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар және т.б. сияқты. Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз, ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз, одан кейін керісінше. Ролдеріңізді қашан ауыстыру керек екендігін мен сіздерге айтамын.
3 тапсырма. Әрқайысыңыз 5 минут уақыт аралығында, өз серігіңіздің 5 жасында қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз. Тек сыртқы келбетін ғана емес, сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады».
Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты ал қайсысы қате пікір екендігін айтуын ұсынады.
Әрі қарай кезекті 5 минуттық әңгімені жұптағы тыңдарман болған адам бастайды да, әңгіменің соңында 1 минут сипаттауының қай жері нақты, ал қай жері қате екендігін анықтауға беріледі.
4 тапсырма. «Әрқайсыңыз 5 минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек. Сіз «Менің серігім қандай адам?» деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз.
Барлық 4 тапсырманы орындағаннан кейін топ мүшелері шеңбер құрап отырып, әрқайысысы 1 минут ішінде өз серігін онымен бірге барлығы 5 күндік уақытты бірге өткізулері тиіс адамдай толықтай мінездеме беріп, топқа таныстырады.
Аталмыш жаттығу оны талқылауға сан алуан мүмкіндіктер береді. «Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?», «Төрт тапсырманың қайысысы орындау барысында қиындық тудырды?», «Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?» деген сияқты және т.б. сұрақтарды қою керек».
Бұл жаттығуды өткізудің нәтижесінде, жалпы топтың жағдайы жақсара түседі, топ мүшелерінің арасында жақындық орнай бастайды. Сондай- ақ тапсырманы орындау барысында жиналған тәжірибені, реттеп, төмендегідей талқылауларға мүмкіндік береді:
қарым- қатынас барысындағы көзбе-көз байланыстың маңыздылығы;
басқа адамды оның бойындағы жеке қасиеттерін баяндамай және баға бермей сипаттау кезінде туындайтын қиындықтар;
өз тәжірибеңді, ең алдымен өзімізге тән қасиеттерді басқа адамның бойына таңу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |