Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет174/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

37 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Біршама уақыт ойланыңыз да, әзірге сізде шешімі жоқ өз мәселеңіздің бірін таңдаңыз. Біз сіздің мәселеңіздің мазмұнын талқылауды ұсынбаймыз, сізге ол мәселе туралы топқа айту қажет емес, сондықтанда сіз қазір ой талқылағыңыз келген кез-келген мәселеңізді таңдаңыз».

Жаттықтырушы біршама үзілістен кейін, барлық қатысушылар жұмыс істеуге мәселелерін таңдағанына сенімді болғаннан соң, нұсқаулықты жалғастырады.

Жаттықтырушы: «Қазір мен әртүрлі бейнелерді ұсынамын. Ұсынылған бейнелерге бар назарыңызды аудара отырып, өз мәселеңіз туралы ойлауыңыз қажет, өз мәселеңіз бен ұсынылған бейне арасында мүмкіндігінше көбірек байланыс орнатуға ұмтылу қажет. Әр сәтте сіздің жұмыс істей алуыңыз үшін бес минут уақытыңыз болады. Қандай да бір кедергілерден, мәселеден ауытқудан алшақ болыңыз. Әр бейнемен жұмыс істеу барысында, жазып отыру, ең маңызды деген ойлар мен әсерлерді жазып отырған жөн болар».

Бұл жаттығудың негізінде мәселені шешуге қажетті ақпарат көп жағдайда периферияларда немесе сананың терең қабатында болатындығы ойы жатыр. Мәселе мен көру, есту, және басқа бейнелер мен түсініктер арасында байланыс орнатумен байланысты ілеспелі әрекеттер мәселені шешуді іздестіруде тәжірибенің перифериялық қатарын және мәселені қарастыру мен оған қатысты жағдайлардың шамалы қырларын тартуға мүмкіндік береді.

М. Пруст жаңаны ашудың құпиясы жаңа ландшафтарды анықтауда емес, жаңа көздерді иеленуде жатыр деп жазады.

Бұл жаттығу барысында жұмысты ұйымдастыруда мәселені шешу процесіне мидың екі жарты шарыда қатысады, бұл алынатын нәтиженің тиімділігін арттырады.

Аталмыш жаттығу барысында, бір әр алуан әсерлерді байқадық және тіркедік:


  • топ мүшелері мәселені шешудің бұған дейін белгісіз, жаңа түрлерін анықтағанын, және оларды шеше және жүзеге асыра алатындықтарын хабарлайды;

  • шешімнің бұрынғы анықталған түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін бағалауға қатысты ойлар туындайды;

  • қатысушылар мәселенің ойдан туғанын және оның маңыздылығы тым асыра айтылғанын анықтайды;

  • мәселеге немесе оның қырларына қатынас өзгереді;

  • мәселенің көптеген қырларын толықтыру жүзеге асады, бұрындары назарға ілінбеген жаңа қырлар мен мағыналар пайда болады;

  • қатысушылар не болғанын анықтау қиындығын, бірақ та олар мәселені көрудің бұрынғы қатынасы дұрыс емес екендігін сезетіндігін хабарлайды;

Жаттықтырушы осы жұмыс барысында топ мүшелерінің бойында көрінуі мүмкін күшті эмоциялық мазасыздануларға дайын болуы қажет. Мұндай жағдайларға ол - өзінің бірге уайымдауы мен жаңашырлығын вербальды емес көріністері арқылы байқатуы қажет. Егер топта эмоционалды тұрақсыз, лабильді қатысушылар бар болса, креативтілік тренингі аясында бұл жаттығуды өткізбеуге болады.

Бұл жаттығуда біз әртүрлі стимулды материалдарды пайдаланамыз. Топ мүшелеріне жануарлар, заттар бейнеленген картиналар көрсетеміз, есту бейнелерін (мысалы, аязды күндегі аяқтың астындағы қардың шықырлауы), көру (сары түс), сөздік (үнсіз бүкіл аспанған нұр шашып тұр) бейнелерді және т.б. ұсынамыз. Әдетте жұмыс барысында топ мүшелеріне 6-7 бейнелер ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет