Психологиялық тренинг



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі29,11 Kb.
#118567
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
МОӨЖ
МОӨЖ, МОӨЖ, МОӨЖ, МОӨЖ, МОӨЖ, МОӨЖ, МОӨЖ, МОӨЖ
Психологиялық тренингтің түрлілігі
Психологиялық тренинг әртүрлілігімен сипатталады және әртүрлі негіздерге жіктеледі. Бірінші жағдайда негіз сыртқы көрініске, мінез-құлық салдарына, тұлғалық өзгеріске әкеледі. Екінші жағдайда негізгі нәтиже ішкі өзгерісте бірақ алдымен тұлғалық өзгерістер (өзін-өзі бағалауы, іс-әрекеті, басты құндылықтары) содан кейін мінез-құлығы өзгеруі мүмкін.
Қарым-қатынас тренингі осы тренингтер аралығында орналасқан. Ол қатысушының әлеуметтік дамуына ықпал жасайды, біліктіліктің жалпы дамуына әсер етеді. Ішкі және сыртқы өзгерістер бірқатарда іске асады.
Тұлғааралық қарым-қатынасқа байланысты келесі жіктеулерді қарастыруға болады:
Мен-мен: тұлғалық даму тренингі, өзіне деген қарым-қатынасы. Топ қолдау көрсету мен бір-бірімен кері байланыс арқылы жұмыс атқарады.
Мен-олар: әлеуметтік біліктілікті арттыруға арналған қарым-қатынас барысында жүзеге асады.
Мен-әлеумет: біріктірілген топтық тренинг, белгілі бір ұжымдағы әлеуметтік психологиялық адаптация арқылы жүзеге асады.
Мен-мамандық: тренинг өзінің мамандығын анықтауға арналған. Мамандықтың маңызыдылығы өзінің басқа іс-әрекетке қатынасы, коммуникативті біліктілігін дамытуға арналған.
Психологиялық бағдарлану тренингініің кең таралған түрі гуманистік психологияда психоанализ ижеясын қолданған 1947 жылы К.Левин анықтаған Т- тобы. Бұл анықтаманы тренинг сезімталдығы немесе тренинг сенситивтілігі деп те атайды. Қатысушылар біліктілігін қарым-қатынас барысында жоғарлатады. Т-топ жұмысының мақсаты қатысушылардың өзін-өзі тануы, сезімталдығының жоғарлығы болып табылады. Әлеуметтік біліктіліктің дамуыда жүзеге асады.
Гуманистік психологияда қалыптасқан кездесу тобы тренингі К.Роджерс қалыптастырған. Бұл топ тұлғалық ішкі өзгерістердің өсуіне алып келеді. Бұл топты жүргізушілерге ең басты міндет сенімді атмосфера құра білуі, шынайы және де сезімталболуы, қазір және осында принципін қолдану қажет. Кездесу тобы тренингінде жоспар берілген материалдар бойынша құрастырылады. 1960-1970 жылдары Америкада топтық кездесу тренингтері танымал болды. Тренинг барысында арттерапиялық бағыттары бихеоверизмдік, гештальттық, психодрамалық бағыттары қолданылады. Психологиялық бағыттарды таңдау тренингтің мақсаттарымен жұмысы барысында анықталады. Егер де сауда тренингі өткізілетін болса, онда оның мақсаты тауарларды нәтижелі сатуға арналған. Бұл тренингте бихеоверистік бағыт жүзеге асады. Егер де басты мақсат өзіндік өсуге арналса онда басқа да бағыттарды қолдануға болады.
И.В.Вачков және С.Д.Дерябо тренингттік 4 парадигманы бөліп қарастырды.

  1. Тренинг жаттығу ретінде. Жүргізу үшін басқа адамдардың өз өздерін кез келген жағдайда қалай ұстау керектігін анықтайды. Жаттығу барысында осы іс-әрекеттерін қалыптастыру.

  2. Тренинг дайындық ретінде. Жүргізуші қатысушыларға ең басты біліктілікті үйретуді, нығайтуды мақсат етеді.

  3. Тренинг жетекші ретінде. Жұмыс барысында шарт қойылады, яғни ол арқылы қатысушылар тренингтік іс-әрекет жаттығуларын өздері орындайды.

  4. Тренинг субъектінің дамуы ретінде. Басты мақсаты субъкетінің қабілеттілігін дамыту, оларды рухани және физикалық күшке бөлу. Тренинг түрі қатысушының дүниетанымын өзгертуге, өмірлік бағдарын дамытуға арналған.

Қатысушылар өз қалауынсыз тренингке қатысатын болса, берілген уақыт аз болса тренинг нәтижесіз және тұлғалық өсуі жүрмейді. Тренинг әсері қатысушылар өз рөлдерін атқарған жағдайда пайда болуы мүмкін. Жалпы тренинг қатысушылардың өз біліктілігін анықтағанда орынды болып табылады. Тренинг мәселенің шешімін анықтауға ғана емес жалпы мәселені болдырмауға бағдарланады.
Топтық-психологиялық тренинг мысалдары
Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам.
Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет