Психологияның ғылыми зерттеу әдістері



бет2/3
Дата11.12.2022
өлшемі475,8 Kb.
#162317
1   2   3
Байланысты:
психология презентация

ІШІНАРА БАҚЫЛАУ
Фактілерді алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактілері өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура келеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакылау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан тыс қалатынын байқаған.
Эксперименттік әдіс
Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген эксперимент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.
Зертханалық эксперимент
Табиғи эксперимент
    • арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
    • еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.

Қосалқы зерттеу әдістері
Анкеттік әдіс
Тест әдісі
Әңгімелесу әдісі
Әлеуметтік өлшем әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет