Психологияның ғылыми зерттеу әдістері



бет3/3
Дата11.12.2022
өлшемі475,8 Kb.
#162317
1   2   3
Байланысты:
психология презентация

Тест әдісі

Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл ойының даму ережесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын-ала белгіленген жас белгілері негізінде жүргізіледі. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ме деген сауалдарға жауап алынады. Тестке толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ещқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тесттер дейді. Мұнда әр түрлі ақыл-ой әрекетін қолдануды талап ететін зерттелінушіге бұрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді.


Құжаттарды талдау әдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалықжәне сандықболып ажыралады. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдауатауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық әдіс – кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжастырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат.causa-себеп, грек. metro-өлшем) – оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім –кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және эксперименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық өңдеуден өткізу, т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  • Сәбет Бап-Баба. Психология негіздері: оқу-анықтамалық қолданба. –Алматы: “Нұр-пресс”, 2007.-106б.
  • Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы: Оқулық. –Алматы: “Дәуір”, 2012.-492б.
  • Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет