Медициналық психология-дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді.Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді: нейропсихология, психотерапия, психопрофилактика т.б.
Әлеуметтік психология- адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселлерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.
Сауда психологиясы- қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді
Ғылыми-шығармашылық психологиясы- соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі, айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы,сезімдік рөлі, т.б. сипаттары зерттеледі.
Салыстырмалы психология- психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.
Фронтальды сұрау:
Психология ғылымы дегеніміз не?
Психикалық құбылыстарға не жатады?
Сурдопсихология дегеніміз?
Психология ғылымы қай тілден аударғанда «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді?
Психологиялық әдістердің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.