Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары



бет1/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы


Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы
1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы
Жоспары:

  1. Оқу, оқу іс-әрекеті, оқыту, үйрену ұғымдары іс-әрекеттің жетекші түрі.

  2. Оқу іс-әрекетінің құрылымы.

  3. Қажеттілік, міндет, түрткілер, әрекет, операциялар.

  4. Психологиядағы оқыту теориясы.

  5. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Касен Г.А. Теория и методика преподавания психологических дисциплин в вузе. – Алматы: Қазақ университеті, 2014 – 490 с.

  2. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии: Учебное пособие. 3-е изд. испр. и доп. – М.: Изд-во УРАО, 2000.- 128 с.

  3. Источник: http://ffre.ru/rnaatybewjgebewjge.html




  1. Ұғымдық сөздер: Оқу іс-әрекеті, әдіс, әдістеме, әдіснама,



  1. Оқу, оқу іс-әрекеті, оқыту, үйрену ұғымдары іс-әрекеттің жетекші түрі.


И. Гербарт, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, С.Т. Шацкий, А.П.Нечаев, М.Я.Басов, П.П. Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.С. Макоренко, сонымен қатар ХХ ғасырдың ортасындағы отандық және шетелдік педагогикалық психологияның көрнекті өкілдері Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, А.К. Маркова, П,Я.Гальперин, Н.Ф. Талызина және т.б. (оның психологиялық негізі, іс-әрекет теориясының кең контекстінде Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн еңбектерінде қаланған, ал нақты мазмұнын А.Н.Леонтьев тұжырымдаған) оқыту теориясына жаңа мәселе қойды: іс-әрекет субъектінің өзінің әрекеттер үрдісінде өзгеруі, яғни, әрекеттің жалпыланған тәсілдері арқылы оқу міндеттерін орындау барысында танып отырған пәннің объективті қасиеттерін қайта өндіретін әрекеттер процесінде өзгеруі. Оқу іс-әрекеті теориясы тарапынан қойылған мәселелердің өзектілігі мен дер мезгілдігі тек оқыту шарттарына қатысты осы теория қалыптастырылған мектепке ғана таратылмайды, сонымен бірге жоғары оқу орнындағы оқытуға, студенттердің іс-әрекетіне де таратылады. Оқу іс-әрекеті теориясының жоғары оқу орнындағы оқытуға таралуының өзектілігі мен дер мезгілдігі былайша анықталады: жоғары мектептерде , мұндағы оқытуды да, студенттің оқу іс-әрекетін де қайта іс-әрекетін де қайта ұйымдастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір позитивті беталыс қалыптасқан. Оқу іс-әрекетінің анықтамасы «Оқу іс-әрекеті» түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және оқытудың синонимі ретінде жөнсіз қарастырылады. Тар мағынада,Д.Б.Эльконин бойынша –кіші мектеп жасындағы іс-әрекет түрі. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова жұмыстарында « оқу іс-әрекеті» түсінігі, субъектінің оқу пәніне деген, С.Л.Рубинштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның барысындағы ерекше «жауапкершілік қатынаспен» теңестіріле отырып, іс-әрекеттік мазмұн мағынаға толады. Д.Б.Эльконин бойынша, «оқыту іс-әрекеті-бұл өз мазмұны жағынан ғылыми түсініктер саласындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдерін игеру болатын іс-әрекет, мұндай іс-әрекет сәйкес түрткілермен қозғалуы керек. Осындай мотивтер ретінде әрекеттердің жалпыланған тәсілдері бола алады немесе, басқаша айтқанда өзіндік өсу, өзіндік шыңдалу мотивтері. Егер де оқушыларда осындай мотивтерді қалыптастыра алған жағдайда, онда жаңа мазмұнға тола отырып, іс-әрекеттің жалпы түрткілері, яғни мектеп оқушысының қоғамдық бағалы іс-әрекетті жүзеге асыру позициясы мен байланысты түрткілері қуатталады». Оқу іс-әрекетінің құрылымдық ұйымдасуын Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов теорияларының жалпы контекстінде сипаттай отырып И.И.Ильясов былай деп көрсетеді « оқу ситуациялары мен міндеттерінің сипатталатыны, мұнда оқушы әрекеттің жалпы тәсілін игеруге тапсырма мен оны игеру мақсатын алады, және де белгілі бір кластағы міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін табу үшін үлгілер мен нұсқау алады. Оқу әрекеттері –бұл оқушылардың ғылыми түсініктер мен әрекеттердің жалпы тәсілдерін алуы мен табуы, және де оларды өндіру мен нақты міндеттерді шешуде қолдану әрекеттері. Бақылау әрекеттері. Бақылау әрекеттері өзінің оқу әрекеттерінің нәтижелерін берілген үлгілермен жалпылауға бағытталған. Бағалау әрекеттері берілген ғылыми білімдермен міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін игерудің соңғы сапасын белгілейді».





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет