Оқу әрекеті негізгі компоненттері.
Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі; материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі бір ұйымдастырылған түрде өткізу мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.
А.Әбілқасымованың «Қазіргі заманғы сабақ» атты еңбегінде «Оқытуды ұйымдасырудың негіәзгі формасы » сыныптық – сабақтық жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді:
жастары және дайындық деңгейлері біркелкі оқушылар бір сыныпты құрайды және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап қалады.
Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және бағдарламамен жұмыс істейді.
Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.
Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып оқушылары сол материалмен жұмыс істейді.
Сабақта оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән бойынша оқу нәтижесін, әрбір оқушының мегеру деңгейін жекеше бағалайды және оқу жылының соңында оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылданды.
Жоғарыда қарастырылған ерекшеліктерге сүйене отырып, сыныптық- сабақтық жүйенің негізгі белгілерін мына №2 сызба арқылы көрсетуге болады.
Оқудың сыныптық – сабақтық жүйесі осы кезге дейін әлем педагогтарын ойландырып келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері дидактика жөніндегі көптеген оқу пәндерін оқыту әдістері жөніндегі көптеген іргелі еңбектерде сондай -ақ педагогикалық психологиялық өнімдегі еңбектерде жан -жақты талданған және сипатталған. Бұл еңбектердің авторлары оқытудың сыныптық сабақтық жүйесінің даралап оқытумен салыатырғанда бірқатар артықылықтарын және кемшіліктерін атап көрсетеді.
Сыныптық сабақтық жүйесінің артықшылықтары:
оқу- тәрбие процессін түгелдей тәртіпке келтіруді қамтамасыз ететін ұйымдастыру құрылымының айқындығы;
Басқарудың қарапайымдылығы;
Балалардың проблемаларды ұжымдық талқылауда міндеттерге ұжымдық шешіміздестіруде бір біріне өзара әсер ету мүмкіндігі;
Оқыту процесіндегі оқушыларды тәрбиелеу ісінде мұғалімнің оларға ұдайы эмиционалдық әсерінің болуы;
Оқытудың үнемділігі және оқушылардың жеткілікті дәрежедегі үлкен тобымен жұмыс істеуі
Сыныптық - сабақтық жүйенің кейбір кемшіліктері:
Қабілеті орташа оқушыға биімділік, және нашар оқушыға қиындықтар туғызса, жақсы оқушының қабілетінің дамуын тежейді.
Мұғалім оқытудың мазмұны, жылдамдығы, және әдістері бойынша жеке ұйымдастыру жұмыстарында оқушылардың даралық ерекшеліктерін ескеруге қиындық туғызуы;
Ересек балалар мен жасы кіші оқушылардың ұйымдсқан түрде араласуын қамтамасыз етпеуі және т.б;
Оқыту теориясын дамытуда К.Д. Ушинскийдің ролі ерекше. Ол сабақта барлық негізгі жақтарын, «сабақтың әрір құрамдас мағынаға толы қызметке сай болуын, өйткені онсыз оқушының көптеген жақсы қасиеттерін дамыту мүмкін еместігін» талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен жұмыс істеді.
(К.Д. Ушинский. Собр. соч., 6т, с.25)
Сабақта және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды Ушинскиймен қатар және одан кейін де белгілі орыс педагогтары Д.А. Семенов, Н.А. Корор, М.И. Демков, Н.Ф. Каптерев және т.б. зерттеді.
1960 жылдары дидакттар және әдіскерлер сабақты ұйымдастыруды жетілдіре отырып, топтарын үлгіден бірте – бірте бас тарта бастады. Олар тақырыбы, бағдарламалардың бөлімдері бойынша өзара байланысты сабақтар жүйесін дайындауды қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың жалпылама тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан теориясы мен практикасының жаңа міндеттерге сай еместігін көрсетті. Психологтар В.В. Давыдов, Л.В. Заньков., Н.А. Менчинская., Д.Б. Элкониннің зерттеулерінің арқасында балалардың психологиялық ерекшеліктері мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға құрылған, осы процесте теориялық білімі мен жалпылау ролін көтеретін оқытуға көшуге мүмкіндік беретіні түсінікті болды. Осы уақыттарда В.В. Давыдов, Л.В.Заньков, Н.А.Менчинский, И.А. Маркушевич К.И. Нешков, А.М. Пышколо П.М.Эрдиев және т.б. төменгі сынып оқушыларын математикадан тәжірибелі оқытуда нәтиже берген идеалары кеңінен тарай бастады.
Сабақ теориясы мен практикасының жағдайын дәлірек анықтау үшін қазіргі бастауыш мектептің өзіндік келбеті бәрінен бұрын оқушыларды оқыту толыққанды қызметін және оқуға сұранысы мен ынтасын топтастыруға бағытталуы тиіс бұрынғыша тек қана пәнді білімді, оқу, жазу және есептеу білімі мен дағдысын меңгерумен шектелмеуі тиіс. Осыған орай, оқытудың барлық мазмұны, әдістері, құралдары сабақты оқыту процесін ұйымдастыру осы мақсаттарға жетуге ғана бағытталуы тиіс.
Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру процесінде оқытудың мазмұнын, әдістерін және құралдарын дамытуға бағытты күшейтудің әсерінен сабақ әдістерінің проблемасы өткір тұрды. Осы уақыттарда педагогтардың, психологтардың жүргізген белгілі эксперименттік зерттеулерінің арқасында бұрын қалыптасқан сабақ әдістемесі, оның мазмұны және ұйымдастыруы оқушыларды оқытудың жаңа талаптары мен міндеттеріне сай еместігі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |