«Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын
сабақта тиімді қолдану
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:
· баланы оқи білуге үйрету
· баланы ойлауға үйрету
баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
• әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.
Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы артады;
- Нақты өз деңгейінде бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Өз іс-тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданылу жолдарына тоқталмақмын.
Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтады.
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Қысқы мезгілдегі табиғаттағы тіршілік
3.Жылқышының еңбегі
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
«Қыс мезгілі» сөзін оқушылар қағаз бетіне түсіреді.
4-ші «Әдебиет үйірмесі»
• Шағын әңгіме «Қыс мезгіліндегі тіршілік»
• «Қызықты қыс еліне» суретті аяқта
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі -бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше .Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір- бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.
Қорыта келгенде. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізд
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Ақмола облысы
Ерейментау ауданы
Ақмырза орта мектебі
БАЯНДАМА
«Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану.»
Дайындаған : Бастауыш сынып мұғалімі
Атыгаева Самал Амирхановна
2016-2017 о.ж
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА: «Бастауыш Біліктісі».
Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып,білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалдық сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз ойларын жеткізу, қорғау, көрнекілік
Көрнекілігі: слайдтар
Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің сөзі:
- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Бастауыш Біліктісі» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз).
Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Бастауыш біліктісі» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «Ғажайып төрттік»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға»
Сайысқа қатысатын оқушыларға сәттілік!
1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл.
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)
3. Сұйық зат? (Су)
4. “Қ” қандай дауыссыз дыбыс? (Қатаң дауыссыз)
5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
6. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
7. Тудың түсі? (Көгілдір)
8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
10. Сиырдың төлі? (Бұзау)
11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)
12. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)
14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
16. Екі өркешті жануар? (Түйе)
17. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)
19. Бүгін аптаның қай күні? (Жұма)
20. “О” дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
2 – бөлім: «Тіл өнер»
Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ, орыс тілдерінде айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Қолымды 4 алма,
Табақта 4 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес – пять
2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка
3. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко
4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев
5. Жылы киім тон
“Т” алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять
6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга
7. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа
8.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. Қар-снег
9.Аппақ қардай тоны, күдірейген жоны,
Көзі қызыл моншақ, білесің бе оны? Қоян-заяц
10. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея
11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко
12. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь
13. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама
14.Жазудан бір жалықпаған, жаза-жазаарықтаған. Мел-бор
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
3 – бөлім: «Ғажайып төрттік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (30, 40, 50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Қазақ тілі
30. Б, в, г, ғ, д, ж, з дауыссыз дыбыстарды қай түріне жатады?
Жауаптары: А) қатаң Б) ұяң В) үнді
40. Тасымалданбайтын сөзді тап:
Жауаптары: А) асық Б) шағала В) жылқы
50. «Асқар қаладан келді.»-қандай сөйлем?
Жауаптары: А) хабарлы, Б) сұраулы В) лепті
Әдебиеттік оқу.
30. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?
Жауаптары: А) А. Байтұрсынұлы Б) Ы. Алтынсарин В) А. Құнанбайұлы
40. Адамның өз-өзімен ішкі ойын айтуы әдеби тілде не деп аталады?
Жауаптары:А) Эссе Б) диалог В) монолог
50. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?
Жауаптары:А)Жұмбақ Б)Жаңылтпаш В)Мақал
Математика.
30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
40. 8 - х = 6 қандай өрнек?
Жауаптары: А) әріпті өрнек Б) санды өрнек В) теңдеу
50. 1сағатта неше минут бар?
А) 30 б)60 в)90
Дүниетану.
30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4
40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ
50. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
4 – бөлім: «Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.(16 сөз)
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас, Астана.
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
5 – бөлім: «Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
1 – оқушы
1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық)
2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар – ға)
3. 10 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (18)
4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)
5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59)
7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң)
10. Бұл қандай бұрыш? (Тік бұрыш)
2 – оқушы:
1. 45 саныңда неше ондық бар? (4)
2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)
3. 30 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (38)
4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)
5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)
7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)
8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
10. Бұл қандай бұрыш? (Сүйір бұрыш)
Мұғалім: «Бастауыш біліктісі» марапаттау.
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде»
Білім беру саласы : «Қатынас»
Бөлімі: тіл дамыту
Мақсаты:
Білімділік: ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын.
Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту. талдау. әдемілікке тәрбиелеу
Билингвальдық құрауыш: Ойыншықтар әлемінде, доп, қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар, матадан жасалған ойыншықтар.
Керекті материалдар: ойыншықтар:
Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
Армысың жарқыраған күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен.
- Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
- Доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Қане бәріміз допша секірейікші?
Кім доп туралы тақпақ біледі?
Доп.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің.
Тарелканы сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
- Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Машинамен ойнайды.
- Ал машинаның түсі қандай?
Кім машина туралы тақпақ біледі?
Машина.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын. Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар? (Балалардың жауабы).
- Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жұмсақ, қатты, резиналы. Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? (Балалардың жауабы).
Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Балалар қане есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады.
Тосын сәт:
Ән әуенмен күлдірген топқа кіріп балалармен амандасады. Балалар мен сендердің ойыншықтар туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім. Менің сендерге тапсырмаларым бар, егер де сендер сол тапсырмаларды орындасаңдар, мен сиқырлы таяғыммен сендердің тілектеріңді орындаймын. Ал ендеше тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар сендердің алдарында үш арал жатыр. Мына ойыншықтарды сол аралдарға орналастырамыз. Бүл аралдар жәй аралдар емес, сиқырлы аралдар. Осы аралдан басқа ортада көп ойыншықтар бар, олар өз аралдарын таба алмай жүр екен, сендер осы ойыншықтарды сапалары бойынша әр аралға орналастырасыңдар
1 - Матадан жасалған
2 - пластмассадан
3 - Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.
Өте жақсы балалар сендердің көмектеріңмен барлық ойыншықтар өз аралдарын тапты.
Күлдірген: Балалар қандай керемет сендер барлық ойыншықтарды өз аралдарына орналастырдыңдар.
Балалар сендер тапқыр, білімді екенсіңдер, мен сендермен ойын алып келдім,
Ойын: «Ғажайып қоржын» атты ойын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша көздеріңді жұмып қоржыннан кез - келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресіңдер. Мысалы, мен ойыншықты сындырмай таза ұстаймын. Ол менің сүйікті ойыншығым болады.
Жел уледі: у - у - у
Құйын келіп биледі зу - зу - зу
Қатты, қатты жел соқты гу - гу.
Жапырақтар қол соқты ду - ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах - ах.
Билеп кетті қалтырап пах - пах.
Ұйымдық - іздену Балалар мен сендерге сиқыр көрсетейін бе? Беті жабулы ойыншықтарды сиқырлы таяғымен түртіп, ойыншықтардың бетін ашып жібереді. Балалар бұл ойыншықтарға мен тіл бітірдім, олар енді сөйлейтін болды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ойыншықтардың атауларын.
Түсінуге тиіс: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Істей білуі керек: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды
Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан логикалық ойлау тәсілдерін дамыту
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау, кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Ұстаз қауымы оқушыларға мейілінше терең білім беруге тырысады. Алайда «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер» демекші, білім тез ескіреді, маңыздылығы жойылады, оқыту тиімділігі төмендейді. Оның үстіне мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет. Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған міндеттің бірі.
Бастауыш мектеп оқушыларды оқуға үйретіп, олардың танымдык мұқтаждығын сақтап және дамытып, ғылым негіздерін игеруі үшін кажетті танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім танымдық іс-әрекеттің, табиғаттың шығу тегін, неден тұратындығын, оны оқушыларда қалыптастыру кандай ретпен жүзеге асатындығын білуі керек.
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі -логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жөнінде оқу бағдарламаларына берілген түсініктеме хаттарда айтылып, мұғалімдерге арналған әдістемелік әдебиеттерде жазылған. Бірак нақты пәнді оқыту барысында қалыптасуы тиіс, логикалық ойлау тәсілдерінің нақты бағдарламасы жоқ. Содан барып оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жөніндегі жұмыс қажетті тәсілдер жүйесін, олардың мазмұнын және қалыптасу ретін білмей журіиілсді. Логикалық ойлаудың дамуы едәуіртақпақ (стихиялық) түрде өтеді. Сондықтан оқушылардың көпшілігі бастауыш ойлау тәсілдерін жоғары сыныптарда ғана емес, тіпті жоғары оқу орындарында да меңгермейді. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны сөзсп Оқушылардын ойлауындағы қателікті байқап, сол қатенің мән-мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыра білу ушін ұстазға логика саласынан кажетті теориялық білім ксрек. Сол себептсп оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені кұрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі - оқыту үрдісінде формальды аспектіге назар аудару. Білім беру жүйесі осы бағытта дамып келе жаткан елдер (Жапония, Оңтұстік Корея, Сингапур, т.б) өздерінің дамуында елеулі жетістіктерге жетіп, соңгы 10 жыл ішінде әлемдік прогрестің алғырлар қатарына косылды.
Педагог ғалымдар, атап айтқанда, Н.Н.Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, И.А.Гибш «Логикалық ойлау» ұғымына нақты аныктама берген. Олардың пікірлерін жүйелесек, «логикалық ойлау» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдала отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Логикалық ойлауды дамыту дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру,
жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрдс қальштастыру;
ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
трансформация әрекетін, яғни объектіні өзгерте білу қабілеттерін
жетілдіру.
Осы аныктамалар негізінде логикалық ойлауды дамыту жүйесітөмендегідей құрамдас бөліктерден түрады.
1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру.
- талдау
- жинақтау
салыстыру
жалпылау
саралау.
2. Ойлау белсенділігін өзбеттілігін дамыту:
әртүрлі болжам, пікір айта білу;
мәселені шешудің бірнеше әдістерін ұсыну;
3. Трансформация әрекетін жетілдіру:
заттарды бөліктері арқылы құрастыру;
объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
Ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген
бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық кұнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен І-ІІ сыныптағы оқушыларға тура келеді) олардың ойлау әрекеті көбіне мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарындабасым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәлбаламаларын бейнелеуге сүйенеді (мұндай талдауды кейде тәжірибелік немесе сезімдік деп атайды).
Ойлауды дамытудың екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты І-ІІ сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасты көрсету талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғаябереді.
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы үйретуге болады.
Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс- бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқырлық пен зеректік), логикалық ойлауды кажет ететін мысалдар құрастырту, есептер шығарту, шығармалар жаздырту баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы. Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және классификациялауға арналған мынадай жаттығулар жүргізуге болады. Балаға бірнеше заттың зейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап талдап, топтап, жүйелеп, логикалық ой қорытындысын шығара білуі керек. Мысалы: 4-5 түрлі бас иімнің ішінде 1 етіктің суретін көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ, п артық заттың атын айтады. Мына жерде етік артық, өйткені басқалары |ас киімдер немесе мынаның бәрі аңдар, ал сауыскан артық, себебі, ол кұс деген сияқты.
Балаға бірнеше геометриялық фигураларды көрсетіп, осыфигуралардан бір зат құрастыр (құс, жануар, балық, т.б.). Құрастырған фигураларды боя десең, әр бала өзінше ойланып, тек сол фигуралардан құралған бейнені бояйды. Мысалы, балапан кұралған денені боя десең, әр бала өзінің ойлау деңгейіне қарай бояп береді.
Мына шеңберлердің ішіне 1-ден 19-ға дейінгі сандарды орналастыр. Түзу сызықтың бойындағы 3 сан жиынтығы 30-ды құрайтын болсын. Ортада оған бір сан барлығына ортақ болады
Мына шеңберлердің ішіне 1-ден 19-ға дейінгі сандарды орналастыр. Түзу сызықтың бойындағы 3 сан жиынтығы 30-ды құрайтын болсын. Ортада оған бір сан барлығына ортақ болады
Сағыз сатып алу үшін Ерланға 1 теңге жетпеді. Ал Темірланға 2 теңге. онда Ерлан Темірланға екеуміз қосып бір сағыз алайык десе, бәрібір олардың бір теңгесі жетпей тұр. Бұлардың әрқайсысында неше теңгеден болды. Сағыз қанша тұрады? Жауабы: сағыз 2 теңге Ерланда 1т Темірланда От.
Мына сандардан сөз құрастыр.
6Н
300
6
7Л
(алтын, үш жүз, алты ай, жетіл). Осындай ой толғауларын әр сабақта тиімді қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Сабақтың сапалы ұйымдастырылуының өзі - табыс кілті. Сабақ сапасына, сабақ үстінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға көбірек көңіл бөлген абзал.
Оқушылардың ой-белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту,жетілдіру - мұғалімнің міндеті. Бастауыш сынып оқушылары әр нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған аударылады. Шаршамай, талмай, ыждараттылықпен жүйелі жүргізетін жұмыстарға оның мазмұны мен түрлеріне байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудаІатематика сабағының алатын орны ерекше, өйткені математика сабағының әрбір жұмысы ой-белсенділігін кажет етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілстін, ой-өрісін есксрс отырьш, сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстары жүргізіледі. шар әртүрлі ойын есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, схемалар, математикалық диктант, т.б. Кейде мұғалімдер оқушылардың ой-өрісін дамытамын, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырамын деп, қиын, әзірліксіз сұрақты бірінен соң бірін қойып, қабылдау, ойлау үрдісін күрделендіріп алады. Сондықтан сұрақтардың сыныпта орташа оқитын оқушылардың білім деңгейіне сәйкестендіріліп койылуы дұрыс (ойлауға жеңілдеу, қарапайым).
Қарапайым пайымдау арқылы оқушылар ои алғырлығын, ойлау қабілетін дамытып, тез шешімге келеді. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамытатын жұмыстардың тағы бір бірі - ойын. Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің зандылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір |ру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шыгады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектепоқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойын - оқушыларды сергітіп, ойлангыштық, іздемиаздық қаоілепн арттырады. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ій-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, іажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. аланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар зланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерінқалыптастырады және де сабаққа қызығушылыгын арттырады.
Аса ірі психолопардың айтуы боиынша, иала оиын үстінде кандай шса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның өмір танымының алғашқы кадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы,;шсихологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу ксрск. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындыкты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Логикалық ойын - ребус, сөзжұмбақ, үндемес ойыны т.б.жатады. Мысалы: 1. Сөзжұмбақ «Бөлу»
I 3*5-?
II Бір таңбалы сан
Бес ондық
Достарыңызбен бөлісу: |