0
Н
Б
Е
с
т
Ө
Р
т
Е
Л
У
к
ө
Б
Е
Й
т
У
Бөлуге кері амал
2. 100 добыңның 14-ін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуіөз қолыңда қалады?
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, нешебұрыш
қалады? (Бесбұрыш).
Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкағатөңкердің.
Қайсы стаканда су көп? (бірдей).
Сонымен қатар, санамақ ойынның орны ерекше. Атау ұйқасы арқылы
бала сан үйренеді, екінші санға ұйқас заттарды танып біледі.
Үлттық ойындар оқушылардың өз салт – дәстүріне, әдет - ғұрпына
сүйіспеншілігі артады.
Бастауыш сынып оқушылары сабақта ойын элементтерін көп керек етеді, және бұл жастағы балалар өздерінің істеген жұмыстарының қорытындысын тез білгісі келіп тұрады. Міне, дәл осы кезеңді тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақты болмасын талапқа сай дайындалған көрнелікпен, жұмбақ, ребус т.б. араластыра отырып, ойын элементерін кеңінен пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың сабақкақызығушылығын арттырады. Орынды ұйымдастырылған ойын үстінде балалар сергіп, тапсырманы тез нақты орындайды. Егер біз оқушылардың сабакқа деген кызығушылығын арттыра алсак, олардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына ықпал жасағандығымыз.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі қоғам иесі. Оның қазіргі өмірі - ертеңгі өмірінің күнтізбесі. Жас бүлдіршіннің өз заманындағы дүниенің жақсы бір кірпіші боп қалануы ұстазының (ата-анасы) қолында.
Баланы бала деп қарау, оның сауалына нақты жауап бермеу, оның ойлау шеңберін бөліспеу - қате пікір. Керісінше оқушыныңөзімімін құрбы досымыз ретінде, бір сәтке өзімізбен қатар койып, ақыл-кеңес берсек, баланың ақыл-есінің толуына, ой-қиялының ұшқыр болуына, сөздік қорының молаюына көп септігін тигізеді.
Енді осы баланың өмірге деген көзқарасы қандай, қоршаған ортамен қарым-қатынасы қандай екені бірінші мұғалімге белгілі және оны әрі карай калғастырушы тағы да мұғалімге жүктелетін жұмыс. Оқушыны талдырмайтындай сұрақ-сауалдар беріп, бір сарынды сабақ жүйесін болдырмайтындай етіп, үй тапсырмасы бір ғана жолдың жетегінде болмай, бала көңілінде қиын да кызғылықты сауаллар туғызып оның сана-сезімінің оянуына, ой-өрісінің ұшқыр болуына көмегін тигізетіндей жұмыстар түрінжүргізіп отырса, бүгін болмаса да ертеңгі күні сол жасалынғанжұмыстарының нәтижесі арқылы өз абыройының жемісін де сезе алады.
Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың, логикалық есептердің орны бөлек. Мысалы:
1 жанүядағы ағайынды 2 жігіттің әрқайсысның 1 апасы, 1
қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4).
Сенің қарындасың немесе әпкең сенін мамаңа кызынан баласынан
басқа кім болады?
Сенің әке-шешең сенің көршіңе кім болады?
Сенің мамаңның мамасының кызы саған кім болатьінынбілесін бе?
Сатып алған қарбызыңның 1 тілігін кесіп алып, дәмін көрдік,
қарбызда не жоқ?
Күні мен түн немен аяқталады?
1 қарындашты тең етіп 2-ге бөлгенде, неше қарындашшығады?
8. Автобус оң жаққа бұрылғанда, ішіндегі жолаушы қайдабұрылады?
Міне, осындай есептеулерді шешу арқылы оқушылардың пәнге деген қызыгушылығы артады.Дүниетанымы кеңейеді, білімі, сауаттылығыкүшейеді.
Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту оқу материалын мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп практикасында математикалық есептермен жұмыс істеуүрдісіндс негізінен оны шешу көзделеді, шешуді іздесгіруоқушылардың тиісті есеп шығару іскерліктерін қалыптастырумәселесіне жеткіліксіз көңіл бөліиеді. Есептің шығару жолдпрып жаи-жақты талдау оны басқа есептерді шығаруга қолданужактары да аз карастырылады. Сондықтан белгілі бір есепті қарастыру мақсаты аяғына дейін жеткізілмейді. Яғни оқушы белгілі бір есепті шығару нәтижесінде алынған жаңа фактілер пайдалануда шығарылғаи есеп оқушылардың білімдері меніскерліктерінің арасындагы байланысты жеткілікті мөлшерде анықтай алмайды. Мұндай жағдайда есеп шығару үрдісіндс оқушылардың ойлay әрекегін арттыру жөнінде айту қиынырақболады.
Бұл мақсатты мазмұнды есептер шығару кезінде жүзеге асырумүмкіндігі бар.
1-4 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамытуда мазмұндыесептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.
Мектеп практикасында мазмұнды ссептерді практикалық, графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын-арифметикалықжәне алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады.
Мазмұнды есептерді шығарулын арифметикалық жоие алгебралық тәсілдері өзара байланысты, өйткені мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару арифметикалық тәсілге негізделген. Бұл мазмұнды есеппен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін қалынтастыру есепті шығарудың арифметикалық тәсіліне алгебралық тәсіліне көшу арқылы жүргізіледі дегенсөз..
Мазмұнды есептерді шығара білу оқушылардың іс-әрекет дағдылар жүйесін меңгеруден тұрады және бірнеше кезеңненқалыптасады.
І. Мазмұнды есеппен таныстыру , жай мазмұнды есептердіарифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.
Құрама мазмұнды есептермен таныстыру және құрамамазмұнды
есептерді арифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.
Жай мазмұнды есетерді алгебралық тәсілмен шығаруіскерліктерін
қалыптасгыру.
4. Құрама мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару
іскерліктерін қалыптастыру.
Әрбір келесі кезең басталғанда алдыңғы кезең аяқталмайды, өйткені есептердің жаңа түрі пайда болады. Есептегі құраушылардың арасындағы байланыстар ұлғая түседі, ол байланыстардыи сипаты күрделене түседі, мазмұнды есепті шешудің сандық аясы кеңиді. Есеппен жұмыс істеу үшінқалыптастырылған тәсілдер өздерінің мазмұнын жаңартады,жаңа жағдайда қолданылады, жаңа тәсілдер тудыра отырып, бірімен-бірі сабақтасады.
Математикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды. Ол үшін мынадай кезеңдерімен таныстырған жөн:
1. Есептің мәтінін оқып талдау. Бү:л кезеңнің мақсаты-есепте
баяндалған жағдайлармен танысу және оны терең ұғыну оныңнысанды жақтары мен объектілер арасындағы байланыстардыанықтау.
Есептің мәтінін математикалық тілге көшіру. Бұл кезеңдеесептің
объектілері үшін шартты белгілер алынып олардыңарасындағы
байланыстарға математикалық, графиктік интерпретацияберу-
шешу моделін құру.
Модельмен жұмыс істеу.
Егер есеп жай болса, құрылған модельмен есептеп шығаруға болады, онда үшінші кезеңнің қажетгілігі болмайды. Құрама есептерді шығарғанда оны ары қарай талдау керек болады. Талдау барысында құрылған модель талданады және жетпейтіннемесе артық элементтер аныкталады, модель жетілдіредінемесе қайта ісұрылады да осылардын нәтижесінде есептішығару жоспары жасалады.
1-4 сынып оқушылары мазмұнды есепті талдау іскерлігін жеткілікті меңгеруі үшін мынадай жалпы тәсілдерді ұсынуға болады:
Есептегі нақты мысалдарды (заттарды) омың моделімен ауыстыру.
Есептің объектілерішң арасындағы байлаиыстарды таңбалар арқылы
бейнелеу.
Дайын графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы
байланыстарды түсіндіру.
Графиктіқ модель бойынша есепті кұру.
Бастауыш сынып оқуміыларынын мазмұнпы есепті тягпяй Піпу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыныптарда бұл іскерліктерді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шешкенде пайдалануға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал етеді.
Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту-комплекстіжұмыс. Ол оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарымда іске асырылады. Әсіресе, огам пән сабақтарында мүмкіндік мол.Солардың ішіыде математика пәнінің алатын орны ерекше. Сондықтан да математика сабағында да есеп шығарупроцесінде әр түрлі амал-тәсілдер бір-бірімен салыстырылып,фактілердің байланысы мен ұқсастығын ажырята білуге басаназар аударылады. Мәселе есептерді шығаруда әр алуанә,амалдарды қолдана білу— оқушы ой-өрісінің тереңдігінебайланысты. Мұнда оқыту ісі оқушының ақыл-ойын дамыту процесімен қатар жүргізіледі.
Оқушылардың ақыл-ойының дамуын айқын көрсететінфакторлардың бірі ойлау жүйесінің анализдік (талдағыштық) және синтездік біріктіргіштік сипаты. Бұл қағида акадсмик И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы іліміндегылыми тұрғыдан дәлелденген. Талдау дегеніміз — білуге тиістізаттар меи құбылыстардың елеулі мәні мен басты қасиеттерінайырып корсету Біріктіру дегеніміз нәрсе мен құбылыстардыңжіктеліп кврсетілген елеулі белгілері мен тұрақты қасиеттерін өзара ұштастырып, ой арқылы біріктіру. 'Галдау мен біріктіру немесе анализ бен синтез өзара байланысты ой-әрекеті болыптабылады. Ойлаудың бұл тәсілі есептерді шешу логикалық негізіне алынады. Адам ойының анализдік және синтездік әрекеті салыстыру, дерексіздендіру (абстракциялау), нақгылау, жікгеп-саралау, жүйелеу жәие жалпылау сияқгы тәсілдермен тығыз байланысты. Оқыту процесіне салыстыру тәсілінің алатың ортны ерекше. Мысалы, оқушылар математмка сабғында нәрселердің суреттерін көріп, олардың сан мөлшерін салыстырады. Көптік, аздық, тепе-теңдік ұғымдарын меңгереді.Салыстыру арқылы езіне түсініксіз нәрсені, кұбылысты танып,білсді. Сондықтан бала акыл-ойын дамытуда осы салыстыру тәеілін қолданудың маңызы зор.
Ойлауды эмпирикалық (тәжірибелік) ж:әне теориялық деп екіге бөлу қабылданған. Ойлаудың эмпирикалық гүрі заттардыңсыртқы ұксастыгы мен айырмашылығына сүйенеді. Мұнда жекеден жалпыға көшу негізі бар. Мысалы, сабақты бслғілі біререже түсіндірілгеннем соң, осы ережені пайдаланып ессп шығару тапсырылады. Есептердің мазмұны өзгергенімен мәнібірдей болып қала береді. Осындай есепетің оншақтысыншығарғанда ғана балаларда «Осы есептерде ұқсастық бар-ау» деген ой тууы мүмкін. Бұдан баланың эмпирикалық түрде, сырқы және мазмұн ұқсастықтары бойынша жұмыс жасайтындықтарын байқаймыз. Теориялық ойлау барлық варианттар мен айырмашылықтар қандай байланыскасаятынына, оның ішкі байланысы мен шығу тегін анықтауга негізделеді. Теориялық ойлау жекеден жалпыға ауыспайды. Құбылыстың жалпы принциптерін бөліп алған соң, осы біріңғайпринциптен оның мүмкін варианттарына ауысады. Яғни ойжалпыдан дарага қалай ауысады. Бірак бұл жердегі жалпылықөзара ұқсастық емес. Оқушы есепті қалай шығарғанын түсімсе, ол - есепті теориялық әдіспен шығара алатыны. Егер есепті қалай шығарғанын түсінбесе, онда ол - есепті эмпирикалық әдіспен шығарғаны.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА САБАҚТА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Бастауыш сыныптарда сабақта ойын технологиясын пайдалану
Ойын – әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерде-лі, өз бетімен іс – әрекет ете алатын, қоғам-нан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті. Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс – әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізде-нуге, таңдауға, т. б. үйренеді.Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ ті-лі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқу-шының қызығушылығын арттыру. Сондай – ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңар-тылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тә-сілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қой-майды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын мұғалім-нің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауың-қырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақы-рыпқа орай әртүрлі әдіс – тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2.Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы -ыдыс , Ыдырыс, ыстық , і – ілгіш, ірімшік, тіршілік , е – береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ,қырық
«Дыбыс таңдау ойыны» Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1.р,о,б.-бор 2.а,ш,а,ғ.-шаға
Лексика бойынша «жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1.Ұяда…. 2.Көп…
Ұшқанда Терең…
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан – жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байла-нысты мақал – мәтелдерді кім біледі?«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал – мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша.«Ойлан тап»ойыны. 1.Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? (Асқазан)
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? (Ақбөкен)
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? (Жетісу, Талдықорған)
«Ойна да ойлан !»ойыны.1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз. 2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. (қоян).”Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. (кірпі) «Жалғасын тап ойыны» атаңның баласы болма, (адамның баласы бол). «Сөз қуаласпақ ойыны » Ойынның шарты: 1 – қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 – қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрай-ды.Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар Ал, ықылас қойыңдар. Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық, Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық. – Балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдір-шіндердің оқуға деген ынта – ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары:«Әй,шымыжық, шымыжық»
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қой-майды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс – шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Қорыта айтқанда, кез – келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой – өрісін ойын арқылы дамытады.
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Төлебаева Светлана
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерінижан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.
Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.
Қазақстан Республикасы Заңының 4 – тарауы бойынша 16 – баб қарастырылған .
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың,
жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан
өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ... ... ... ... дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық
мәселелері.
2. Тарау. .
2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны .
Әрбір ұлттың жас ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге, өз елін, жерін сүюге тәрбиеленуге тиіс. Егер бала кішкентай күнінен өз халқының ұлттық психология- сында тәрбиеленсе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бойына сіңірмесе, өз халқының тарихын, өнерін, мәдениетін біліп өспесе, толыққанды өз халқының өкілі бола алмайды.
Баланы тәрбиелей отырып оқыту, халықтық педагогикаға көңіл қою қазіргі өмір талабы. Қазақ халқы қашанда имандылықты, бауырмалдықты, сезімталдықты қастерлеген.Отбасындағы туған-туысқа мейірімділік, қамқорлық халқымыздың ежелгі салты.
Осындай әдет-ғұрып, салт-санамызды балаға сіңіруде ана тілінің, оқу сабақтарының орны ерекше.
Мектеп жасындағы балаларға ана тілін оқытудағы негізгі мәселе-сөздік қорларын арттыру, сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту пәнін оқытудағы басты мақсат-оқушылардың сөздердің мағынасын дұрыс түсінігі, шапшаң оқуын жетілдіру.Оқушы өз ана тілінде өте таза, көркем сөйлеуге, автордың көзқарасын түсінуге жетелеу, тәрбиелеу.
Мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту мақсатынды жасалатын жұмыс түрлері көп-ақ. Оқушыларға эссе жаздыру, өлең құрастыру, белгілі бір тақырып аясында шығарма жазу. Оқушыларға өз ойынан ертегі құрастыру, әңгіме жаздырудың да маңызы ерекше.
Қазіргі заман талабына сай сабақ түрлері өзгертіліп саяхат сабақ, аукцион сабақ, панорамалық сабақ болып түрленіп өтіліп жүр. Бұл сабақтардың бала тілін дамытуда маңызы ерекше.
Қазақ халқы ауыз-әдебиеті үлгілеріне өте бай . Онда ананың нәрестеге, әженің немереге аманат етіп қалдырған мол мұрасы бар. Сол ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отырып, бала тілі ұштала түсері хақ.
Баланың жеке басының дамуына оның сөйлеу тілінің дамуы ерекше роль атқарады. Тіл байыған сайын баланың ой-өрісі шарықтап, қиялы, ақыл-ойы дамиды.
Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар, мақал-мәтелдерді әр сабақ сайын жүйелі пайдалана білсек, бала тілін дамытудағы орны ерекше.
Тіл-сонымен қатар ауызекі сөйлеуде байи түседі. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде төмендегі әдістерді жүйелі қолданудың пайдасы бар екендігін айтуға болады.
Сұрақ-жауап әдісі: Бұл әдіс әсіресе мәтінмен жұмыс жасау кезінде өтілген тақырыптарды бекіту мақсатында қолданылады.
Ситуация арқылы сөйлеу әдісі:
Сөз, сөз тіркестерін, сөйлем құрау естіген оқиға туралы ойын жеткізу.
Өз ойын айту әдісі:
Оқушыларды ойлану арқылы ойын ауызша жеткізуге дағдыландыру.
Әңгімелесу әдісі:
Оқушылардың білімдерін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топтағы оқушылармен де әңгімелесу арқылы қорытынды жасау.
Ойын әдісі:
Оқушының тілін дамытып, еркін сөйлеу қабілетін жетілдіреді.Оқушылардың сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақта ойын элементтерін кірістіріп отырудың маңызы зор.
Мысалы: Ойынның шарты бойынша әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы тиіс.Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеуі керек.Сөйлемге сөз қосып толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.
Мен отырмын.
Мен сыныпта отырмын.
Мен жарық сыныпта отырмын.
Мен жарық, кең сыныпта отырмын.
Мен жарық, кең , жылы сыныпта отырмын.
Оқушылардың тілін дамытуда осындай әдістерді пайдалана отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, байланыстырып сөйлеуіне қол жеткіземіз.
И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге түсетін бейім-
оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауы-
мыз керек.
2.Әр жеке адамның шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен серіктес екенін есте сақтау қажет. Әсіресе, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу-қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.
«Өз біліміңмен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты бөлек емес пе»?-деп айтылған пікірге зер салып қарасақ. Қазіргі таңдағы баланың көзқарасы, уақыты қандай, олар неге дайын болу керек?
Оқушыны неге дайындаймыз?
О * Қоғамның белсенді азаматы болуға;
қ * Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;
у * Өз ойын, көзқарасын құра білуге;
ш * Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге;
ы * Ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға;
|
Қорыта келгенде ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз.Демек, біз қадам басқан ХХІ ғасыр жақсы , білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты талап етуі оңды құбылыс.Білім саласындағы бет-бұрыстың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі өміршеңдету, жаңашылдандыру. Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу –біздің міндетіміз
|
Достарыңызбен бөлісу: |