ПӘніне арналған оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/9
Дата22.11.2019
өлшемі10,64 Mb.
#52286
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
cad2b9d4-55fd-11e5-884b-f6d299da70eeкарантин 3 кітап
sro(20180583-27469), 77439, cad2b9d4-55fd-11e5-884b-f6d299da70eeкарантин 3 кітап, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-14.4.01.01.20.10/03-2012



ПОӘК

«Карантиндік зиянкестер, аурулар және арамшөптер» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.



№ 2 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В080100 «Агрономия»

мамандығына арналған

«Карантиндік зиянкестер, аурулар және арамшөптер »

ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


СЕМЕЙ –2012

1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;

1.2 жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;

1.3 импорттық карантиндік рұқсат - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретін құжат;

1.4 карантинге жатқызылған өнім - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер);

1.5 карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;

1.6 карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;

1.7 карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;

1.8 карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;

1.9 карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;

1.10 өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

1.11 өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі;



1.12 өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік кәсіпорын;

1.13 өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті орган жүзеге асыратын, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы талалаптарының орындалуын тексеру жөнінд
1-дәріс

Карантиннің даму тарихы. Сыртқы және iшкi карантин.

Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

2-дәріс

ҚР-дағы карантин қызметiнiң құрылымы. Өсiмдiктердiң карантины бойынша мемлекеттiк қызметтiң есептерi.


  1. Өсімдік карантині

  2. Карантиндік шаралар

  3. ҚР-да әкелінетін жүк көліктерін бақылауға алу жүйесі

Өсімдік карантині. ҚР-н карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестері, аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді. Сонымен қатар ҚР-сы территориясын карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында шекара бекеттерінде, кедендерде және облыс аудан орталықтарында мемлекеттік бақылау органдары жұмыс істейді және осы зиянды организмдерді анықталған жағдайларда жою үшін Фитосанитария мекемесі құрылып республикамыздың әр аймақтарында республикалық карантиндік сараптама зертқаналары жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ҚР-да оннан астам карантиндік организмдер таралып үлгерген.



Карантиндік шаралар. ҚР-на таралып кетуіне жол бермеу мақсатында және таралған зиянды организмдерді жою мақсатында карантиндік шаралар жүйесі іске асырылды.

  • Жыл сайын төмендеуге объектілер тексерістен өтуі тиіс:

  • Территориялар, қоймалар, элеваторлар өңдеу өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары

  • Тұқым шаруашылықтары питомниктер ғылыми зерттеу мекемелері, тұқым учаскілері себу және отырғызу материалдары

  • Барлық ауыл шаруашылқ дақылдары егістер және шеттен әкелінген ген тұқымдары

Карантиндік объектілерді анықтау мақсатында еліміздің солтүстік аумақтарында екі рет оңтүстік аймақтарында 4 рет тексерілуден өткізілуі тиіс, ал жылы қоймаларды тексеру әр квартал сайын өткізілуі тиіс. Елімізге сырттан әкелінген барлық өсімдіктектес материалдарды ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымдарын қапшықтарды тексеріп, сараптама жүргізу мақсатында шекара аймақтарында карантиндік тексеру орындары жұмыс істеуде.

ҚР-да әкелінетін жүк көліктерін бақылауға алу жүйесі. ҚР-на өтетін барлық жүк көліктері түгелдей тексерістен өтуі тиіс. Барлық әкелінетін жүктерге халықаралық стандартқа сай фитосанитарлық сертификат болуы тиіс. Фитосанитарлық сертификат әрбір мемлекеттің карантиндік тексеру мемлекеттері тасымалданатын жүкті тексеріп барып және импорттық карантиндік рұқсат қағаздары арқылы беріледі және бұл құжат халықаралық конвенсияға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады. Фитосанитарлық сертификатына жүктің карантиндік жағдайы тексеріліп болғаннан кейін толтырылады. ҚР-на шет елдерден жүктер карантиндік рұқсат қағаздарымен фитосанитарлық сертификаттары болған жағдайда өткізіледі. Ол жүк көліктерінің жолдама қағазадарымен қоса болуы тиіс.



3-дәріс

Карантинді объектілердің кіру және таралу жолдары. Өсiмдiк карантинін зерттеу әдiстерi.

1. Қазақстан Республикасында еніп, таралған зиянкестер

2.Карантиндік объектілердің өздігінен кіруі.



3. Карантиндік объектілерден тасымал құралдары және жүктер арқылы таралуы.


№ п/п

Карантиндік организмдер

Зақымдалған жер көлемі,га

2005 г.

2010 г.

Зиянкестер

1

Америка ақ көбелегі

1169

755

2

Шығыс жеміс жемірі

1896

3 495

3

Қауын шыбыны

-

2 250

4

Калифорниялық қалқанша

3557

5 641

5

Жұпсыз жібек көбелегі

-

8 770

6

Комстока сымыры

357

433

 7

Алтын түсті картоп нематодасы

-

30

Арам шөптер

8

Көп жылдық ойраншөп

3470

818

9

Жусан жапырақты ойраншөп

3959

6 580

10

Жатаған у керіре

2280442

2627 057

11

Тікенекті алқа

100

35

12

Арам сояулар

158244

161 091

ҚР-на аумағына карантиндік және аса қауіпті өсімдіктердің зиянкестері аурулары және арамшөптер тұқымдары шекара аумағында немесе шекара аймағындағы аудандарға зиянкестер өз аяғымен өтіп кету жағдайлары болып тұрады. Сол себепті шекара маңында қызмет істейтін өсімдіктер карантині жөнінде жауапты адамдар үнемі ереже бойынша 3 км-лік аумақты тексеруден және зиянды организмдер анықталған жағдайда жергілікті басқару мекемелеріне хабарлама беріп, карантиндік шаралар қолданылуы тиіс.

Карантиндік аурулар зиянкестер және арамшөп тұқымдары шет елдерден теңіз кемелері автомобильдер және жүк көліктері арқылы жабысып өтіп кету жағдайлары кездеседі. Сол себепті осы жүктерді транспорт құралдарын шекарадан өтер кезде шекара жәнек кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, тексеру жұмыстарын жүргізіледі. Әрбір жүктерден тұқымдардан тексеру әдістемесіне сәйкес орта үлгі алып, карантиндік зертханаға сараптама жасау үшін жіберіледі. Жүктердің құжаттарына фитосанитарлық сертификаттарына жүкті жеткізілу жерінде екінші рет карантиндік тексеруге белгі соғылып, рұқсат етіледі. Егерде карантиндік объектілер шекарада анықталған жағдайда жүк көліктері өткізілмейді. Арнайы актілер жасалынып кері қайтарылады. Сонымен қатар кейбір жүктер карантиндік рұқсат қағазына сәйкес фумигациядан өткізілуі тиіс. Осылай жүкті газ арқылы заласыздандырып өткізіледі. Шет елдерде бізге өтіп кеткен калифорния қалқаншасы колорадо қоңызы, америкалық ақ көбелек осы әдістеме өтіп кетіп, біздің топырақ климат жағдайларымызға тез бейімделіп егіс дақылдарына орасан зор экономикалық шығын әкелуде



4-дәріс

Аса қауіпті картоптың колорадо қоңызы, күресу шаралары

  1. Картоптың колорад қоңызына жалпы сипаттама

  2. Күресу шаралары


Картоптың колорад қоңызы Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы – 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.

Дернәсілдің ұзындығы – 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт сары түсті болады.Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады.

Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақтың уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillis thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңіңде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптеп келеді. ЭЗШ саны – 5-8% қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау – гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп.Картоп егістерін "Тізімге..." келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді

5-дәріс

Төрт ноқатты бұршақ қоңызы


  1. Төрт ноқатты бұршақ қоңызының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

  2. Даму кезеңдері, күресу шаралары

Төрт ноқатты бұршақ қоңызы – Bruchus pisorum L. Қатты қанаттылар отрядының дәнек қоңыздар тұқымдасына жатады.

Денесін тотық түсті түктер басқан қара қоңыз. Ұзындығы 4-5 мм. Мұртшалары 11 бунақты, алдыңғы бунақтары қызғылт. Алдыңғы арқасы өте жалпақ, көлденең ұзындығынан 2 есе артады. Үстінгі қанаттарында ақшыл дақтармен қиғаштау орналасқан ақ жолақтар бар. Құрсағының ең соңғы бунағы(пигидий) қанаттармен бүркелмеген, онда крест тәрізді ақ таңба болады.Личинкаларында аяқ болмайды, жуан денелі, ұзындығы 6 мм жетеді.

Бұршақ қоңызы негізінен Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы облыстарында зиян келтіреді. Қазақстаннан басқа далалық және орманды дала аймақтарда, яғни Украинада, әсіресе оның оңтүстік-батыс бөлігінде, Солтүстік кавказда, Батыс Грузияда, Армения мен Азербайжанда, Орта Азия республикаларында және Қиыр Шығыста таралған.

Зиянкес жылына бір генерация беріп көбейеді.Көбінесе ол ересек қоңыз күйінде қамбадағы және өнімді жинаған кезде егіс далаларында шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап қыстап шығады.

Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жпырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Қоңыздардың жұмыртқа салу кезеңі өте шұбалыңқы. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады. Орташа өсімталдығы әр ұрғашы қоңызға 130-750 жұмыртқадан келеді. Эмбриондық дамуы 6-10 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан личинка жарма үстін кеміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Бір дәнге бірнеше личинка кіруі мүмкін, бірақ олардың ішінен біреуі ғана дамып, қалғандары өледі. Қоректену процесінде личинка дәннің ішін үңгіп едәуір кең қуыс жасайды.

Личинкамен қуыршақтың дамуы толығымен бір дәннің ішінде өтеді де 1,5-2 айға созылады. Қуыршақтанар кезде личинка дәннің керегісін іш жағынан кеміріп, беті жұқа қабықшамен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Қуыршақтан шыққан жас қоңыз осы «терезе» арқылы сыртқа шығады. Қуыршақтың дамуы 20-23 күнге созылады.

Бұршақ қоңызының личинкалары зақымдаған бұршақ дәндерінің салмағы кеміп, сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75 % дейін төмендейді. Ондай дәндердің ішкі қуысы личинканың экскрементімен толы болады.

Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген учаскіде оларды аз дегенде 2-3 жылдан соң ғана қайталап егу керек. Бұршақ дәнді дақылдар егісінкөпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер егісінен қашықтау учаскіге орналастыру қажет. Өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту тиімді.

Жерге себілген тұқымды және жаңадан шыққан егіс көгін топырақты мекендейтін көп қоректі зиянкестерден және ауру қоздырғыштардан қорғау үшін себер алдында тұқымды ТМТД-мен 80%с.ұ. немесе фентиурамен 65с.ұ. молибдатпен қоса өңдейді.

Көктемде бұршақтың көгіне зиян келтіретін бізтұмсық қоңыздарға және басқа зиянкестерге қарсы күресте мына препараттардың біреуін қолданады: фосфамид 40% к.э(0,5-1 л\га), вофатокс 30 % с.ұ. (0,35-0,7 кг\га).

Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті инсектицидтермен 2 рет өңдейді. Ең алдымен бұршақ гүлденер алдында егістің көлденеңі 50- 100 метрлік шет жиектерін, одан кейін 10 күн өткен соң егісті тұтас бүркіп өңдейді. Ол үшін карбофос 50%(0,5-1,2 кг\га), немесе вофатокс 30% с.ұ. (0,35-0,7 кг\га) пайдаланылады.

6-7-дәрістер

Калифорниялық қалқанша, күресу шаралары
1.Калифрниялық қалқанша сымырының мекен ететін аудандары

2.Калифорниялық қалқанша сымырының жалпы сипаттамасы

3. Даму кезеңдері

Калифорниялық қалқанша сымыр – Quadraspidiotus perniciosus Comst. Қауіпті зиянкес, ішкі карантин объектісі болып есептеледі. Бұрынғы КСРО-да бірінші рет 1931 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауынан табылған. Қазіргі уақытта Молдавияда, Украинада, Грузияда, Краснодар және ставрополь өлкелерінде, Орта Азияда, Хабаровск және Приморье өлкелері мен Сахалиннің оңтүстігінде таралған. Ал қазақстанда Шымкент обылысының оңтүстік аудандарында кездеседі.

Зиянкестің ұрғашысының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті , денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты мен көзі редукцияланған, бір жерде қозғалмай тіршілік етеді, шаншып-сорғыш ауыз аппараты жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылт қоңыр, диаметрі 2 мм жетеді. Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі қызғылт-сары, кеудесінде көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз аппараты редукцияланған, бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9мм, қалқаншасының ұзындығы 1 мм жетеді. Личинкасының денесі сопақша, түсі сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы ба, көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы болады.

Калифорниялық қалқаншалы сымыр 1 жастағы личинка күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда II-жастағы личинкаларыжәне ересектеріде қыстап шығады. Көктемде жеміс ағаштарында «шырын жүру » кезеңі басталысымен личинкалар қысқы ұйқыдан оянады да10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек насекомдарға айналады.Ұрықтанған ұрғашы сымырлар50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 60-80 личинка табылады. Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес қоректенетін жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Ол әсіресе питовниктермен жас бақтарға қатты зиян келтіреді. Мекендеген жерлердің географиялық ендігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 генерация беріп өсіп өнеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет