Психологияны оқыту әдістемесі


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет3/7
Дата05.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#17764
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7
Пәннің мақсаты мен міндеттері

  1. Кіріспе

Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.
Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындагы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ - қоршаған ортадағы және генетикалық факторлардың күрделі қатынасы туралы – психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда. Сондықтан психология мамандығын таңдаған студентке осы сұрақтағы психиканың қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айырықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компетентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.
Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.
Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет