Психологияның пәні, мақсаты және зерттеу әдістері Психология пәні



Дата07.10.2019
өлшемі27,75 Kb.
#49327
Байланысты:
Психологияның пәні

Психологияның пәні, мақсаты және зерттеу әдістері

1.Психология пәні

2.Психологияның теориялық және қолданбалы мәселелері

3.Психологияның ғылым ретінде негізгі даму кезеңдері

4.Психологияның өзге ғылымдармен байланысы

5.Негізгі салалары

6.Зерттеу әдістері

Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.



Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.

2. Психологияның теориялық және қолданбалы салалары төрт бағыттың:бихевиоризм,психоанализ,когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты. Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік – психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт – интеракционизм әлеуметтік негізде еді.



Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Доллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс).Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандура зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағъптың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның «әлеуметтік» түрі аз көрініс береді.

Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік – психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.

Бүл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретіңде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік – психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның “Авторитарлы жеке түлға” еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы).

Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналып келеді.

Когнитивизм гештальтпсихология мен К.Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.

Бұл багыттағы көптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С Аш) негізі – жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды көрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарама-қайшылықтарға байланыссыз) – бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде.



Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.

Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймея, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда “өзара әсерлесу” ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.

Осы төрт бағытгың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.

3. Психология- ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанымен,адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы аз тиіп келеді.Өйткені сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселерді ғылыми-


зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.Психология - психикалық құбылыстардың пайда болуы, дамуы және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Педагогикалық психологияның дамуына елеулі үлес қосқан П.Я.Гальпериннің еңбектерін атауға болады. Оның еңбектерінің ішіңде
елімізге кеңінен таралған, белгілі ойлау іс-әрекетін кезендер бойынша
қалыптастыру теориясы, ол практикалық тұрғыдан ойлаған, көптеген
ептілік пен дағдьшарды меңгерудің тиімді жолы болып табылады.
Нейропсихология саласында А.Р.Лурия жоғары психикалық қызметті ң
анатомиялық- физиологиялық негіздерін зерттеді. А.Р.Лурияның ес пен
ойлаудың нейрофизиологиялық негіздерін зерттеуге арналған е ңбектеріні ң
мөні ерекше болды. Оның еңбектері қазіргі кезде диагностикалық ж өне
терапевтік мақсатта кеңінен қодданылып отырған қазіргі медициналық
психология үшін ғылыми-психологиялық негіз болды.
Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог- ғалым Жарықбаев Құбығүл Бозайұлы Қазақстанда психология ғьшымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезеңі- кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы — бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХ ғ.)
Екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990)
Үшінші кезең - егемен, тәуелсіз Қазақстан жа ғдайында қалыптас қан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі.

4. Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:
Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
● Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
● Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғары
Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады. 
● Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
● Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
● Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін тұрмысының зерттейді.
● Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.
Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.

5.Қазіргі кезде психология ғылымы көп салалы ғылыми пəндермен 40-тан астам салаларға бөлінеді. Бұл жіктелуде негізгі ескертетін жағдайлар:

1. пəннің зерттеу объектісі

2. адамның іс-əрекет түрлерін негізге алады

3. адамның əлеуметтік ортаға қатысы.

Жалпы психология – адамның барлық психикалық құбылыстарының заңдылықтарын зерттейді.Əлеуметтік психология, жас ерекшелігі психологиясы, педагогикалық психология, еңбек психологиясы, арнаулы психология, медициналық психология, əскери психология, спорт психологиясы, заң психологиясы, салыстырмалы жəне т.б. психологиялық салалар.

6. Психологиялық зерттеу ерекшеліктеріне байланысты зерттеу əдістері 4 топқа бөлінеді.

1. Ұйымдастыру əдістері. а) өзара салыстыру əдісі – мысалы: əртүрлі топты, жасы, қызметі, іс-əрекеті, білімі, т.б. бойынша салыстыра зерттеу.ə) лонгитюд əдісі – бір адамды немесе адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу.б) комплекстік əдіс – зерттеуге əртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектіні жан-жақты, əртүрлі құралдармен зерттеу. Мысалы: физиологиялық, психологиялық, əлеуметтік жағынан зерттеу.

2. Эмпирикалық əдістер. а) бақылау жəне өзін-өзі бақылау. ə) эксперименттік əдіс-лабораториялық, табиғи жəне қалыптастырушы. б) психодиагностикалық əдіс – тест, анкета, социометрия, сұрақ-жауап, интервью, əңгімелесу, іс-əрекет нəтижесін талдау, өмірбаянмен танысу.

3. Деректерді өңдеу əдістері. а) сандық – статистикалық. ə) сапалық – алынған материалды топтау, жүйелеу, жіктеу, салыстыру, психологиялық анықтама, мінездемелер жазу.



4. Реттеу – түзету əдістері.( Интерпретациялық əдіс) Аутотренинг, топ тренингі, психотерапеялық əдістер, коррекциялық, оқу-үйрету əдісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет