Клиенттің бос уақытының жоспары
9. Кеңес беруді аяқтау алдында, мен:
• А. Б. клиентке 10-15 минут бұрын кездесу аяқталатынын айттым.
• Келісім шартты клиенттің есіне түсірдім.
• Жағдаятты тұжырымдадым.
• Келесі кездесуге дейін клиентті өмірлік жоспарымен таныстырдым.
• Клиентпен сенімді қатынас құруға қалауымды айттым.
Келесі кездесулер:
Мұндай мәселесі бар жасөспірімге бір реттік кеңес беру жеткіліксіз. Ол үшін үш рет кездесу керек. Қалған жасөспірімдерге жоғарыда көрсетілген жоспар бойынша кеңес бердім.
Әрбір кеңес бергенде мынаған көңіл бөлдім:
• сезімдерді шығару;
• белсенді психологиялық қолдау жасау.
Сонымен қатар, бағдарламада көрсетілген психотерапия, арттерапия, вербализация, релаксация әдістерін тиімді пайдаландым. Клиентке өзін−өзі қабылдау кректігін айттым.
Мұндай әдістер арқылы жасөспірімдер өмірдің жағымды жақтарын көруге үйренді және жағымды көзқарас қалыптастырдым.
Психотерапиялық кеңес беру кезінде музыка терапиялық әдісті де пайдаландым. Музыка клиенттің көңіл−күйіне әсер етеді.
Релаксациялық жаттығумен бірге музыканы пайдаланған кезде жаттығудың килентке әсері жоғарылайды. Мен П.И.Чайковскийдің, С.В. Рахманинованың, И.С.Бахтың, Ф.Шопеннің, Л.Бетховеннің шығармаларын пайдаландым.
Музыка мен релаксациялық жаттығулар арқылы клиенттің жағымсыз эмоциялық күйін жойып, жағымды эмоциясын арттырамыз.
Психотерапиялық кеңес беру барысында кеңес алуға келген клиенттің көңіл−күйін ескеріп, кеңес беру бағытын таңдаймыз. Егер клиент кеңес алуға ашулы күйді келсе, онда релаксациялық жаттығу мен классикалық әуенді пайдаланамыз. Ал егер клиент депрессивті күйде болса, онда арттерапия, вербализация және аутотренингті пайдаланамыз.
Психотерапиялық сеанстың басында классикалық әуенді қосамыз. Бұл клиенттің жанына жағымды ықпал етеді.
Клиент үрейленіп, мұнайып тұрғанда, ең алдымен мұңлы, баяу әуен, содан кейін қуаныш, шаттық беретін әуен қойдым. Музыкатерапия арқылы клиенттің психикалық саулығын жақсарттым.
Жекелей психотерапиялық кеңес беру кестесі
Жоғарыда кестеде аталған бағыттарды ұстана отырып, бағдарлама бойынша психотерапиялық кеңесті жүзеге асырдық. Әрине, мектеп психологының көмегімен психотерапиялық кенес беру жүзеге асты.
Топтық кеңес беру кезінде жасөспірімдермен «Құтқару» тақырыбында психотерапиялық жаттығу өткізілді. Жаттығудан кейін «Ағаштар суретін саламыз» атты арттерапия әдісін жүргіздім. Сурет салу арқылы балалар өз ішкі әлемдерін сыртқа шығара алды. Олардың қолданған қарындаштарының түсі, суретті орналастыру және өзерінің сурет салудағы эмоционалды күйлері де бақыланып отырды.
Бұл психотерапиялық жаттығудың мақсаты: өзіндік бағаны дамыту, топты жұмылдыру, ашылып сөйлеуге, эмоционалды күйді зерттеуге шақыру, жеке мәселелерді жеңу. «Құтқару» жаттығудың мазмұнында клиенттер көздерін жұмып, өздерін ағаш бейнесінде елестетіп, орманда басқа ағаштар арасында орнын табу керек. Содан кейін ағаштарының қозғалысын көрсетіп, бір−бірлерінің қолдарынан ұстайды. Бұл сәтте клиенттер өздерінің өмірде жалғыз еместігін сезінеді, көңілдері босайды, өздерін күшті сезінеді.
Психотерапиялық жаттығудан кейін жасөспірімдер өздерінің бейнесін ағаш түрінде салды. Бұл арттерапияның мақсаты: клиенттердің ішкі эмоцияларын шығару.
Клиенттің жүрегіне жол табудың тиімді әдісі: эмпатиялық тыңдау. Жұмысты қорытындылау үшін модель құрдық.
Психотерапиялық кеңес беру моделінің пирамидасы
Қорытындылай келе, психотерапиялық кеңес беру үрдісі кеңес берушінің клиентпен сенімді қатынас құруына байланысты. Бүгінгі таңда, жасөспірімдердің психологиялық мәселесін шешу үшін психотерапиялық кеңес беру маңызды.
Қорытынды
Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарын практикалық психолог қызметінде қарастыра отырып, психологиялық көмек құралы ретінде қолданатындығын анықтадық. Диагностика мен кеңес беру психологтың практикалық іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде психологиялық көмек көрсету үрдісінің тұтастығын көрсетеді. Психотерапиялық кеңес беру жұмысы оқушылардың, олардың ата-аналарының, мұғалімдердің өмір барысында туындаған психологиялық мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталады. Кеңес беру жұмысы баланың жеке басына тұтастай әсер етуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі әлеуметтік жағдай ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым–қатынасты тиімді жасауы педагогикалық, психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту – тәрбиелеу жолдары, мінез – құлық, жүріс – тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс – тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық екендігіне зерттеу барысында көз жеткіздік.
Психотерапия (немесе терапия) психикалық, жекебасішілік мәселелер және қақтығыстармен күрделі мәселелерге дәстүрлі негізделген. Ол адекваттылықты қалпына келтірумен айналысады. Психотерапия үшін келесі ерекшеліктер тән: а) өткен шақ туралы ойлау; ә) өзгеруге емес түсінуге екпін жасалады; б) психотерапевттің шектелуі; в) терапевт эксперт рөлінде болады. Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарындағы психологиялық бағыттар өте көп. Олар: когнитивті психотерапия бағыты, транзактылы талдау, жеке басқа негізделген кеңес беру бағыты, экзистенциалды кеңес беру бағыттары және т.б.
Әрбір жаңа клиентпен жұмыс кезінде ол мәселені женуді ме, әлде өзін түсінуді қажет ететінін анықтау керек. Ересек клиенттер, егер олардың білімі болса, өмірде жетістіктерге жетсе, тек өздерін тану қажет. Себебі олар өздігінен мәселені шеше алады. Ал жасөспірімдерге тек мәселесін түсіну ғана емес, оны жеңуге көмектесу керек.
Психотерапиялық кеңес беру кезінде әр клиенттің жекелей ерекшеліктеріне қарай терапиялық әдістер қолдандық. Психодиагностика әдісі арқылы клиенттің эмоционалды өрісін түсінуге тырыстық. Зерттеу жұмысымның көкейкестілігі - психологтың негізгі жұмыс бағыттарының бірі –психотерапиялық кеңес беру жұмыстарына теориялық ғылыми талдау жасап, қызметте, іс-әрекеті арқылы шыңдалуын зерттеу болып табылады.
Жасөспірімдердің ерекшелігі ең біріншіден оның психологиясына үлкен әсер тигізеді. Оларды қоршаған ортамен қарым– қатынас қалыптастырады және де болашақ іс - әрекетіне үлкен әсерін тигізеді. Осы кезеңде олардың мінезінде өзгерістер байқалады, бұл олардың психо– физиологиялық дамуы болып келеді.Олардың мінез – құлық мотиві аймақтық қалыптасуымен және қызығушылығымен әрекеттесіп сипатталады.
Зерттеу барысында Р.Мэй., А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский т.б. ғалымдармен психологтар еңбектеріне сүйендік. Психотерапиялық кеңес беру түрлеріне психологиялық талдаулар жасалып, қолданылу ерекшеліктері ашып көрсетілді. Диагностикалық-зерттеулер барысында баланың эмоционалдық күйін зерттеуге арналған әдістемелер жүйесі беріліп, кеңес беру жұмыстарына байланысты жұмыс түрлері ұсынылды. Зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығы эксперименттік жұмыстар арқылы дәлелденді.
Жұмыста И.В.Дубровина психологиялық кеңес беруді келесі түрде ұсынады: тікелей психологиялық кеңес беру, жанама кеңес беру түрлері. Оқушылармен тікелей қатынастар психолог пайда болған мәселелерді шешеді, ол тікелей кеңес беруге негізделеді. Ал оқушылар мәселелері бойынша мұғалім немесе ата-аналға кеңес беретін болса жанама кеңес беру процесі іске асады.
Мектептегі кеңес беру жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Психолог мұғалімдер мен оқушылардың өзара қатынастарының жағымды және жағымсыз жақтары пайда болады, дамитын қоғам ішінде болады. Ол баланың немесе мұғалімді жекелей алмайды, тек күрделі тұлғааралық қатынастар жүйесінде ғана көрінеді. Сәйкесінше, кеңес беру де жалпы жағдаятты талдау барысында басқа жұмыс түрлері мен бірлестіре іске асады. Кеңес берудің психологиялық мағынасы - адамда пайда болған мәселені өзіндік шешуге көмек көрсету. Тек, солай ғана ол болашақта осындай мәселелерді шешу тәрбиесін жинақтайтыны дәлелденді.
Психотерапиялық кеңес берудің ерекшелігі тиімді шарттары мен көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Сонымен, психотерапиялық кеңес беру жұмысы оның жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері клиеттердің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001
Андреас К., Андреас С. Измените свое мышление и воспользуйтесь результатами.-С.-Пб., 1994.
Андреас К., Андреас С. Сердце разума.-Новосибирск, 1993.
Ахмедов Т.И., Жидко М.Е. Психотерапия в особых состояниях сознания. - М., 2001.
Брен Э. Трансакционный анализ и психокоррекция СПб., 1992
Буль П.И Основы психотерапии Л., 1974
Брунер Дж Психология подросткового возраста №6 С65 2004
Божович Л.И. Личность ее формирования в подрастковом возрасте-М., 1986
Бурлачук Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. «Основы психотерапии», Киев, 1999
Вольперт И.Е. Психотерапия Л., 1972
Виш И.М Практическая психотерапия Воронеж.., 1969
Вельвовский И.З Руководство по психотерапии Ташкент., 1979
Возрастная и педагогическая психология /под ред М.В.Гамезо-М 1984
Гавэйн Ш. Созидающая визуализация. -М., 1997.
Гиллиген С. Терапевтические трансы. -М., 1997.
Гостев А.А. Дорога из зазеркалья: психология развития образной сферы человека. -М., 1998.
Гроф С. Путешествие в поисках себя. – М., 1994.
Грэхем Д. Как стать родителем самому себе. Счастливый невротик.-М., 1993.
Гордон Д. «Терапевтические метафоры», Канск, 1994
Гулдинг М., Гулдинг Р. Психотерапия нового решения. - М., 1997.
Головина С.Ю. Психология. М., 2000
Даймонд С. Головные боли. -М., 1997.
Джаффе Д.Т. Доктор внутри вас. -Минск, 1998.
Джонсон Р. Сновидения и фантазии.-М., 1996.
Джордж М. Искусство релаксации. – Лондон – Москва, 1998.
Днепровская С.В. Групповая психотерапия при неврозах и психозах Л., 1975
Ермошин А. Вещи в теле. – М., 1999.
Жариков Э.М. Влияние психологических веществ – М., 1981
Зеер Е.Р., Г.А.Карпова. Педагогическая диагностика психолога-М.,1982
Захаров А.И. Групповая психотерапия при неврозах школьного возраста Л., 1979
Захаров А.И. Неврозы у детей и подростков Л.,1988
Истратова О.Н., Эксакусто Т.В Справочник психолога средней школы. Ростов-на-Дону., 2006 С. 294-434
Исурина Г.Л. Групповые методы психотерапи и психокоррекции //методы психологической диагностики и коррекции в клинике Л., 1983
Иванилов В.А Возрастные особености психики ребенка –М., 1990
Каптен Ю.Л. Исцеление через медитацию. -С.-Пб., 1994.
Карвасарский Б.Д. «Психотерапия», М., 1985
Кочюнас.Р. «Психологическое консультирование и групповая психотерапия», 2005, Москва.
Колесникова. Г.И. «Психологическое консультирование», 2006, Феникс.
Кочюнас.Р. «Основы психологического консультирования», 2000, Москва.
Криппнер С., Диллард Д. Сновидения и творческий подход к решению проблем. -М., 1997.
Лебедев В.Б., Биньковская Н.В. Миры воображения. Руководство по интерактивной имагогике. – М., 2002.
Лазарус А. Мысленным взором. Образы как средство психотерапии. –
С-Пб., 2000.
Лейнер Х. Кататимное переживание образов. -М., 1996.
Линде Н.Д. Медитативная психотерапия.-М., 1994.
Линде Н.Д. Как избавиться от головной или сердечной боли за 5 минут. - М., 1999.
Линде Н.Д. Лекции по основам современной психотерапии. - М., 2001.
Линде Н.Д., Эмоционально-образная терапия (теория и практика) М.2004
Макдональд В. Руководство по субмодальностям. -Воронеж, 1994.
Менегетти А. Словарь образов. -Ленинград, 1991.
Мэй Р. «Искусство психологического консультирования», М., 1994
Немов.Р.С. «Основы психологического консультирования» 1999 «Владос» Москва
Обухов Я.Л. Кататимно-имагинативная психотерапия детей и подростков. -М., 1997.
Пауэлл Т., Пауэлл Дж. Психотренинг по методу Хосе Сильвы. -С.-Пб., 1996.
Перлз Ф. Гештальт-подход и Свидетель терапии. -М., 1996.
Психологический словарь. М., 1996
Привальская С.Р., Персиц Д.Б. Как жить в радости. -М., 1996.
Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология: Словарь, М., 1990
Райх В. Анализ личности.- М., С.- Пб., 1999.
Роджерс К. «О групповой психотерапии», М., 1993
Рейнуотер Д. Это в ваших силах. -М., 1993.
Рейнхард Л. Трансформация. Программа просветления Вернера Эрхарда. -М., 1994.
Рудестам К. Групповая психотерапия. -М., 1990.
Соломин И.Л. «Психологическое консультирование и тестирование», М., 1999
Самюэль Глэддинг «Психологическое консультирование» 4-изд., Питер, 2002
Современная теория сновидений. – М., 1999.
Стюарт В. Работа с образами и символами в психологическом консультировании. -М., 1998.
Таланова Л.В., Малкина-Пых И.Г.«Справочник практического психолога», М., 2003
Тейлор Д. Работа со сновидениями. – М., 2000.
Тутушкина М.К. «Психологическая помощь и консультирование в практической психологии», М., 1999.
Фрейд З. Психология бессознательного.-М., 1989.
Франкл В. Человек в поисках смысла. – М., 1980.
Хей Л. Исцели себя сам. -Кишинев, 1996.
Хей Л. Через медитацию к лучшей жизни. -М., 1998.
Шерман Р., Фредман Д. Структурированные техники семейной и супружеской терапии. -М., 1997.
Энрайт Д. Гештальт ведущий к просветлению. – С.-Пб., 1994.
Ягнюк К.В. «Принципы проведения первичной консультации», М., 2000
Ялом И. Экзистенциальная психотерапия. - М., 2000.
Қосымша А
«Жеке бастың психикалық күйін бағалау» атты Г. Айзенктің сауалнамасы
Г. Айзенк сауалнамасында, зерттелуші бас тартатын немесе қолдайтын, психикалық күйлер жазылған. Сауалнама үрей, күйзеліс, агрессия және ригидтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір зерттелушіге 40 сөйлемнен тұратын сауалнама ұсынылады.
Нұсқау: «Әрбір пікірге қарама−қарсы үш сан берілген: 2, 1, 0. Егер пікір Сізге тән болса, әрбір 2 санды белгілейсіз, егер біраз келсе, 1 санды белгілейсіз, ал егер мүлдем сәйкес келмесе, 0 санды белгілейсіз».
Сұрақтар
Мен өзімнің күшіме сенбеймін.
Менің жағдайымда шешім табу қиын сияқты.
Мен өзімнен кейін жиі соңғы сөз қалдырамын.
Маған өз әдеттерімді өзгерту қиын.
Мен қарапайым нәрселерден ұялып, қызарып кетемін.
Сәтсіздіктер мені қатты өкіндіреді және менің көңіл−күйім түсіп қаламын.
Мен әңгіме кезінде адамның сөзін жиі бөлемін.
Мен бір істен екіншіге көшкенде қиналамын.
Мен түнде жиі ұйқымнан оянамын.
Үлкен сәтсіздіктер кезінде мен өзімді ғана кіналаймын.
Мені ашуландыру оңай.
Мен өмірімдегі өзгерістерге өте абаймын.
Мен қайғыға оңай берілемін.
Бақытсыз жағдай мен сәтсіздіктер мені еш нәрсеге үйретпейді.
Мен басқаларға ескертулер жиі айтамын.
Дау кезінде мені жеңу қиын.
Мені қиялымдағы жағымсыз сезімдер алаңдатады.
Ешбір пайдасыз болғандықтан, мен күрестен жиі бас тартамын.
Мен айналадағылардың алдында алдында беделге ие болғым келеді.
Менде әр түрлі жаман ойлар болады. Солардан құтылғым келеді.
Мен өмірде күтіп тұрған қиындықтардан қорқамын.
Мен өзімді жиі қамқорсыз сезінемін.
Мен кез келген істе аз нәрсеге қанағаттанбаймын.
Мен адамдармен оңай тіл табысамын.
Мен өзімнің кемшіліктерімді жиі қазбалаймын.
Мен кейде барлығынан үмітімді үземін.
Мен ашуланған кезде өзімді ұстай алмаймын.
Менің өмірімде бір нәрсе кеңет өзгергенде қатты уайымдаймын.
Мені көндіру оңай.
Менде қиындықтар туғанда сасқалақтаймын.
Бағынғаннан гөрі басқарғанды ұнатамын.
Жиі мен қырсығамын.
Мені денсаулығым алаңдатады.
Қиын кездерде мен өзімді бала сияқты ұстаймын.
Менің қимыл −қозғалысым жылдам, дөрекі.
Мен тәуекелге бел буғым келмейді.
Мен күткенді ұнатпаймын.
Мен өзімнің кемшіліктерімді ешқашан жоя алмайтын сияқтымын.
Мен кекшілмін.
Менің жоспарым сәл бұзылса, менің берекем кетеді.
Кілт
Үрейлену шкаласы 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33, 37
Күйзеліс шкаласы 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34, 38
Агрессия шкаласы 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35, 39
Ригиділік шкаласы 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40
Нәтижелерді өңдеген кезде, кілтке сәйкес «1» және «2» жауаптары бар сандар есептеледі. Әрбір кілтке сәйкес «2» жауапқа 2 ұпай қойылады, ал «1» жауапқа ұпай есептеледі. Содан кейін әрбір шкала бойынша жауаптар қосылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай− 10.
Қосымша Б
Дж.Тейлордың «Қобалжу шкаласы» әдістемесі
Нұсқау: Сауалнамадағы бірінші сөйлемді оқыңыз. Егерде сіз берілген сөйлеммен келісеңіз, онда жауап парағындағы «Иә» бағанасына «х» белгісін белгілейсіз, егерде келіспеген жағдайда – «у» белгісі «Жоқ» деген бағанға белгілейсіз. Осылай сауалнамадағы барлық 60 сөйлемді оқып, ойланбастан жылдам жауап беруге тырысыңыз, себебі алғаш ойыңыз (басыңызға) келген жауап ереже бойынша ең дұрысырағы сол болады. Жазғандарыңызды түзетуге болмайды.
Сауалнама сұрақтарына жауап беріңіз (осы ұсынылып отырған бланкте
,,Иә,, деп жауап қайтаратын сұрақ нөмірлерінің астын сызып қойыңыз).
Мен шаршамай көп жұмыс істей аламын
Өзіме ыңғайлы ма, ыңғайсыз ба, санасып жатпай-ақ, берген уәдемді орындап жүремін.
Әдетте, қол-аяғым жып-жылы.
Менің басым сирек ауырады.
Өз күшіме сенемін.
Күту жүйкемді жұқартады.
Осы менің ештеңеге де ыңғайым жоқ-деп өзім туралы ойлаймын кей кезде.
Әдетте өзімді бақыттымын деп сезінемін.
Мен тек бір нәрсеге ғана шұқшиып шоғырлана аламын.
Бала кезімде қандай тапсырма берілсе де дереу орындайтынмын.
Айына 2 рет не одан да жиі менің ішімнің жүретін болады.
Мен қайта-қайта мазам кетіп, күдіктене беретін болдым.
Мен өзімді басқа көпшілікке қарағанда ашуланшақпын-ау-деп ойлаймын.
Мен онша ұялшақ емеспін.
Мен үшін өмір дегеніңіз қашан да үлкен шым-шытырық кернеуден тұратын сияқты.
Кей-кезде өзім біліп болмайтын заттар туралы сөйлейтінім бар.
Мен өзгелерге қарағанда жиірек қызарамын.
Менің жоқ нәрседен көңілім бұзылып сала барады.
Өзім білетін адамдар маған қашан да ұнай бермейді.
Егер мені бірдеме мазаласа, ұйықтай алмаймын.
Әдетте, салмақтымын, мені ашуландыру оңайға соқпайды.
Мен осы адам айтса сенбейтіндей, қым-қиғаш түс көретін болдым.
Мен дүниенің бәрін де, бір түрлі қалыптан жоғары деңгейде қабылдаймын.
Кеии бастасам болғаны терге түсіп, берекем кетеді.
Менің ұйқым мазасыз, әлсін-әлсін ояна беремін.
Ойын ойнасам, осы көбінесе жеңгім келіп тұрады да, жеңілгім келмейді-ақ.
Мен басқаларға қарағанда сезімталмын.
Мен өз өміріме өзім риза болғым келеді, бірақ өкінішке орай, басқалар менің өміріме ризадай.
Менің асқазаным берекемді енді кетіріп жүр.
Менің асқазаным берекемді енді кетіріп жүр.
Менің тұрмыс-жағдайым , қызмет бабым қашан да қам жегізеді.
Мен кейбіреулерге сақтықпен қараймын, олардың маған келтірер зияны болмайтынын білсем де.
Кей кезде сезіктеніп қаламын, алдымдағы тұрған қиындықтарды жеңе алмайтын сияқты көрінеді де тұрады.
Мен оп-оңай аяқ астында абыржи қаламын
Кей кезде қозып, аса сергіп кететінім бар, бұл дегеніңіз ұйықтатпайды.
Жанжалдан, қиын жағдайлардан ығысып кеткенімді жөн деп білемін.
Жүрегім айнып, құсық қысатыны бар.
Мен кездесуге, жұмысқа ешқашанда кешікпеймін.
Кей тұстарда өзімнің пайдасыз екенімді айқын сезінемін.
Кей уақытта әй енді ұрысып, сілкіп-сілкіп алғым келеді.
Бірдеңеге байланысты қашанда мазам кетеді де тұрады.
Біреумен байланысты қашанда абыржимында жүремін.
Мүмкін болар сәткісіздіктерді қаперіме алмаймын.
Қазір әне-міне қызарып кететінімнен қорқамын.
Кей тұста әйтеуір сирек торығамын.
Мен ашушаңмын, иінім жеңіл.
Мен бір нәрсені істесем болды, қолдарымның дірілдей бастайтынын жиі байқаймын.
Мен көбіне аштығымды сеземін де жүремін.
Маған өз өзіме деген сенім жетпей жатады.
Салқын күндері мен тез тершимін.
Мен басқаларға айтуға болмайтындай заттардың өзімде болуын жиі армандаймын.
Менің ішім сирек ауырады.
Маған белгілі бір есепке не бір бір жұмысқа жиналып барып шоғырлану қиын.
Кей тұстарда мазамның кеткені соншалықты, бір орында отыра алмаймын.
Хатқа оқып болғаннан кейін бірден жауап жазамын.
Менің қас-қағым сәтте көңілім бұзылып қоя береді.
Шынында да, мен ешқашан да қызармаймын.
Таныстарыма қарағанда менің неше түрлі қорқыныш, үрейлерім аз.
Бүгін істеп тастайтын жұмысты, ертеңге қалдырмайтын мінез менде бар.
Әдетте, мен шаршағанша жұмыс істеймін.
Ескерту: Орынды жауаптар 1 ұпаймен бағаланады, қателері белгіленбейді. 20 және одан да жоғары алынған ұпай алаңдаушылық туғызады деп есептелінеді.
Қосымша В
Е.П. Ильин, П.А. Ковалевтің «Агрессивті мінез-құлық» әдістемесі
Мақсаты: Жасөспірімдердің бойындағы агрессияның дәрежесі мен себептерін агрессия шкаласы бойынша анықтау (зерттеу нұсқауы В қосымшасында көрсетілген). Шкалалар: вербальды агрессияға бейімділік, тура және жанама агрессия, физикалық агрессияға бейімділік, өзін-өзі ұстай алмаушылық.
Нұсқау: Сауалнамада 30 сұрақ көрсетілген әр сұрақта»ия», немесе «жоқ» деген жауаптап нұсқасы берілген. Сауалнаманы оқыңыз өзіңізге жақын нұсқаны белгілеңіз. Тек сауалнамаға өзіңіздің бойыңызда кездесетін қасиеттеріңізді жасырмаңыз
Егер менімен біреу келіспес, өзімді жаман сөз айтудан қорғай алмаймын.
Өзім жақсы көрмейтін адамдары өсектеймін.
Мен заттарды шашып ашуланбаймын.
Маған қол жұмсаса, менде қол көтеру сирек кездеседі.
Менің құқығымды сыйлату үшін талапты қатаң қоя аламын
Ашуланғанда соған себепті адамды қарғаймын
Мен ашуланған кезімде қолға түскен заттарды сындырған кездерім де болды
Егер мен ашулансам, ұрып та жіберемін
Егер мені ашуландырса, мен оның бетіне не туралы ойлайтынымды айта саламын
Егер маған дауыс көтерсе, менде дауыс көтеріп жауап қайтарамын
Өзімнің ашуланғанымды, үстелді ұрғылау арқылы білдіремін
Балалық шағымда төбелесу маған ұнайтын
Егер маған адам ұнамаса мен ол туралы ештеңе айтпаймын
Мені үнемі мұқатып сөйлетіндерді үйде айтып отырамын
Маған ұнамайтын адамдарға тиісуді ұнатамын.
Қанша ашулансам да, адамдарға жаман сөз айтпаймын
Мен қасымдағыларға ашуланып күш көрсетемін деп айтқаныммен мен олай істемеймін
Мен алдағы істі бастауда сенімсіздік танытамын
Сенімділік – ол менің ұстанымым
Мен адамды өз орнына қоя аламын
Ашулансам да күш қолданбаймын
Басқалардың шешімі ұнамаса олар туралы жаман ойлаймын
Ашуланғанда есікті жауып, өзіммен-өзім қалғанды ұнатамын.
Конфликтіні шешуде физикалық күш қолданбаймын
Кей жағдайда алдымда тұрған нәрселерді сындыруға дейін ашуланамын
Өзінің қылығына қарай мен ол адамды орнына қоя алмаймын
Ерсектердің ашуланғанда өштерін баладан алуын ұнатпаймын
Егер көпшілік танспортында аяғымды басып кетсе, мен оған ашуланып сөздер қайтара аламын.
Адамға күш қолданғаннан райынан қайтару үшін әңгімелесу керек
Сыртта ашуланып келіп, үйдегілерге де ашуымды білдіремін.
Нәтижені өңдеу
Вербальды агрессияға бейімділік:
«Ия» сұрағына жауаптар: 1, 5, 9, 13, 17, 21. «Жоқ»: 25, 29.
Тура немесе жанама агрессияға бейімділік:
«Ия» сұрағына жауаптар: 2, 6, 10, 14, 18, 30. «Жоқ»: 22, 26.
Физикалық агрессияға бейімділік:
«Ия» сұрағына жауаптар: 7, 11, 15, 27. «Жоқ»: 3, 19, 23.
Өзін-өзі ұстай алмаушылық
«Ия» сұрағына жауаптар: 8, 12, 16, 20. «Жоқ»: 4, 24, 28.
Достарыңызбен бөлісу: |