Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі заман жағдайында психология қоғамдық өмірге тереңдеп енуде. Оның маңызы біздің елімізде де арта түсуде. Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуы оның өркендеп ғарыштауы адамдардың жоғары дәрежедегі психологиялық білімді қажетсінуін туғызуда. Психологиялық білімнің қажеттілігі және жұртшылықтың төмен дәрежедегі психологиялық сауатсыздығы еліміздің білім беру жүйесінің алдына бүкіл оқыту және тәрбие жүйесін психологияландыру сияқты күрделі де жауапты мақсат қойып отыр.
Бұл мақсатты шешу үшін жоғары дәрежелі кәсіби маман психологтарының психологиялық көмек беруі. Психологиялық қызмет арнайы қалыптасуды даярлау мақсатын күрделендіреді және маңыздылығын арттырады.
Психология адамның психикалық әлемі туралы ғылым, оның практикалық деп аталатын саласы адамға өмірдегі туындаған мәселесін шешуге көмектесуге бағытталған. Көптеген елдерде, оның ішінде біздің еліміздеде практикалық психологтар даярлана бастады. сонымен қатар, психологиялық орталықтарда, психологиялық іс-тәжірибелерде өз жұмыстарының нәтижелерін көрсетуде. Практикалық психологтар қазіргі уақыттарда балабақшаларда және мектептерде белсенді жұмыс жасауда. Олар балаларды мектепке қабылдауға қатысады, балалардың мектепке психологиялық даярлығын анықтайды, балалардың мектеп бітіргенге дейінгі психикалык дамуын зерттейді, мамандық таңдауға көмектеседі, психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын, психологиялық алдын-алу жұмыстары, ата-ана және мұғалімдерге кеңес береді және т.б.
Психотерапиялық кеңес беру – бұл адамды әлемге деген қатынасын өзгертуге жетелейтін іс-әрекет. Психотерапевттер адамның жеке бас құндылықтарын сақтай отырып, оның психикалық дамуын, көзқарасын жағымды жақтарға өзгертеді.
Психологиялық көмектің түрлеріне мінездеме бергенде әртүрлі әдебиеттерде әртүрлі ақпарат берілуі мүмкін. Б.Д.Карвасарский редакциясы бойынша «Психотерапевтік энциклопедия» еңбегінде кеңес беру - «проблемалық жағдаятты шешу жолындағы пациентке деген кәсіби көмек», яғни, мұнда пациент ретінде «ауру немес ауру емес адамдар болуы мүмкін, олардың проблемалары экзестенциалды дағдарыс ретінде, тұлғааралық конфликт ретінде отбасылық қиыншылықтар немесе кәсіп таңдаудағы қиыншылықтар» болуы мүмкін.
А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский сөздігінде кеңес беру - психологиялық көмектің бір түрі ретінде «әртүрлі психологиялық қиыншылықтардан шығу жолы».
Мельсон-Джоунс психотерапиялық кеңес беруді психологиялық процесс ретінде қарастырады, яғни оның көзқарасы бойынша барлық кеңес берушілік бағыт - «сезімді, ойды және адамдардың әрекетін олардың тиімді өмір сүру үшін өзгертуге» өзінің қабылдауына алады.
С.Ю.Головинаның редакциясы бойынша шыққан сөздікте психотерапиялық кеңес беруге келесі ұғымды енгізді: «практикалық психологиялық көмек кеңес ретінде өтеді, яғни, проблеманы қайтадан талқылау барысында, сонымен қатар клиенттің қоршаған адамдармен қарым-қатынасын анықтау».
Психотерапия (немесе терапия) психикалық, жекебасішілік мәселелер және қақтығыстармен күрделі мәселелерге дәстүрлі негізделген. Ол адекваттылықты қалпына келтірумен айналысады. Психотерапия үшін келесі ерекшеліктер тән: а) өткен шақ туралы ойлау; ә) өзгеруге емес түсінуге екпін жасалады; б) психотерапевттің шектелуі; в) терапевт эксперт рөлінде болады. Психотерапиялық кеңес беру жұмыстарындағы психологиялық бағыттар өте көп. Олар: когнитивті психотерапия бағыты, транзактылы талдау, жеке басқа негізделген кеңес беру бағыты, экзистенциалды кеңес беру бағыттары және т.б.
Әрбір жаңа клиентпен жұмыс кезінде ол мәселені женуді ме, әлде өзін түсінуді қажет ететінін анықтау керек. Ересек клиенттер, егер олардың білімі болса, өмірде жетістіктерге жетсе, тек өздерін тану қажет. Себебі олар өздігінен мәселені шеше алады. Ал жасөспірімдерге тек мәселесін түсіну ғана емес, оны жеңуге көмектесу керек.
Психотерапиялық кеңес беру кезінде әр клиенттің жекелей ерекшеліктеріне қарай терапиялық әдістер қолдандық. Психодиагностика әдісі арқылы клиенттің эмоционалды өрісін түсінуге тырыстық. Зерттеу жұмысымның көкейкестілігі - психологтың негізгі жұмыс бағыттарының бірі –психотерапиялық кеңес беру жұмыстарына теориялық ғылыми талдау жасап, қызметте, іс-әрекеті арқылы шыңдалуын зерттеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |