Псиxологиялық жасыңыз нешеде?



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,8 Mb.
#30765
  1   2   3
Псиxологиялық жасыңыз нешеде?

 

Мамандардың айтуынша, адамның шын жасын оның өмір сүріп келе жатқан жылдарының саны емес, психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен. Ал сіздің психологиялық жасыңыз қандай жасты көрсетеді?



Төменде көрсетілген 25 тұжырымды оқып, қаншалықты келісетіндігіңізді анықтап, оған мынандай баға беріңіз:

Егер тұжырыммен толықтай келіссеңіз – 4 ұпай; Егер жартылай тұжырыммен келіссеңіз – 3 ұпай; Егер тұжырымның бір бөлігімен ғана келіссеңіз – 3 ұпай; Егер тұжырыммен келіспесеңіз – 1 ұпай.

  1. Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын.



  2. Менің ішкі түйсігім (интуиция) жақсы дамыған, басқаларды да бірден түсінемін.

  3. Менің болашағым көптеген қызықты оқиғаларға толы.

  4. Басқалар менімен дос болуды қалайды, мен басқаларға ұнаймын.

  5. Маған ұқсамайтын, менің көзқарастарыммен келіспейтін адам да мен үшін қызықты болып, маған ұнай алады.

  6. Кішкентай балаларды жақсы көремін.

  7. Түрлі қиын тапсырмаларды шешкенді ұнатамын.

  8. Қандай да бір істі бастағанда, оны барынша жақсы істеуге тырысамын.

  9. Түрлі оқиғалардың себептері мен үшін қызықты.

  10. Жұмыстан басқа айналысатын хоббиім көп.

  11. Өмірдегі кез келген өзгерістерді жақсылыққа деп болжаймын.

  12. Менің жұмысым басқаларға пайда әкелетіндігіне сенімдімін.

  13. Армандар мен қияли ойларға салыну мен үшін үйреншікті іс.

  14. Жақсы музыка менің көңілімді көтере алады.

  15. Жаңашылдықты жақсы көремін, жаңа ойларды қуана қабылдаймын.

  16. Қиындықтар алдында бой алдырмаймын, қайта тырысып, дегеніме жетемін.

  17. Менің күлкім әр уақытта шын көңілімнен шығады.

  18. Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айта алатындай досым бар.

  19. Физикалық белсенділік, спорт, жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі.

  20. Жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын.

  21. Қазір қолымнан келмейтін жаңа бір іспен айналысқым келеді.

  22. Мен әр уақытта тартымды, сымбатты болғым келеді, соған уақытымды бөліп, тырысамын.

  23. Кішкентай қиындықтар менің көңілімді бұза алмайды.

  24. Мен өмір сүріп жатқан кезеңім өзіме ұнайды.

  25. Менің сәтім түсетін "жұлдызды" уақытым әлі алда.

 

Ұпайларды өзара қосып, нәтижені оқыңыз.



75 ұпайдан артық

Биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп жатыр. Сіздің достарыңыз көп, болашаққа сеніп, басқаларға мейіріммен қарайсыз. Психологиялық тұрғыдан сіз өте жассыз. Болашақта да осылай қала берсін.



50 – 75 ұпай арасында

Өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз. Өмірлік қиындықтар мен уайымдаулар, күнделікті қажеттіліктер сізді қарапайым дүниелерден қуанту қасиетінен арылтады. Алайда ол бойыңызға салмақтылық пен жауапкершілік береді. Сіз психологиялық тұрғыдан қарағанда жас емессіз, алайда сізді «кәрі» деуге де болмайды. Сізге кішкене сергектік пен өмірге деген оң көзқарас жетіспейді.



50 ұпайдан кем

Сізді өмірде көпті көрген, жасына қарамай ерте есейген адам деп айтуға болады. Сіз көп нәрсеге шын баға бере аласыз, бірақ осы себепті де көп қызығушылықтарыңыз артта қалды. Мұндай психологиялық жағдай үлкен кісілерге тән. Егер сіздің нақты жасыңыз әлі ондай болмаса, алдағы өмірді қызықсыз өткізбей, оны өмірге толтыруға тырысыңыз.

 

Есте болсын, жасыңыз қанша екені емес, өзіңізді қанша жасқа сезінетіндігіңіз маңызды.



Тест: "Болашақтан хат"

 

Көз алдыңызға демалыс күні таңғы ұйқыңызды есік қоңырауы бұзғанын елестетіңіз. Есікті ашқаныңызда екі хат тасушы жануар тұр. Олар сізге болашақтан хат алып келді. Тылсым сырға толы екі конвертті ашқан соң мүлдем екі түрлі болжам жазылғанын түсінесіз. Бір жануар сізге болашақта бақытты әрі қызыққа толы конвертті ұсынады. Ал екінші жануар ұсынған конвертте болашақта ешқандай да жақсы хабар жоқ екендігі жазылған.



 

Төмендегі жануарлардың қайсысы сізге жақсы хабар әкелді деп ойлайсыз? Ал қайсысы жаман хабар әкелді?

 

1. Жолбарыс



2. Ит

3. Қой


4. Тотықұс

5. Тасбақа

 

Талдау:

 

Біздің өміріміз көп жағдайда таңдаған серігімізге тікелей байланысты. Хат тасушы жануарлар сізге бақыт әкелетін адамның қиялыңызда қандай екенін баяндайды. Және өкініш пен мұң сыйлайтындар туралы да айтылған. Яғни үйіңізге келген жануарды таңдау арқылы болашақ жарыңыз туралы пікіріңіз қандай екенін білуге болады. Егер жануарларды таңдаған болсаңыз, талдауларды оқиық.



 

Жолбарыс
Жақсы жаңалық: Жолбарыс ашу мен күшті сипаттайды. Сондықтан жақсы хабар әкелуші жануар ретінде жолбарысты таңдасаңыз, мықты, отбасын басқара алатын, шындықты сүйетін адаммен бірге бақытты болуыңыз мүмкін. Жаман жаңалық: Басқаратын адамдарды ұнатпайсыз. Өмірлік серігіңіздің өте нәзік, сезімтал, көнгіш келгенін, айтқаныңызға бірден еріп кете бергенін қалайсыз.

 

Ит

Жақсы жаңалық: Ит адалдықтың символы іспеттес. Ол иесіне еліктеп, оның айтқандарының барлығын жасауға дайын тұрады. Адамды қорғау қасиеті бар. Мүмкін сүйіктіңіздің дәл осындай мінезді болғанын қалайтын шығарсыз. Жаман жаңалық: Мәжнүндей ғашық болатын жігіттер бар. Бірақ сізге мұндай диагнозы бар жігіттер ұнамайтын сияқты. Көптің көңілінен шығамын деп жалтақтап жүретін жан сіз үшін жаралмаған.

 

Қой

Жақсы жаңалық: Мейірімді, сабырлы, жұмсақ, үй шаруасына икемді. Мұндай жанды серігіңіз ретінде таңдасаңыз, жолыңыз болды дей беріңіз. Ол сізге аспандағы айды алып бермесе де, оның мүмкіндіктеріне түсіністікпен қарайсыз. Жаман жаңалық: Мұндай адаммен бірге бола алмайтыныңыз анық. Немесе тым жас шығарсыз?

 

Тотықұс

 

Жақсы жаңалық: Ол жәй ғана сұлу емес, ол өте сұлу. Бұл адам әрдайым көңілді жүреді, оптимист, жақсы әңгімелесуші, құдды жаңажылдық отшашу секілді. Мұндай адамға қалайша ғашық болмаймыз? Іздеп жүрген идеалыңыз да осы болу керек. Жаман жаңалық: Сіз мұндай адамдардың қандай ойы барын бірден біліп қоясыз. Көптің көзайымына айналған бұл адамдар бос сөзді көп айтады деген пікірдесіз. Тіпті, оларға аллергияңыз бар деп айтуға болады.



 

Тасбақа

  Жақсы жаңалық: Романыңыздың бас кейіпкері өте байсалды, ешқашан, ешқайда асықпайтын жан. Оған үнемі сенім артып, ақыл тыңдауға болады. Әткеншекте тербелген өмірден, баяу аққан ағысты жөн көреді. Жаман жаңалық: Үнемі жұрттың соңында жүретін бұл серігіңіз сізді мезі етіп жіберуі мүмкін. Оны сүйреп жүруге қауқарыңыз жете қоймас.



Тест  «Бұйыру немесе бағыну»

 

Сіз кімсіз? Капитан немесе қатардағы жауынгерсіз бе? 

 

 Берілген тапсырманы мұқият оқып, мына сұрақтарға жауап беруге тырысыңыздар.



Берілген үш жауаптың біреуін таңдаңыз:

 

1. Достық сіз үшін:



А – бірлесіп қызмет жасау,

Б – қолдау көрсету,

В – альтруизм.

 

2. Ең алдымен нағыз художникте /артист/ болу керек:



А – талант,

Б -  батылдық

В – дайындық.

 

3. Сіз достармен кездесуде жиі сезінесіз:



А – «әтеш»,

Б – «тауық»,

В – «балапан».

 

4. Егер сіз геометриялық фигура болсаңыз, онда сіз болар едіңіз:

А – цилиндр,

Б – сфера,

В – куб.

 

5. Егер сізге қыз /жігіт/ ұнаса, сіз:



А – бірінші қадам жасайсыз,

Б – оның алғашқы қадам жасағанын тосасыз,

В – аздап қадам жасайсыз.

 

6. Сіз ойламаған жағдайға душар болғанда:

А – сақ жүретін боласыз

Б – сенімділікпен алға ұмтыласыз,

В –  қобалжисыз және  ренжисіз.

 

7. Егер де сіз ұжымның алдына шығып сөйлегенде, сезінесіз:

А – сізді тыңдайды,

Б – сынайды,

В – сіз қысыласыз.

 

8. Саяхатқа жолдастарды алғанда ең дұрысы:



А – мықты,

Б – ақылды,

В – тәжірибелі.

 

9. Шынын айтқанда, Золушка:

А – бақытсыз қыз,

Б – айлакер – мансапқор,

В – көңілсіз, сары уайымшыл.

 

10. Сіз өз өміріңізді қалай шамалайсыз:

А – шахмат партиясы,

Б – бокс матчы,

В – карта ойыны.

 

Нәтиже:

Таблицаға сәйкес ұпайларыңызды санаңыз:

 


жауап

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

3

3

3

1

3

3

3

3

1

2

Б

2

2

2

3

2

2

2

2

3

1

В

1

1

1

2

1

1

1

1

2

3

 

 

 



Егер сіз 16 ұпайдан артық алсаңыз, онда қоғамда сіз жай қатардағы жауынгерсіз. Сіз басқаларды сыйлайсыз және жақындарыңыздың әлсіздігіне кешіреммен қарайсыз, сондықтан да бұйрық беруге және бәсекелестікке түсуге қабілетті бола  алмайсыз. Мүмкін сіздің биліктен бас тартуыңыздың  да себебі осында болар. Сондықтан да, қандай-да бір шешім қабылдамас бұрын, қанша рет лидерлікке ұмтылғанда сәтсіздікке ұшырағандығыңызға талдау жасаңыз. Егерде шынына келер болсақ сіз  лидер болмай-ақ та өзіңізді  тамаша сезінесіз, болып жатқан жағдайлардан өзіңізді біршама алшақ ұстаңыз. Шындығында бұл жаман емес, көңіліңіз тыныш болады.

 

Егер сіз 17-23 ұпай алсаңыз, сіз кіші офицерсіз. Бұл от пен судың арасындағыдай ыңғайсыз жағдай. Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз жеткіліксіз және шешімді қиындықпен қабылдайсыз, солай емес пе?  Сіз аздап жетекшісіз  және аздап жауынгерсіз… Сіздің сенімсіздігіңізден аргументтеріңіз тыңдаушыларға жете қоймайды. Бұдан шағатын бірден бір жол – өзіңізге деген сенімділікті күшейту керек.

 

Егер сіз 24 ұпайдан жоғары алсаңыз, сіз – генералсыз.  Сіз бала кезіңізден бастап қажетті істер жөнінде сөз болған жағдайларда   бірінші болып қызмет жасауға даяр тұратынсыз, солай емес пе?  Өсе келе басқа адамдарға деген әсеріңіз нығая түсті, әсіресе қиын кездерде. Егер де сіз ….қиындықтардан қорықпасаңыз,   бұл қабілетіңіздің арқасында  сізді өте жоғары бағалайтын болады. Бас қосуларда елдің алды болып, сізді тамаша жолдас /құрбы/, ақылшы санағанды қанағат тұтпаңыз. Лидер үшін бұл жеткіліксіз. Батыл түрде лайықты мақсаттар қойып, өзіңізбен жұмыс жасауды жалғастырыңыз.


Тест    «Өз  араңызда қандайсыз?»  

 

 



1.     Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?

 

     А) Бір қалыпты – 3 ұпай



  Ә) Өрши түсемін – 2 ұпай

  Б) Үндемей құтыласыз - 1 ұпай

 

 2.  Достарыңызбен арақатынасыңыз қалай?



 

    А) Жиі араласып тұрасыз – 3 ұпай

  Ә) Онша араласпайсыз – 0 ұпай

  Б) Реті келгенде - 2 ұпай

 

 3. Демалыс күніңізді қайда өткізесіз?



 

     А) Үйде – 3 ұпай

    Ә) Достарыңызбен бірге – 2 ұпай

  Б) Кино, кафе, дискотекада - 3 ұпай

 

 4. Газет-журнал оқып тұрасыз ба?



 

     А) Иә – 0 ұпай

    Ә) Уақытыңыз болғанда – 3 ұпай

  Б) Анда-санда - 2 ұпай

  

5. Әдемі киінгенді ұнатасыз ба?



 

     А) Әрине – 3 ұпай

  Ә)  Киім таңдамайсыз – 2 ұпай

Б)  Модамен киінесіз - 0 ұпай

  

6. Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе?



 

     А) Иә – 4 ұпай   

     Ә) Жоқ – 3 ұпай

  Б) Біреудін шаруасына араласпайсыз - 1 ұпай

 

 6. Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыз?



 

      А) Бір қалыпты – 3 ұпай    

Ә) Үндемей қаласыңыз – 0 ұпай

Б) Жақсы сезінесіз - 1 ұпай

 

 

10-15 ұпай.



 

Сіз бір қалыпты жансыз. Ұрыс-керісті жаныңыз қаламайды. Айқай-шудан басыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Араға түсіп, арашалап алу дегенді білмейсіз. Ашуыңыз келіп тұрса да, үндемей құтыласыз.

 

 

16-25 ұпай.



 

Ұрыс – керіс болса-ақ ешкімге бағынбай өршелене түсесіз. Тырнақ астынан кір іздеп, сол адамды жеңуге тырысасыз. Өзгенің пікіріне қосылмай, тек өзіңіздікін дұрыс деп бағамдайсыз. Сіздей жанмен бір шаңырақ астында өмір сүру қиынға түсері айдан анық. Жалғыз қалмау үшін әрдайым  ұстамды болғаныңыз дұрыс болар. Мәдениетті адам болғандықтан «Сабырлы жетер мұратына» деген мақалға еріп, әр істі  сабырлықпен шешу.



«Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тест

 

Суретті тесттер- өзіңді білу мүмкіндігі ғана емес, қандайда бір жаңалық, уақытты қызықты өткізу, жақсы демалудың бір түрі, теріс күйзелістен арылудың жолы болып табылады. Сіздің алдыңызда тіктөртбұрыш, ортасы дөңгелекше диагоналдармен бөлінген. Тапсырма: құстың суретін салуыңыз керек.Оны қай жерге салатыныңызды өзіңіз қалайсыз.



 

Кілті:


 

1.Егер сіз құсты ортасындағы шеңбердің ішіне салсаңыз : онда сіздің ойларыңыз өзіңізге және өзіңіздің армандарыңыз бен қажеттілігіңізге бағытталған.Сізге керегі өзіңізді қуантатын және пайдасы тиетін істер. Өзгелердің ісімен керегі сізді қызықтырмайды.

 

2. Егер сіз құсты сол жақтағы (1-4) секторға салсаңыз, онда сіздің жауапкершілігіңіз және тәрбиелігіңіз жоғары екенін, жақын адамдарыңыз үшін жанып-күйетініңізді, достарыңызды жолда қалдырмайтыныңызды көрсетеді. Сіз ескеретін жағдай: өзіңіздің болашағыңызды ойламайсыз, өткен өміріңізге кісенделіп қалғансыз.



 

3. Егер сіз құсты жоғары секторға салсаңыз (1-2), онда сіздің ойларыңыз биікке және түрлі-түсті армандарға бағытталған.Сізді жердегі істер қызықтырмайды,сізді барлық қызықтырады.

 

4.Егер сіз құсты оң жақтағы секторға салсаңыз (2-3), сіз өз болашағыңызды ойлайсыз және қолдан келгеннің бәрін жасайсыз.



 

5. Егер сіз құсты төменгі секторға салсаңыз (3-4) , онда сіздің барлық ойларыңыз шынайы, жердегі іс-әрекеттерге бағытталған. Сізді қолмен ұстап, дәмін татып, түс –түрін ашып көрмеген заттар қызықтырмайды. Сіз жерде нық тұрсыз.



 

6.Егер, сіз құсты шеңбер жасай отырып денесін осы барлық сектордың ішіне салсаңыз, онда сіз ертеңгі күніңізді ойлайсыз, өткеніңізді де ұмытпайсыз.



 



Зеректілік пен байқампыздықты анықтау тесті

 

  Ережесі: 1-90-ға дейінгі сандарды суреттен қарап санап шығуларыңыз керек.. уақытты санаймыз ... кеттік:)



 

Егерде 1-90-ға дейін санау барысында сізге:

 

10 минутқа дейін уақыт кетсе , – сіз өте зерек және байқампаз адамсыз.



10 – 15 мин, — сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз жақсы.

15 – 20 минут, — сіздің байқағыштығыңыз бен зеректілігіңіз орташа.

20 минутан көп уақыт кетсе, —сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз төмен, бірақ сіздің сабырлылығыңыз бен шыдамдылылығыңызға қызығуға болады...

 

Бұл тест сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңызды дамытады. Сондықтан бір рет емес, бірнеше рет қайталап көрсеңіз болады.....



 

СІЗДЕ УАЙЫМ ДЕРТІ БАР МА? (ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ)

Пенсильвания университетіндегі Дэвид Бернс дәрігер уайым ауруына өздігінен диагноз қоюға болатын “Бернстің уайым тізімі” атты жоба жасаған. Бұл тізім арқылы сіз өзіңізде уайым ауруы бар-жоғын тез арада білуіңізге болады. Өзіңізге сәйкес келетін орынды таңдап, жоқ болса 0, азырақ болса 1, қалыпты болса 2, ауыр болса 3 нөмірін белгілеңіз.

 


  1.  Қайғы: сіз үнемі қайғыланасыз ба немесе қасірет ішінде қаласыз ба?

  2.   Үмітсіздену: сіз үнемі болашағыңыздан үмітсізденесіз бе?

  3.  Өзін қадірлемеу: үнемі өзіңіздің құныңыз жоқтай сезінесіз бе немесе өзіңізді сәтсіздікке ұшыраушы деп ойлайсыз ба?

  4.   Қор санау: үнемі өзіңізді түкке шамаңыз келмейтіндей немесе басқаларға жетпейтіндей сезінесіз бе?

  5.   Опыну: әрқандай іске бола өзіңізді опыққа саласыз ба?

  6. Екі ойлылық: шешім қабылдарда үнемі екі ойлы боласыз ба?

  7.   Тағатсыздық: үнемі ашуланып немесе әлденеге көңіліңіз толмай жүр ме?

  8.  Тұрмысқа деген қызығуды жоғалту: жұмысыңыз, отбасыңыз немесе достарыңызға қызықпай қалған кездеріңіз болды ма?

  9.   Пейілін жоғалту: серпіле алмай, жұмысқа пейіл сала алмайсыз?

  10.   Өзін бейшара сезіну: өзіңізді қартайғандай немесе тартымдылығыңызды жоғалтқандай сезінесіз бе?

  11.   Тәбет өзгерісі: үнемі тамаққа тәбетіңіз тартпай тұра ма немесе кенеттен еріксіз көп тамақ ішкіңіз келе ме?

  12.   Ұйқы өзгерісі: сізде ұйқысыздық бар ма немесе күні бойы дел-сал болып, ұйқы басып жүре ме?

  13.  Жыныстық әуесін жоғалту: жыныстық әуесіңізді жоғалтып алдыңыз ба?

  14.  Дерттену: үнемі өзіңіздің денсаулығыңызға алаңдайсыз ба?

  15.   Өз-өзіңізге қол салуды ойлау: тірліктің мәні жоқ деп ойлайсыз ба немесе тірі жүргеннен өлген артық деп санайсыз ба?

 

 

Жауабы:

 


  • 0-4 нөмір: уайым дерті жоқ;

  • 5-10 нөмір: кейде уайым дерті пайда болады;

  • 11-20 нөмір: жеңіл дәрежеде уайым дерті бар;

  • 21-30 нөмір: орта деңгейде уайым ауруы бар;

  • 31-45 нөмір: ауыр дәрежеде уайым дерті бар, емделуіңіз керек.


Тест: Сіз қандай мұғалімсіз?

 

1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалаумен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан

2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы

а) керемет жұмыс

ә) күнкөріс үшін

б) бас қатыру



3. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте салауатты деп есетейді

ә) қанағаттанарлық

б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ



4. Оқушылар арасында жарыс болатын болсса

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды



5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін



6. Озат оқушыңыз сіздің қатеңізді тапса:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә)үндемей құтыламын

б)өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін



7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда:

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде

б) бас ауыртқым келмейді



8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

а) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен-таяқ» деп есептеймін



9. Мұғалім болғаныңызға:

а) ризамын

ә) маған бәрібір

б) өкінемін



10. Ұжым арасында беделіңіз

а) өте жоғары

ә) жақсы

б) орташа



Әрбір « а» жауабына -5 ұпай, «ә» жауабына -3ұпай, «»жауабына -1 ұпай есептеңіз.

45-40 ұпай жинасаңыз:

Сіз- шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.



30-21 ұпай жинасаңыз:

Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.



15-11 ұпай жинасаңыз:

Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет