ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ СОЦИОЛИНГВИСТИКА ТАРИХЫ АЯСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТТЕУ
Адам миының ассиметриялық қызметі,яғни еркек пен әйел миы жарты шарларының әртүрлілігі туралы психолингвистер ұсынған ғылыми болжам ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас қалыптастырып,пікірталас тудырып,әлі де нақты шешімін таппай келеді.Солардың бірі-биодетерминистік-еркек пен әйел тілінің айырмашылығы табиғилықтың (биологиялық) басым болуынан деп дәлелдеп,эксперименттік тәжірибе нәтижелерін алға тартады. Екіншілері, социодетерминистік – гендерлік тілдік ерекшеліктің болуы әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерінен деп түсіндіреді.
Биодетерминистер еркек пен әйел тілінің айырмашылығын когнитивтік тұрғыдан қарастырып,эксперименттік жолмен дәлелдеуге тырысады.Биодетерминистік теорияға сәйкес,ер мен әйелдің сөйлеу әрекеті гормондық жүйенің айырмашылығымен байланысты.Сөйтіп, гормондық жіктелім салдарынан болатын когнитивтік,эмоциялық және физикалық ерекшеліктерді бөліп көрестеді.Когнитивтік тұрғыдан алғанда,жыныстық айырмашылық – ер мен әйелдің ментальдік қабілеттерінің әртүрлілігінен көрінуі мүскін;эмоционалдық-ер адамның агрессивтілігі мен әйел мінезінің эмоциалығы, сезімталдығы, қамқорлығы арқылы байқалады; физикалық ерекшелік – әйел жынысына тән бала туу болса,еркектің дене күшінің басым болуы жыныстық рөлдік жіктелімге әсер етеді [Горошко 2005.].
Социодетерминистер (сол қатардағы феминистік лингвистика, этнолингвистика өкілдері) түрлі мәдениеттерге тән тілдік қатынас ерекшеліктері мен адамның әлеуметтенуін дәлелге келтіре отырып,гендерлік айырмашылықтардың негізі қоғам мен мәдениет әсерінен деген пікірлерінен бас тартпайды.
МАҚ-ты кешенді зерттеудің бағыттары:
-МАҚ-пен ассоциативтік үдерістер арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен эмоционалды үдерістер арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен сөйлеу тілі арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен түр-түсті қабылдау арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен адам жынысы арасындағы байланыс;
-МАҚ-пен адамның жас ерекшелігі арасындағы байланыс.
Е.И.Горошко жүргізген ассоциативтік тәжірибелерде түр-түсті білдіретін лексиканы пайдалана отырып, жынысты басқа биоәлеуметтік факторлармен (жасы,білім деңгейі,т.б)байланыстыра қарастырды. Ғалымның дәлелдеуінше, ассоциативтік әрекетке қатысушыларға барынша күшті әсер еткен жыныс факторы содан кейін жасы мен білім деңгейі, ана тілі болды [2001].
Нейропсихолог Е.Д.Хомская әзірге адам миы жарты шарларының ассиметриялық ерекшелігін туғаннан болатын не болмаса генотипке байланысты әлде өмір сүру деңгейінде қалыптасып я өзгеріп отыратынын, яғни динамикалық сипатын айқындайтын дәлелді қағидалар жоқ дегенді алға тартады [1995, 14-27 бб.].
Жалпы алғанда,ғылыми дискурста әр бағыттың өзіндік көзқарастары, дәлелдері, болжамдары жетерлік. Гендер – жалпы ғылыми категория, гендерлік тәсіл кез келген ғылым саласында қолданыла алады, бірақ сол саланың әдістерін ескеру қажет [Кирилина 2005, 10-12бб.]. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап Батыс Еуропа мен Америкада бастау алған гендерлік лингвистиканың зерттеулер күні бүгінге дейін қарқынды дамып келеді. Ғалымдар екі мәселеге баса назар аударып отыр:ерлер мен әйелдер тіліндегі гендерлік ерекшеліктер және ерлер мен әйелдерге қатысты қолданылатын тілдік бірліктер. Зерттеулердің басым көпшілігі тілдік талдаулар ,талдау әдістері арқылы гендердің мәнін ашып көрсетуді көздесе, бірқатары гендердің лингвистика ілімін дамытудағы қызметін анықтауды мақсат етті