Байланысты: Пульпаның девитальды экстирпация әдісі
Комбинирленген (немесе аралас) әдістің мәні - тіс ұлпасын девитализациялаушы құралдармен өліеттендіруден кейін, оның сауыттық бөлігін және жақсы өтілетін түбір өзектерден түбір бөлігін алып тастау, ал тар, мүлдем өтпейтін түбір өзектеріндегі ұлпаны мумификациялау.
Пульпитті аралас (комбинирленген) емдеу әдісінің кезеңдері, жүргізу әдістемесі.
Пульпитті емдеудің аралас әдістері (витальды
Пульпотомия жартылай
және
пульпэктомия толығымен,
девитальды
пульпотомия және пульпэктомия).
Қазіргі кезде пульпитті емдеудің аралас әдістері әлі
жетілмеген, импрегнационды әдістердің тиімділігі аз
деп есептеледі. Бірақ жалпы қабылдау жағдайында
және тұрғындардың эндодонтиялық емдеудің қымбат
әдістерін
төлеуге
шамаларының
жетпеуіне
байланысты бұл әдіске басқадай альтернатива әлі
жоқ. Дәрігер-стоматологтың бұл әдістерді білуі,
мұқият және жауапты жүргізуі, тістің ұзақ уақыт бойы,
тіпті бірнеше жылдар бойы сақталуын және қызмет
етуін қамтамасыз етеді. Балалардың уақытша және тұрақты тістерінің пульпиттерін емдеу
кезіндегі қателіктер мен асқынулар, алдын алу шаралары
Қателіктердің себептері:
•жеткіліксіз нақтама.
•әр тіс топтары қуысы құрылысының клинико-анатомиялық
ерекшеліктерін білмеу,
•эндодонтиялық шараларды жүргізу кезінде құралдармен дұрыс
жұмыс істемеу;
•емдеу әдісін қате таңдау Асқынулар:
токсикалық периодонтит;
қызыл иек бүртігінің өлі еттенуі;
«түбір» пульпиті;
жедел периодонтит;
жедел периостит;
қан кету;
Пульпитті емдеу кезінде тістің ашылмаған қуысына девитализдеуші пастаны салу. Себептері, жою, алдын алу.
Девитализациялаушы құралдардың салу техникасы.
Ұлпаны өліеттендіру үшін мышьяк қойырпағының аз дозасы керек – 0,0006-0,0008 г немесе оның мөлшері №1 шартәрізді бордың бастың көлеміндей болу тиіс. Оны қояр алдында тісжегі қуысын егеп-тазалап (немесе жартылай егеп-тазалап, себебі жансыздандыру орындалмайды), тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы болмаса, онда тіс қуысын бір нүктеде (әдетте ұлпа мүйізше тұсында) ашып алады (бұл кезде пациенттің қатты ауру сезімі пайда болады және ұлпа қанай бастайды). Девитализациялаушы құралды зондтың көмегімен жоғарыда жазылған мөлшерімен апарып, ұлпа бетіне орналастырады, сосын үстіне антисептикке немесе жансыздандырғыш сүйықтыққа шыланған кішкене мақта тампонды қалдырады. Кейін қуысты суға аралыстырылған жасанды дентиннен жасалған уақытша пломбамен жабады. Егер тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы болса, онда девитализациялаушы құралды тіс қуысының ашылған жеріне салады.
Қойылған уақытша пломба қуысты герметикалық толтырып, жабу қажет (мышьяк немесе параформальдегидтік қойыртпақ пломба астынан ағып кетпеу керек!).
Біртүбірлі тістердің ұлпасын өліеттендіру үшін мышьяк қойыртпағы 24 сағатқа қалдырылады, көртүбірлі тістердің – 48 сағатқа. Сонымен қатар, баяу әсер ететін мышьяк қойырпақтар шығарылады. Олар біртүбірлі тістерге 1 аптаға, көптүбірлі тістерге – 2 аптаға дейін қойылады.
Егер девитализациялаушы құралдар ретінде параформальдегидтік қойыртпақ қолданатын болса, онда оны біртүбірлі тістерде 1 аптаға, көптүбірлі тістерде – 2 аптаға дейін қалдырады.
Тіс қуысында девитализдеуші пастаның ұзақ болуы. Мүмкін болатын асқынулар, жою, алдын алу.
Девитализдеуші пастаның уақытша пломбамен жеткіліксіз герметизациясы. Себептері, мүмкін болатын асқынулар, жою, алдын алу.