Пульпаның девитальды экстирпация әдісі. Әдістің анықтамасы. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер



бет2/3
Дата11.09.2023
өлшемі19,48 Kb.
#180662
1   2   3
Байланысты:
Пульпаның девитальды экстирпация әдісі

1-ші қабылдаудың кезеңдері (ұлпа өміршендігін анықтаудан және периапикалды тіндерінің, тістің рентгенография жасаудан кейін):
1. Тісті ауыз сұйығынан ажырату
2.Тісжегі қуысын егеп-тазалау (немесе жартылай егеп-тазалап, себебі жансыздандыру орындалмайды);
3. Тіс қуысын бір нүктеде (әдетте ұлпа мүйізше тұсында) ашып алу (тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы болмаса). Бұл кезде пациенттің қатты ауру сезімі пайда болады және ұлпа қанай бастайды;
4. Девитализациялаушы құралды зондтың көмегімен 0,0006-0,0008 г немесе №1 шартәрізді бордың бастың көлеміндей мөлшерімен апарып, ұлпа бетіне орналастыру;
5. Девитализациялаушы құралдың үстіне антисептикке немесе жансыздандырғыш сүйықтыққа шыланған кішкене мақта тампонды қалдыру;
6. Қуысты суға аралыстырылған жасанды дентиннен жасалған уақытша пломбамен жабу.
Келесі қабылдау қойыртпақ түріне байланысты 24 сағаттан немесе 1 аптадан (біртүбірлі тіс болса) немесе 48 сағаттан немесе 2 аптадан кейін (көптүбірлі тіс болса) тағайындайды.
2-ші қабылдаудың кезеңдері:
1.Уақытша пломбаны (тампон, девитализациялаушы құралды) алып тастау;
2.Тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын кеңейтіп ашу;
3.Сауыттық ұлпасын ампутациялау;
4.Түбір өзектердің сағаларын кеңейту;
5.Түбірлік ұлпасын экстирпациялау;
6.Түбір өзектің жұмысшы ұзындығын анықтау
7.Түбір өзекті инструменталды (яғни механикалық немесе аспаптық) және медикаментозды өндеу, соңында кептіру;
8.Түбір өзекті пломбалау (пломбалық материалмен толтыру);
9. Түбір өзек пломбалаудың рентгенологиялық бақылау;
10.Түбірлік пломба бетіне аралық төсем салу;
11. Тістің анатомиялық формасын қалпына келтіру - қуысты тұрақты пломбамен толтыру.

  1. Пульпаның девитальды ампутация әдісі. Әдістің анықтамасы. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

«Девитализация» термині - өліеттендіру білдіреді («vitae» – өмір, «де»- жою), некрозға әкелу.
«Тіс ұлпасының ампутациясы» термині - тіс ұлпасын жартылай, яғни оның сауыттық бөлігін алып тастау білдіреді. Бұл манипуляция тіс қуысын ашып алған соң бордың көмегімен жоғары айналымымен жүзеге асырылады.
Девиталды ампутация әдісінің мәні – тіс ұлпасын девитализациялаушы құралдармен өліеттендіруден кейін, оның сауыттық бөлігін алып тастау, ал ұлпаның түбірлік бөлігін мумификациялау (мумификациялау дегеніміз – өліеттенген ұлпада шіру процесін болдырмау үшін, оны әсері күшті антисептиктермен сіңдіру арқылы өндеу). Бұл әдіс түбір өзектері тар, мүлдем өтпейтін, облитерацияға ұшыраған тістерде жүргізіледі.
Қолдану көрсеткіштері:
* Ұлпа гиперемиясы;
* Анестериктерге қарсы көрсеткіш болса;
* Балаларда, қарт адамдарда;
* Ұлпаның жедел жартылай қабынуы;
* Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы;
* Түбірі қалыптасып бітпеген тістердің ұлпа
қабынуында;
* Түбір өзектерінің өтімділігінің төмендеуі;
* Ауыз қуысының шектеліп ашылуы;
* Науқастың жалпы жағдайының нашарлауы.
* Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық
қабынуы;



  1. Пульпаның девитальды ампутациясының кезеңдері, жүргізу әдістемесі.

Емді ауыз қуысының санациясынан кейін жүргізеді. Мүмкіндігінше


тыныштандыратын және анальгетикалық заттармен премедикация (қарсы
көрсеткіштері болмаса) жүргізген дұрыс.
Бұл әдіс 2 реттік қаралуға есептелген:
Бірінші кезең. Ауыз қуысының санациясы. Премедикация.
Екінші кезең. Тіс жегі қуысын егеу. Егелген қуысты жылы
антисептик ерітіндісімен жуып, мақта тампонмен кептіреді.
Үшінші кезең. Девитализациялайтын пастаны қою. Пастаның
үстіне құрғақ мақта шаригін қояды (егер ұлпа қуысы ашылса).
Кариозды қуысты жасанды дентинмен (дентин-пастаны қолданбаған
дұрыс!) герметикалы жабады. Науқасқа девитализациялық пастаны
қойғанан кейін ауру сезімі пайда болатынын ескерген жөн! Ауру
сезімін төмендету үшін ішке жансыздандырғыш заттар тағайындалады.
Кейінен, келесі реттік қабылдау уақыты таңдалады.II-ші реттік қаралу:
* 1. Уақытша пломбыны алу.
* 2. Кариозды қуысты түгел егеу.
* 3. Тіс қуысын ашу.
* 4. Сауыттық ұлпаны үшкір эксковатормен немесе
шар тәрізді бормен
пульпотомия жасау.
* 5.
Түбір сағасын ашу және түбір сағасынан ұлпаны резекциялау (копьевидный
бормен немесе Gates-Glidden борымен).
* 6. Антисептиклы өңдеу: фурацилиннің
1:1000 ерітіндісімен, 1% хлоргексидин
ерітіндісімен және т.б.
* 7. Тіс қуысын кептіру, және ұлпа тұқылын емдік пастамен жабу
* 8. Тісті уақытша, кейінен тұрақты пломбамен жабу.
Ұлпа пульпотомиясын жүргізгенде тіс тұқылын жабу үшін түрлі пасталарды
қолданады.
* Оларды шартты түрде үш топқа бөлген дұрыс: мумификациялайтын,
метаплазициялайтын және одонтотропты.



  1. Пульпитті аралас (комбинирленген) әдісімен емдеу. Әдістің мәні (анықтамасы). Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет