Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет75/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

135-жаттығу.  Сөйлемдердегі нүктенің  қойылуына  назар  аударып, себебін 
түсіндіріңіздер. 
Қазақ  ертегілерін  шартты  түрде  мынадай  топтарға  бөлеміз:  а) 
Қиял-ғажайып  ертегілер.  ә)  Хайуанат  жайындағы  ертегілер.  б)  Салт 
ертегілер.  в)  Балаларға  арналған  ертегілер.  г)  Аңыз  ертегілер,  күй 
аңызы. (М.Ә.) Күннің бұлыңғырынан ба, жоқ ымырт таяу ма, әйтеуір, 
айнала  боран  болғанмен,  болжап  болмастай  қою  сұр  мұнар 
қоршауында  тұр.  (М.Ә.)  Тобықты  ішінде  Құнанбай  айтты  деген 
сөздердің  ішінде,  «философ»  айтарлық  ақиқат  сөздердің  мына 
сияқтысы  бар:  1.  Құл  мен  қожа  майданда  теңеледі,  жас  пен  кәрі 
білімде  теңеледі,  бай  мен  кедей  жомарттықта  теңеледі.  2.  Адамның 
қай  мінезі  өнері  болса,  сол  мінезі  айыбы  болады.  3.  Кісі  айыбын 
айтпақтан  оңай  жоқ,  өз  айыбыңды  өзің  айтқаннан  ауыр  жоқ.  (М.Ә.) 
Қазақ  тіл  білімінің  көрнекті  өкілдері  Н.Сауранбаев,  С.Аманжолов, 
Ғ.Мұсабаев,  М.Балақаев,  Р.Сыздықова,  Б.Әбілқасымов  және 
басқалары  өз  еңбектерінде  қазақ  әдеби  тілінің  тарихи  бастауы, 
қалыптасу  жолдары  мен  кезеңдері  сияқты  мәселелер  жөнінде 
пікірлерін  білдірген.  (С.И.)  Ақшаға  сатып  байығандары  да  аз  емес. 
(«Ей,  балам,  ақша  жүрген  жерде  әділетке,  адалдыққа  орын  жоқ»,  – 
деп  бұрынғылар  бекер  айтпаған.)  (Ш.А.)  Артқан  түйеңнен  сиынған 
иең  күшті  болсын.  (Мақал)  Арсақай.  Тұз  бермек  түгіл,  у  берсең  де 
берші,  жарқыным!  (Домбыраның  құлағына,  тиегіне  түкіріп,  шерте 
бастайды.) (Ж.А.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет