Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет73/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

133-жаттығу. 
Мәтінді 
мәнерлеп 
оқып, 
өз 
көзқарастарыңызды 
білдіріңіздер.  Сөйлем  соңында  қойылған  тыныс  белгілерінің  ережесін 
түсіндіріңіздер. 
 


 
82 
Сәлем... 
Жаздың  жайма-шуақ  күні.  Балтабек  ағай  баласы  Батаймен  кең 
көшенің  кестедей  айшықты  гүлзарының  қасынан  өтіп  бара  жатып, 
бірге өскен құрдасымен кездесіп қалды: 
– Ассалаумағалейкүм! – деп, ол Өтеннің қолын алды. 
– Сәлем! – деп Батай күлімдеп иек қақты. 
Былай шыға бере Балтабектің реңі бұзылып, қабағы түйіліп, көзін 
жыпылықтата берді. Баласына адырая қарап ашуын төкті.  
– Балам, мимырт болма!.. 
– Неге «мимырт» боламын, Жәке! 
– Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере 
салатын құрдасың емес ол. 
–  Сәлем!  –  дедім.  Сәлемімді  қабылдап,  күлмең  қағып,  күле 
сөйлеп еді ғой... 
– Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай, адамша 
амандасу  қажет.  Амандасу  –  адамның  амандығына  қуанып,  ақ  ниет 
білдіру.  Сәлем  бергенде  де  инабаттылық  пен  әдептілік,  сыпайылық 
пен  сыйласым  керек.  Қария  кісілермен  «ассалаумағалейкүм»  деп 
амандасады. 
– Сөзіңіздің төркініне түсіндім, Жәке. 
(«Халық тағылымы» кітабынан) 
 
134-жаттығу.  Мәтінді  мәнерлеп  оқып,  хабарлы,  сұраулы,  лепті 
сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. 
Орман Не деген сөз десеңізші бұл Оған тірелмейтін тіршілік бар 
ма адам баласында 
Ең  алдымен,  орман  ішінің  ауасын  айтсаңызшы  Оған  жақындай 
бергенде-ақ  шөптің,  шатырдың,  жапырақтың,  топырақтың,  ағаштың, 
гүлдің,  бір  сөзбен  айтқанда,  бүкіл  табиғаттың  хош  иісі  мұрынды 
жарады Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет 
сусын іспеттес ауаны қайта-қайта жұтумен боласыз 
Орман  дегеніңіз  отар-отар  мал  іспеттес  екен  ғой  өзі  Сол 
отарлардан жыл сайын мал бөлініп, халықтың азық-түлігіне, керегіне 
жөнелтіліп  жатпай  ма  Сол  сияқты  жыл  сайын  орманнан  да  ағаш 
кесіліп, халық қажетіне, мұқтажына жіберіледі 
Алтайдың  елгезек  өзендері:  Бұқтырма,  Күршім,  Нарын,  Үлбе, 
Уба  облыстық  ағаш  таситын  арбасы  есепті  Олар  тауда  құрылыс 
ағаштарына  арқаларын  тосып  дайын  тұрады  Содан  соң  жұп-жұмыр 


 
83 
бөренелер  поезға  тиеледі  Қаз  дауысты  тепловоздар  оларды 
республиканың түпкір-түпкіріне тасиды 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет