134
отыруды да білді.
(Ж.А.) Қазақ тілінде салалас құрмалас
сөйлемдердің қалыптасқан мынадай түрлері бар: 1) ыңғайлас
(мезгілдес) салалас; 2) қарсылықты салалас; 3) себеп-салдар салалас;
4) талғамалы салалас.
206-жаттығу.
Көркем шығармалардан нүктелі үтірдің жоғарыда
көрсетілген ережелеріне байланысты екі мысалдан тауып жазыңыздар.
207-жаттығу. Сөйлемдердің қажетті тыныс белгілерін қойып, көшіріп
жазыңыздар. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер.
Дауыс жер астынан шыққандай селк етіп зәресі зәндемге кетті
жығылып барып оңалды.
(Ж.А.) Ұзын сапты ақ балтасын
жарқылдатып құлаштай соғып құлатылған қарағайларды бұтарлайды
да жатады үнемі сөзбен де ісі жоқ әкем сияқты үндемейтін бір пенде.
(С.Ш.) Төңкерістің арғы жағында қазақтың қанішер хандары
батырлары парақор болыс би ауылнай ақсақалдары еңбек жегіш
байлары төңкерістің тап соғысының кезіндегі оқиғалар алашорда
осылардан да жазылғандар аз.
(С.М.) Ін үстіне мүйіз тұяқтар
тасырлап дүбірлеп келді айқай-дабыр молайды.
(М.Ә.) Күнікей күліп
отырып томсарып қалады томсарып отырып күліп жібереді біресе
апасымен шартпа-шұрт келіп қалды біресе жайдарымсып апасының
мойнынан құшақтайды бір сағаттың ішінде күзгі күндей қырық
құбылады.
(Ж.А.) Өздерінің сиырларын суарам ғой деп барып еді
Қартқожаның ол ойы болмады ауылдың сиыры қаптап кетті.
(Ж.А.)
Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық Сақалын сатқан
кәріден еңбегін сатқан бала артық. Айдын сөзінің қазіргі тіліміздегі
негізгі мағыналары 1 айбын күш-қуат 2 көлдің тұнық судың
жарқыраған беті. Сегіз жарымда атыма мініп генералға бардым
генералдың да адъютанттың да қазір қолдары тимей жатқан шығар
деп көшеге тоқтадым да атымды дуалға байлап генерал атына мініп
шыққан кезде артынан қуып жетермін деген оймен үйдің іргесіндегі
қалама отырғышқа барып отырдым.
Достарыңызбен бөлісу: