Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет159/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

259-жаттығу. 
Төмендегі  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  тыныс 
белгілерін  қойып,  көшіріп  жазыңыздар.  Сабақтастың  қай  түріне  жататынын 
анықтаңыздар. 
1)  Дәл  сол  кезде  есік  сарт  етіп  ашылып  Наргүл  кіріп  келді.  2) 
Көңілденіп  істесе  жұмыс  өнімді  болмақ.  3)  Күн  ашық  болғанмен 
шытқыл  аяз  екен.  4)  Дос  қолындағы  етікті  қайта  сілтей  бергенде 
Ақкемпір ақырып тыйып тастады. 5) Оған көңіліңді аудара бергенше 
көзің  қыдырып  жүріп  тағы  бірдемені  тауып  алады.  6)  Мұғалім 
келісімен Қарашолақ азаматтары жиналып кеңес құрды. 7) Әттең бір 
атым  насыбай  деп  отырғанда  бір  шақша  алдына  келіп  топ  етті.  8) 
Мағаштар  жауыз  зорлықтың  бар  көлемін  ашқалы  Абай  қатты 
қиналып  тыныштық  ала  алмады.  9)  Аңшы  осы  жерге  жақындай 
бергенде  бұғы  үш  аяқтап  өрге  қарай  ата  жөнелді.  10)  Халық  өз 
бақыты  үшін  күресетінін  өзі  білсе  оған  ешбір  жау  төтеп  бере 
алмайды.  11)  Күздің  санаулы  күндерінің  бірі  бола  тұра  ауа  райы 
жақсы еді. 12) Балалық мінезі әлі қалмағанмен өзін үлкен адамдарша 
ұстағысы  келеді.  13)  Залда  жүрген  адамдардың  бәрі  қолтықтасып 
жүрген  соң  сұр  жігіттің  бұл  қолтықтасуы  Раушанға  манағыдай  ерсі 
көрсетеді.  14)  Аспан  ақтарылып  жерге  түскендей  бес  минуттың 
ішінде  жер  беті  көл  болып  кетті.  15)  Ұзын  кірпіктері  қыбыр-қыбыр 
етіп Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. 16) Бүгін 
бірер керек кітабын алып шықпақ болып өзі жалғыз кіріп еді. 
 
260-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 
Есенейге  екі  нәрсе  өтпейді  оқ  өтпейді  сөз  өтпейді.  (Ғ.Мүс.)  Той 
жабдығына  арналған  бүкіл  салтанатты  мәзір  осында  әйдік  тай 
қазандарда  палау  басылып  бірнеше  жерден  қазылған  жерошақтарда 
терісін  тұтас  сыпырған  қой-ешкі  қара  малдардың  еттері  қақталып 
жатыр. (Р.Тоқт.) Қазірде де ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр ән 
тоқтай  қалса  кішкентай  қыз  қарақаттай  қап-қара  көздерін  ашып 
алады.  (М.Ә.)  Цин  сарайы  тағы  да  екіге  жарылды  Маншың 
әкімдерінің  бір  бөлігі  көтерілісшілерді  жақтаса  екінші  бір  тобы 
шетелдіктермен қатынасын үзгісі келмеді. (Қ.Жұм.) Оның тез үйреніп 
кеткені сондай үйге кірсем бірге кіреді далаға шықсам ол да шығады 
бір  жаққа  барам  десем  бірге  барам  дейді  тегі  екі  елі  ажырамайтын 
емес.  (Б.Н.)  Азғантай  оқымыстылар  ала  бірі  Советті  қолдаса  бірі 
байды  қолдайды.  (Ғ.М.)  Қосар  түрде  сөйлегенде  жай  етістіктер 


 
181 
мағына беруші болып алда жүреді көмекші етістіктер өзгеруші болып 
сонда жүреді. (А.Б.) 
 
261-жаттығу.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  тыныс  белгілерінің  қойылу  себебін 
анықтаңыздар. 
Ей, балалар, балалар! 
Бірің – шекер, бірің – бал 
Бірің – қайың, бірің – тал. 
Жас кезіңде ойнап қал, 
Ойнап жүріп, ойлап та ал, 
Ой түбінде жатар бал! 
Илеуінде қайнаған
Жазды еңбекпен жайлаған. 
Ұзақтан дән тасыған
Досына жаны ашыған, 
Құмырсқаға көзің сал! 
Жұмысын көр! Тәлім ал! 
Гүл-гүлден шымшып бал жиған, 
Жесін деп сендер ол жиған. 
Қанатын желге сындырған... 
Сонда да жұмыс тындырған 
Бал араға көзің сал! 
Жұмысын көр! Тәлім ал! 
Кітаптың беті гүл-лала. 
Оқыған бала – бал! 
(Ө.Тұрманжанов) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет