28
Бөлек жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
Күрделі
атаулар
Күрделі
сан,
сын
есімдер
мен етістік
Есім,
еліктеуіш
сөздер мен
етістіктерд
ен құралған
сөздер
Еш, әр, кей,
бір,
қай,
әлде
есімдіктері
тіркескен
зат есімдер
Тұрақты
тіркестер
Екі зат есім қатар айтылып, бір
ғана затты, құбылысты, ұғымды
атап, алдыңғысы соңғысының
тегін, неге, кімге арналғанын,
немен жұмыс істейтінін және
өзге заттардан ажыратылатын
белгілерін білдірсе
Қазақстан
Республи
касы
он бір, көк
ала, оқып
отыр
ән
салу,
жарқ етті
еш адам,
бір жұмыс,
бір кісі
бас тарту,
қол ұшын
беру
ат қора, ағаш тарақ, ұл бала,
ортан жілік, бас сүйек
Ескерту. Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы
болып кеткен сөздер бірге жазылады:
беторамал, асқасық, шайқасық, кірсабын,
иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, қолара т.б.
«Бір» есімдігі мен «бір» сан есімін шатастырмау керек. Белгісіздікті
білдіретін «бір» есімдігі зат есімдермен тіркескенде әрдайым бөлек жазылады:
бір адам, бір сәт, бір уақыт. Ал «бір» сан есімі анықтаушы-анықталушы
қатынастан ажырап, бірігіп жазылса
(бірасым ет, бірбақайлы, бірасар (қару),
біржұтым, біриірім, біркүндік, бірқайнатым, бірқазан, біртүйір, бірұрттам,
бірүзім, біршөкім, бірыңғай, бірішек т.б.
), кейбір сөздердің анықтауыш қызметін
атқарып, бөлек жазылады:
бір буда, бір елі, бір жапырақ, бір жеті, бір мүшел,
бір жамбас, бір бет қағаз, бір төбе, бір тал шаш т.б.
47-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бөлек жазылған сөздерді тауып,
ережесін түсіндіріңіздер.
Бұдан бұрын еш уақытта Гүлсары қасқыр үнін естімеген, лезде
тұла бойы мұздап, үрей қармап қалды.
(Ш.А) Абайдың ақмаңдайы
кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары
жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі.
(М.Ә.)
Қаныштың
Қазақ
Ғылым
академиясындағы
президенттік
қасиеттерінің ең зоры – ол аса талантты және қажырлы, еңбекке
төзімді ұйымдастырушы.
(М.Ә.) Ана тілін ұмытқан адам өз халқының
өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
(Ғ.Мүс.) Иесі анау үйдің
бұрын болған, кісі еді заманында бақыт қонған.
(А.Б.) Бұл қарасөз
Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол
қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді.
(М.Ә.)
Мамырбайдың бәйбішесі маң-маң басып, киіз үйін қағып-сілкіп,
жинатқызып жүрген еді.
(Ж.А.) Бұлар хазіреттің қорасына кіріп, асау
29
құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, сыйлық екенін іші
біліп, үн қатпаған болатын.
(М.Ә.)
48-жаттығу. Төмендегі сөздердің қалай жасалғандығына түсінік беріп,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
1. Еңбеккүн, шикізат, беторамал, зейнетақы, жолазық, тасжол,
күретамыр, қырықаяқ, ақбөкен, ақбидай, бізтұмсық, қойжусан,
сөзтұлға.
2. Су жорға, мысық мұрт, ақ аю, ақ жауын, ат арба, ата қаз, бас
бәйге, бел омыртқа, жер үй, жеті тоғыз, қан тамыр.
49-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес
бөлек
жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
50-жаттығу. Көркем шығармалардан бөлек жазылатын күрделі сөздердің
әр түріне мысал келтіріңіздер.
51-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап,
бағанға бөліп жазыңыздар.
І. Көк(найза), сары(жілік), құм(бетеге), бет(орамал), қой(жусан),
ақ(қайың), ит(бүлдірген), сары(аяз), бал(қарағай), кіндік(бау),
әлде(сиыр), ағаш(төсек), қара(торғай), ақ(қоян), қара(бидай),
мүйіз(жапырақ), әр(кім), күрке(тауық), алып(сатар), қос(аяқ),
кіндік(бала), қырық(аяқ), бір(жолата), үш(бұрыш), кей(адам),
бас(жүлде), бір(жұмыс), шаш(кептіргіш), шолақ(қол), еш(уақытта),
мүйіз(төсек).
ІІ. Бір(қыдыру), әр(қашан), жол(азық), кіндік(кесер), ағаш(күрек),
темір(жол), бас(сүйек), бір(талай), фото(үлкейткіш), бас(жіп),
ағаш(балға), шаш(бау), ағаш(ат), темір(қазық), ағаш(тілгіш), үш(аяқ),
ақ(жауын), ақ(тілек), темір(күрек), сары(жұлдыз), еш(қандай),
үш(жақты),
кіндік(шеше),
шолақ(жең),
электр(қозғалтқыш),
мүйіз(дәрі), шаш(тарақ), авто(реферат), үш(таған), тіс(ағаш).
52-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын
анықтап, жаттығуды көшіріңіздер, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
(Әр)кімнің өз жері – Мысыр шаһары. (Әр)елдің заңы басқа,
иттері қара қасқа. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала
(еш)нәрсені ойламайды. (Әр)нәрсе сынарында өзінен мықтыға
жолығады. Ана сүтін ақтамағанды (еш)кім мақтамайды. Болар елдің
30
баласы, (он)бесінде «баспын» дер, болмас елдің баласы, (отыз)бесте
«жаспын» дер. Бір ауылда мың туысың болғанша, (әр)ауылда бір
туысың болсын. Тірлікте ілім үйрен көріп жүріп, (әр)жақсының
соңынан еріп жүріп. Тілге (әр)күн мейрам. (Әр)кімнің бір ойы бар,
қорасында мың қойы бар. Алпыс адам аттан жығылса, (әр)қайсысы өз
ауырған жерін сипайды. (Әр)нәрсе уақытымен қызықты. Аузы құлып
сандықты, кілт ашпаса тіл(ашар), түйін-түйін сырыңды түбінде келіп
шын(ашар). Сөз(салысқан) дауға ортақ, ат(салысқан) жауға ортақ.
(Әр)кім өз ойынан хабар берер. (Әр)кімнің бір аңдыған жауы бар.
Достарыңызбен бөлісу: