Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет19/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

 
36-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бірге 
жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
37-жаттығу.  Орфографиялық  сөздіктен  о  баста  идиомалық,  фразалық 
тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен он-
он бес сөз теріп жазыңыздар, емлесін есте сақтаңыздар. 
 
38-жаттығу. Көркем шығармалардан бірге жазылатын күрделі сөздердің әр 
түріне мысал келтіріңіздер. 
 
39-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бірінші сыңары теле, радио, авто, 
аэро,  агро,  авиа,  фото,  кино,  ультра,  инфра,  электр  сөздерінен  жасалған 
біріккен сөздерді теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
  
 
40-жаттығу. Екі-үш түбірден біріккен он-он бес географиялық атау жазып, 


 
25 
олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
41-жаттығу. Төмендегі бірге жазылған балық, ойын, өсімдік атаулары мен 
зоологиялық  терминдерді  өзара  ажыратып,  бөліп  көшіріңіздер.  Сөздердің 
жазылуын есте сақтаңыздар. 
Үлгі:  
Балық атаулары: айбалық, ... 
Ойын атаулары: алтыбақан, ... 
Өсімдік атаулары: ағашшырмауық, ... 
Зоологиялық терминдер: айырқұйрық, ... 
 
Ағашшырмауық,  алтыбақан,  айгүл,  айырқұйрық,  барыпқаш, 
ақжапалақ,  жиырмабір,  айғыржуа,  айдаршөп,  айбалық,  алтынқабақ, 
айнакөз,  ақбөкен,  қақпатас,  аққаз,  аққоян,  айылжуа,  ақбидай, 
ақжалбыз,  ақжелек,  қарабие,  ақкелін,  ақтерек,  арамсояу,  бұраңбас, 
қызқуу,  ақтиін,  қазандоп,  ақкөз,  ақсерке,  қозыжарыс,  алажертесер, 
ақтырна,  ақшабақ,  ақшағала,  алабүйі,  арқаржусан,  арпабас, 
ащытамыр,  аюқурай,  балауызағаш,  балмұрын,  батпақгүл,  бөріаяқ, 
доңызот,  итжидек,  орамалтастамақ,  қолтұзақ,  алақарға,  өгізай, 
сартұқыш,  өгізтартыс,  бұйраторғай,  шағыршай,  шайжапырақ, 
шайжүгері, 
шайқурай, 
шайтанкелмес, 
шайсаңырауқұлақ, 
шайтанқұлақ,  шатыршөп,  шаянмойнақ,  шаянмойын,  шегіргүл, 
шеміршексүйектілер, шерменгүл. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет