Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата01.02.2023
өлшемі1,76 Mb.
#167044
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

format әдісі. 
Кейде қандай да бір мәліметтер негізінде жаңа тіркестер құрастыру керек 
болып жатады, ондай жағдайда 
format
әдісі (функциясы) қолданылады. 
 
Келесі тіркестерді теріп, оларды 
str_format.py
файлына жазып сақтаңыз:
a--> 26 
b--> -18 
c--> 72 
d--> 10.0 
e--> 1156 



age = 
19 
name = 
'Азат'

print
(


'{0} биыл {1} жаста.'
. format(name, age)) 
print
(
'Енді {0} Python тілінде программалауды үйреніп жүр.'
.format(name)) 
Бұл программа нәтижесі мынадай түрде болады:
Бұл программа қалай жұмыс істейді:
Тіркес ішіне қандай да бір жаңа символдарды енгізуімізге болады, ол үшін 
format
әдісі 
қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдағы {0} деген жазу үтірден кейінгі алғашқы 
тұрған 
name
айнымалысы мәнін шығаруды көрсетеді, ол 
format
әдісінің бірінші аргументі 
болып табылады. Соған ұқсас, {1} деген екінші жазу 
age
айнымалысына сәйкес келеді де, ол 
format
әдісінін екінші аргументі болып табылады. Python санауды 0-ден бастайды, сондықтан, 
бірінші позиция – 0 нөмірі, екінші – 1 нөмірі және т.с.с. болып жалғаса береді. 
Үш тіркесті де бірден біріктіре салуға болатын еді:
name + ' биыл ' + str(age) + ' ' жаста екен.', 
бірақ мұндай жағдайларда қателесіп кетуге болады. Жалпы, 
format
әдісі арқылы тіркестерді 
түрлендіру автоматты түрде іске асады. Оған қоса, 
format
әдісін қолданғанда айнымалыларға 
тиіспей шығарылатын тіркестік мәліметтерді (мәтіндерді) өзгертіп отыру мүмкіндігі бар.
Сандарды жоғарыдағыдай түрде жазу міндетті емес. Оларды басқаша да жазуға болар еді:
age = 
19 
name = 
'Азат'
 
print
(
'{} биыл {} жаста.'
.format(name, age)) 
print
(
'Енді {0} Python тілінде программалауды үйреніп жүр.'
.format(name)) 
Мұның да нәтижесі алдыңғыдай болады. Сонымен, 
format
әдісі арқылы әрбір аргументтің 
мәнін өзіміз қалаған орынға қоя алады екенбіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет