Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)


Логикалық және физикалық жолдар



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата01.02.2023
өлшемі1,76 Mb.
#167044
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Логикалық және физикалық жолдар. 
Физикалық жол (line – строка) дегеніміз – 
программаны компьютерге теріп жатқанда сіздің экранда бір жолда орналасқан жазуларыңыз. 
Ал логикалық жол дегеніміз – Python-ның біртұтас сөйлем ретінде көретіні. Әдетте Python 
әрбір физикалық жол логикалық жолға сәйкес келеді деп есептейді.
 
Логикалық жолға мысал ретінде 
print
(
'Бүгін қай күн?'
) сөйлемін алуға болады, бірақ ол 
сөйлем бір ғана жолға жазылуы керек. Бір жолға бір сөйлемді жазған ыңғайлы – кодты жылдам 
түсінуге болады. Бір физикалық жолға бірнеше логикалық жолды жазу үшін араларын нүктелі 


10 
үтірмен (
;
) бөлу керек. Бұл белгі логикалық жолдың және логикалық сөйлемнің аяқталғанын 
білдіреді. Мысалы,
і = 5
print(i)
оны былай да жазуға болады:
і = 5; print(i);
және оны мынадай түрде де жазуға болады:
і = 5; print(i);
немесе мына түрде:
і = 5; print(i)
Бір жолға бір логикалық жолды жазған ыңғайлы, өйткені мұндайда нүктелі үтірді қоюдың 
қажеті болмайды. 
Азат жолдар. 
Python-да жол басында кездесетін бос орындардың маңызы үлкен. Оларды 
азат жол деп атайды. Жол басындағы шегіністер (бос орындар мен табуляция) логикалық 
жолдың деңгейін анықтауға көмектеседі, оны өз кезегінде бірнеше жолдарды (операторларды, 
сөйлемдерді) топтастыру үшін қолданамыз. Бірге орындалатын сөйлемдердің азат жолдары 
бірдей болуы тиіс. Мұндай сөйлем жиындары блок деп аталады. Бұрыс басталған азат жол 
қателікке әкеледі. Мысалы, 
 
і = 5
print('Mәтін құраймыз') # Қате! Жол басында бос орын
print(
"
Тағы да мәтін қосамыз
"
, і)
осы жолдарды орындағанда келесідей қате шыққанын көреміз:
print('Mәтін құраймыз') # Қате! Жол басында бос орын 

IndentationError: unexpected indent 
Екінші жолдың басында бір бос орын бар екеніне назар аударайық. Python программа 
синтаксисі ереже бойынша жазылмаған деп көрсетіп отыр. Сөйлемдердің келесі жаңа блогын 
кез келген азат жолдан бастай алмайсыз. 
Үнсіз келісім бойынша жазылатын негізгі блокты 
санамағанда, әрине
. Сонымен бірге бос орындар мен табуляция символдарын араластыруға 
болмайды. Азат жолдың әрбір деңгейі үшін бір табуляция символы мен төрт бос орын 
символын қолдануды ұсынамыз. Осындай қалыптасқан бір стильді үнемі қолданған жөн. Сол 
сияқты, кейбір дайын программада ұсынылған стильді де жалғастырып отырған тиімді. 
Komodo Edit
редакторы мұны автоматты түрде жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет