Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата01.02.2023
өлшемі1,76 Mb.
#167044
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Операторлар мен өрнектер 
Python тілінде операторлардың орындалу приоритетін сақтау керек, яғни бірінші кезекте 
көбейту және бөлу операторлары орындалады. Ал қосу мен азайту амалдарының приоритеті 
олардан төмен. Егер операцияның приоритеті бірдей болса, онда олар солдан оңға қарай 
кезекпен орындалады.
Операторлардың орындалу кезегін өзгерту үшін жай жақшалар қолданылады – олар ең 
алдымен орындалатын операторларды көрсетеді.
(3 + 7) * (6 + 4)
Бұл өрнектің мәні 100 болады. Егер жақшаны алып тастайтын болсақ, нәтиже өзгереді:
3 + 7 * 6 + 4


11 
Python алдымен 7-ні 6-ға көбейтеді, көбейтіндіге 3 пен 4-ті қосады. Нәтиже басқаша болып 
шығады – 49.
Операторларды орындау реттілігі және олардың приоритеттері (бірінші кезекте 
орындалатындары) 
Бірінші өрнек мысалында біз + смиволын пайдаландық және осы символдың жанында 
қатар тұрған екі санды қосу операциясын орындауға нұсқау бердік. Бұл жағдайда + оператор, 
бір немесе екі операнд мәніне қарапайым амал орындайтын команда.
Программадағы көптеген сөйлемдер (логикалық жолдар) өрнектен құралған. Өрнекке 
қарапайым мысал: 2 + 3. Өрнекті оператор мен операндтарға бөлуімізге болады. Оператор деп 
амалдарды, ал операнд деп сандарды айтуға болады. Өрнектегі операндтар 2 және 3. 
Мына мысалдарды теріп жазыңыз:
>>> 2 + 3

>>> 3 * 5
15
Жауабы бірден есептеліп отыр.
2+2 деген тізбекті өрнек деп атадық. Программалау тіліндегі өрнек термині – аяқталған іс-
әрекетті орындайтын команда. Өрнек – сандардың, айнымалылардың және функциялардың 
арифметикалық амалдармен біріктірілген тізбегі. Қандай да бір мәнді есептеу, деректердің 
қандай да бір құрылымын жасау, программалық кодты орындауды басқару, функцияны немесе 
әдісті шақыру командасы іс-әрекет деп аталынады.
Python тіліндегі кез келген өрнек каретаны кері қайтару және жолды ауыстыру 
символымен аяқталуы керек. Олар программалық кодқа батырмасын басу арқылы 
қойылады.
Тағы да бірнеше өрнек қарастырайық.
>>> 3*4+8
3-ті 4-ке көбейтеміз, пайда болған көбейтіндіге 8-ді қосамыз және 20-ны аламыз. Көбейту 
амалы қосу амалынан бұрын орындалады.
>>> 5/6 5-ті 6-ға бөлеміз және – 0,8333333333333334 мәнін аламыз. 
Программадағы жолдың ретіне қарай іс-әрекеттер де рет-ретімен орыңдалады. Программа 
кодын жазғанда кері шегіністерге мән беру аса маңызды болып табылады. Сондықтан, іс-
әрекет реттілігіне кіретін операторлардың барлығы да бірдей шегініспен жазылуы тиіс:
а = 1
b = 2
а = а + b
b = a - b
а = а-b
print (a, b) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет