12
/
Бөлу
x санын у санына бөледі.
//
Бүтінсандық бөлу Бүтін сандарды бөліп, бүтін бөлінді табуды іске асырады.
%
Модуль бойынша
бөлу
Бүтін сандарды бөліп, қалдықты көрсетеді.
<<
Солға жылжу
Санның биттерін солға қарай бірнеше рет жылжытады. Кез
келген сан компьютер жадында биттік, яғни екілік жүйеде
бейнеленеді.
>>
Оңға жылжу
Санның биттері тізбегін оңға қарай бірнеше позицияға
жылжытады.
&
Биттік ЖӘНЕ
Сандарға орындалатын биттік ЖӘНЕ операциясы
|
Биттік НЕМЕСЕ
Сандарға орындалатын биттік НЕМЕСЕ операциясы
^
Биттік ТЕК ҚАНА
НЕМЕСЕ
биттік ТЕК ҚАНА НЕМЕСЕ операциясы
~
Биттік ЖОҚ
x саны үшін биттік ЖОҚ операциясы – (х+1)-ге тең.
<
Кіші
х-тің у-тен кіші екендігін анықтайды. Салыстыру
операторларының барлығы да True немесе False мәнін
қайтарады. Бұл сөздер бас әріппен жазылғанына назар
аудару керек.
>
Үлкен
х-тің у-тен үлкен екендігін анықтайды.
<=
Кіші немесе тең
х-тің у-тен кіші немесе тең екендігін анықтайды.
>=
Үлкен немесе тең х-тің у-тен үлкен немесе тең екендігін анықтайды.
==
Тең
Объектілердің тең екенін анықтайды.
!=
Тең емес
Объектілердің тең емес екенін анықтайды.
not
Логикалық ЖОҚ
Егер х саны True болса, онда False мәнін қайтарады. Егер х
саны False болса, онда True деген мән береді.
and
Логикалық ЖӘНЕ Егер х саны False болса, х және у False деп есептеледі. Kepi
жағдайда у мәнін жазады.
or
Логикалық
НЕМЕСЕ
Егер х саны True болса, онда True деп жазады. Кері
жағдайда у мәнін жазады.
Математикалық операцияларды және меншіктеуді қысқаша жазуға болады.
а = 2; а = а*3
өрнегін
a = 2; a *= 3
түрінде жазуға болады.
«
айнымалы=өрнектің айнымалы мәні
»
түріндегі өрнектерді
«
айнымалы операция=өрнек»
түрінде жазуға болады.
Есептеу тәртібі өзгешерек. Мысалы + 3 * 4 түрінде өрнек берілсе, көбейту амалының
бірінші орындалатыны мектеп курсынан белгілі. Көбейту амалының приоритеті қосу
амалынан басым. Келесі кестеде Python операторларының приоритеті көрсетілген. Кестенің
төменгі жағында орналасқан операторлар ең алдымен есептеледі де, кестенің жоғарғы
бөлігіндегілер соңында есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: