Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата01.02.2023
өлшемі1,76 Mb.
#167044
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Идентификатор аттары. 
Айнымалы атаулары идентификатордың бір түрі ғана. Иденти-
фикатор дегеніміз – бір нәрсені (айнымалыны, функцияны, т.с.с.) белгілеу үшін берілетін ат. 
Оларға ат бергенде келесі ережелерді сақтаған жөн:
 
­
идентификатордың бірінші символы әліпбидегі әріп (жоғарғы не төменгі регистрдегі 
ASCII немесе Unicode символы) немесе астын сызу белгісі ("
_
") болуы тиіс.
­
идентификатордың қалған бөлігі символдары әліпбидегі әріптерден, астын сызу 
белгісінен, 1 мен 9 аралығындағы сандардан құрала алады.
­
идентификатор аты регистрге сезімтал келеді. Мысалы, 
myname
және 
MyName
екеуі 
бірдей емес.
­
идентификатор аты мынадай түрлерде жазыла алады: 
і
, _
my name

name_23

а1b2_сЗ, 
Aika12,
т.с.с.
­
идентификатор аты мынадай түрлерде жазыла алмайды: 
2things – цифрдан 
басталмайды
, Beke 3m – мұнда бос орындар бар, "
my>b2
" – 
тырнақшаға (
"
)
алынбайды 
және 
">" символын да қолдана алмаймыз. 
Мәлімет түрлері. 
Айнымалылар мәлімет түрлері деп аталатын әртүрлі типтегі мәндерді 
сақтай алады. Мәліметтің негізгі түрлері – сандар мен сөз тіркестері. Кластар көмегімен 
өзіндік типтерді қалай құруға болатыны кейіннен айтылады.
 
Объектілер. 
Python ортасында берілгендердің бәрін де жалпы, олардың кең мағынасында, 
объектілер ретінде қарастырады. Python программасында сандар, тіркестер, функциялар – 
барлығы да объект болады. Python-да программа жазу жолы: 
 
1. Komodo Edit редакторын ашыңыз.
2. Мысалда келтірілген программа мәтінін теріңіз.
3. Оны файлға сақтаңыз, атын түсініктемеде көрсетіңіз. Файл кеңейтілімі 
.ру
болуы тиіс. 
4. 
program
.
py
арқылы 
python3
ортасы интерпретаторын іске қосыңыз. 
Айнымалылар қарапайым түрде оларға мән беру арқылы қолданылады. Оларды алдын ала 
жариялаудың немесе деректер түрін анықтаудың қажеті жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет