Qr, st жоғары ығысқан. Оттегі сатурациясы 85%


Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттауға



бет39/70
Дата25.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#199257
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
!60 жастағы ер адам мынадай шағымдармен келіп түсті тұншығу, а-emirsaba.org

Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттауға
5 курс Жалпы Медицина мамандығы бойынша
«Фармакология» пәнінен
2020-2021 оқу жылына арналған
жаттығу тапсырмалары
#1Қорқыныш сезімі, ішкі кернеу, мазасыздықпен жүретін ұйқысыздықта ең тиімді дәрілік зат нитразепам
#2 Негізінен норадреналиннің кері ұсталуын тежейтін антидепрессанттар тобынан алынған препарат Мапротилин
#3 Галоперидолды қабылдау аясында туындайтын дәрілік паркинсонизм синдромының дамуы қандай рецепторлардың тежелуімен байланысты, орталық Д2 рецепторлары
#4 Хлорпромазинді қабылдау аясында дәрілік паркинсонизмді емдеу үшін қандай
препаратты тағайындау тиімді Циклодол
#5 Әр түрлі уақыт белдеуі бар елдерге ұзақ іссапармен байланысты ұйқысыздықты емдеу үшін ең тиімді препарат болып табылады Рамелтеон
#6 Антидепрессанттар тобына жататын, негізінен серотониннің кері нейроналды ұсталуын тежейтін дәрілік зат. Флуоксетин
#7 Науқаста ішкі кернеу, мазасыздық шағымдарымен жүретін невроз дамыды. Жағдайдың нашарлауы жұмыстағы жиі стресстік жағдайлармен байланысты. Осы жағдайда ең тиімді препаратты таңдаңыз. Фенозепам
#8 40 жастағы науқаста жіті миокард инфарктісі аясында ауыру синдромын басу мақсатында нейролептанальгезия жүргізілді. Нейролептанальгезияны жүргізу үшін қолданылатын препараттар Дроперидол, Фентанил
#9 Депрессияны емдеу үшін қолданылатын зат, негізінен серотониннің кері нейроналды ұсталуын тежейді. Флуоксетин
#10 Шизофренияны емдеу үшін қолданылатын, дәрілік паркинсонизмнің дамуы тән емес дәрілік зат рисперидон
#11 Ісіну мен ауырсынумен жүретін артритпен ауыратын 85 жастағы науқасты емдеу үшін ең тиімді қабынуға қарсы зат болып табылады : диклофенак натрий
#12 Ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылатын қабынуға қарсы препарат, ол тәбеттің жоғарылауы, қан қысымының жоғарылауы, аяқтың ісінуі сияқты жанама әсерлермен сипатталады. Ең ықтимал препарат: Дексаметазон
#13 Терең тамыр тромбозы бар науқасқа антиагрегант тағайындалды, препаратта қызуды түсіретін және орташа қабынуға қарсы әсерлері бар Ацетилсалицил қышқылы
#14 Гипертиреозбен ауыратын науқасқа радиоактивті йод тағайындалады. Оның әсер ету механизмі : қалқанша без фолликуласының бұзылуы
#15 H1 гистаминдік рецепторлардың тежегіштері тобына жататын препарат, оған жиі ұйқышылдық сияқты жанама әсердің дамуы тән тавегил
#16 Науқас А., 25 жаста, макроциттік анемиямен ауырады, ішек микрофлорасы синтездейтін дәрумендік тобынан препарат тағайындалды. Бұл қандай препарат? Фолий қышқылы
#17 Организмде синтезделмейтін дәрумендер тобынан алынған препарат тотығу тотықсыздану реакцияларына қатысады, темір иондарының сіңуін жақсартады, ағзаның иммундық жүйесінің белсенділігін арттырады. Бұл ықтимал препарат Аскорбин қышқылы, витС
#18 Гемералопиясы бар науқасқа ("тауық соқырлығы") организмнің инфекцияларға төзімділігін арттыратын фоторецептацияға қатысатын майда еритін дәрумен тағайындалды. Бұл қандай препарат? Вит А, ретинол
#19 Гипохромды анемияға байланысты 25 жастағы науқас парентеральді енгізуге арналған препаратты қабылдайды, бірақ бет пен мойын терісінің гиперемиясы, белдегі ауырсыну мазалай бастады. Қандай препаратты қабылдау кезінде көрсетілген жанама әсерлердің дамуы ықтимал
Феррум лек
#20 Науқасқа гепаринмен антикоагулянттық терапия жүргізілді. Енгізу аясында геморрагия түрінде асқынулар пайда болды. Асқынуларды жою үшін гепарин антагонисті енгізілді. Бұл препарат Протамин сульфат
#21 Митральды қақпақшаны протездеу операциясынан кейін тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін қолданылатын бауырдағы протромбин мен проконвертин синтезін тежейтін препарат. Бұл препарат Синкамур
#22 Тікелей емес антикоагулянттардың антагонисті Викасол
#23 Ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыратын, ЖРВИ емдеуде қолданылатын коллаген синтезіне қатысатын дәрумен. Ең алдымен мұндай препарат: Аскорбин қышқылы, витС
#24 С есімді науқасқа созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында туындаған анемияның патогенетикалық терапия үшін препарат тағайындалды. Мұндай препарат Эритропоэтин
#25 Науқасқа темір тапшылығы анемиясы диагнозы қойылған. Ең тиімді патогенетикалық терапияға арналған препарат Ферроплекс
#26 ЖИА аясында тромбтың пайда болуының алдын алу үшін қолданылатын антиагрегаттық, қабынуға қарсы және антипиретикалық әсерлері бар препарат. Ацетилсалицил қышқылы
#27 Касл факторының жеткіліксіз өндірілуіне байланысты анемияны емдеуге арналған дәрумендік препарат. цианокобаламин
#28 Оңалту кезеңінде науқас варфарин алды. Кенеттен науқаста мұрыннан қан кету, теріде геморрагия пайда болды. Осыған байланысты варфариннің антагонисті тағайындалды. Викасол
#29 Ауруханаға жедел тромбозы бар науқас жеткізілді. Тромболитикалық ем жүргізу үшін қандай препаратты тағайындаған дұрыс урокиназа
#30 Дене салмағының жоғарылауын тудырмайтын, антиагреганттық әсері бар пероральді гипогликемиялық препарат. Гликлазид
#31 Инсулиннің артық дозалануы кезінде гипогликемиялық комада қолданылатын ең қолайлы препар адреналин
#32 Брадикардиялық заттар тобындағы препараттың антиангинальді әсерінің негізгі механизмі миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді
#33 Изосорбид мононитратының негізгі жанама әсері гипотония, ортостатикалық гипотония, нитратты бас ауруы итд
#34 Пирензепиннің антисекреторлық әсерінің ең ықтимал механизмі м1холинорецепторларды тежейді, кезбе нервтің әсері асқазанға азаяды секреция төмендейді
#35 Фамотидиннің антисекреторлық әсерінің ең ықтимал механизмі н2 гистаминды рец.тежеу арқылы
#36 Дауыстың қарлығуы, ауыз қуысының кандидозы сияқты жанама әсерлердің дамуы қандай бронхолитикке тән , беклометазон
#37 Ішектің рентгендік зерттеуінің қарсаңында қолданылатын бүкіл ішекке бойына әсер ететін іш айдағыш зат магний сульфат
#38 Ренин-ангиотензин жүйесінің бұзылуымен байланысты артериялық гипертензиясы бар науқасқа тағайындалған препарат құрғақ жөтелді дамытты. Бұл препарат: каптоприл итд
#39 Фосфолипаза А2 белсенділігін тежеу есебінен простагландиндер мен лейкотриендердің түзілуін бұзатын препарат; қабынуға қарсы, иммунодепрессивті және аллергияға қарсы әсерлері бар. Мұндай препарат? Триамцинолол
#40 Сан сүйегінің сынуға байланысты травматология бөлімінде ұзақ уақыт болған науқасқа сүйек мүйізгегі пайда болуын тездету үшін тағайындалатын дәрумендік препарат эргокальцеферол
#41 Бронх демікпесінде жергілікті тек ингаляция түрінде қолданылатын қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммуносупрессивті әсері бар препарат Беклометазон дипропионаты
#42 Бронхтың тегіс бұлшықеттерінің М-холинорецепторларын тежейтін және бронхоспазмның алдын-алу үшін қолданылатын бронхолитик. Бұл ықтимал препарат: ипратропия бромид
#43 Сүт безі ісігімен ауыратын 40 жастағы науқас 3 ай ішінде алкилдеуші қосылыстарға жататын цитостатикалық препаратты қабылдайды. Бұл ықтимал препарат: Циклофосфамид
#44 Препараттың антиангинальді, антигипертензивті, аритмияға қарсы әсерлері бар, әсер ету механизмі жүректің симпатикалық иннервациясының таңдамалы емес тежелуімен байланысты. Негізгі жанама әсері: бронхоспазм. Бұл ықтимал препарат: пропранолол(анаприлин)
#45 "Жүректің ишемиялық ауруы" диагнозы бар науқасқа ивабрадин препараты тағайындалды. Науқастың жағдайы жақсарды. Препараттың антиангинальді әсер ету механизмі миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді
#46 56 жастағы науқасқа стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін эндогенді вазодиляторлардың (азот оксиді) пайда болуына байланысты антиангинальді әсері бар препарат тағайындалды. Бұл препарат сустак
#47 Антигипертензивті препарат артериялық гипертензияны емдеу үшін де, гипертониялық кризді жою үшін де қолданылады. Жанама әсерлерден жүрек соғысының жиілеуі, тобықтың ісінуі тән. Мұндай препарат Нифедипин
#48 Препараттар қан тамырларын кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді, адреналиннің прессорлық әсерін «бұрмалауын» тудырады. Эндартерит, феохромоцитомада қолданылады, осы топтың кейбір препараттары артериялық гипертензияда қолданылады. Ортостатикалық коллапс тудыруы мүмкін. Бұл ықтимал препарат:альфа-адреноблокаторлар(празозин,доксазозин итд)
#49 Коронарлық тамырлардың атеросклерозының айқын көріністері және абсолютті коронарлық жеткіліксіздігі бар науқаста антиангинальді және антиагрегаттық әсерлері бар препаратты қабылдағаннан кейін «ұрлап алу» симптомы дамыды. Төс артында ауырсыну күшейе түсті. Науқас қабылдаған ықтимал препарат:дипиридамол
#50 Тексеру кезінде науқаста артериялық гипертензия аясында синустық тахикардия анықталды. Бұл жағдайда тағайындауға ең қолайлы топтың препараттары бета блокаторлар
#51 Науқасқа миокард инфарктісі аясында қарыншалық экстрасистолдарды тоқтату үшін антиаритмиялық зат, жергілікті жансыздандырғыш белсенділігі бар миокардтың автоматизмі мен өткізгіштігін төмендететін Na-канал тежегіші тағайындалады. Мұндай препарат Лидокаин
#52 Дәрі-дәрмекпен жедел уланған науқасқа форсирленген диурез жүргізу үшін ең тиімді зәр айдағыш зат Фуросемид
#53 64 жастағы А. науқасқа, мидың ісінуіне байланысты, осмотикалық диуретиктер тобынан диуретик тағайындалады. Мұндай ықтимал препарат:Манитол
#54 20 жастағы К. науқасқа ісінумен қатар жүретін артериялық гипертензияға байланысты, диуретик тағайындалады. Бұл жағдайда ең тиімді диуретикті таңдаңыз Индапамид
#55 Асқазан шырышты қабығының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы және дуоденогастралдық дисмоторика құбылыстары бар науқасқа асқазан моторикасын қалыпқа келтіруге арналған ең тиімді препарат домперидон
#56 Қабылдау бөліміне жедел уланған, орташа ауырлықта, есінде науқас түсті. Бұл жағдайда ең тиімді іш айдағыш зат магния сульфат
#57 Бетаадреномиметиктер тобына жататын бронхолитикалық зат, мес жасушалардың дегрануляциясына жол бермейді және қақырықты бөлуді жеңілдетеді, бронх демікпесінің атопиялық формасын емдеу үшін қолданылады. Мұндай препарат фенотерол
#58 Жедел дамитын аллергиялық реакциялардың алдын-алу үшін ғана қолданылатын кетотифеннің әсер ету механизмі Стабилизатор мембран тучных клеток, обладает умеренной Н1-гистаминоблокирующей
#59 Интубация алдында науқасқа дитилин енгізілді, оның әсер ету механизмі: постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы
#60 Науқасқа асқазанның ойық жарасы ауруына байланысты кешенді ем құрамына кіретін антимикробты зат тағайындалды. Науқасқа тағайындалған ықтимал препарат Амоксициллин)
#61 Азалидтер тобына жататын антибиотиктің әсер ету механизмі микроорганизмде ненің бұзылуымен байланысты ингибирует синтез белка бактерий
#62 Лямблиоз диагнозы қойылған 14 жастағы науқасқа, бактерияға қарсы белсенділігі бар препарат тағайындалды. Мұндай препарат Фуразолидон
#63 Науқасқа көздің герпетикалық зақымдануын емдеу үшін тек көз тамшылары түрінде жергілікті қолдануға арналған препарат тағайындалды. Мұндай препарат идоксуридин
#64 Рибосомалар деңгейінде ақуыз синтезін тежейтін антибиотик, антибиотиктен кейінгі (постантибиотикалық) әсерге ие және хламидия туындатқан «атипті» пневмонияда қолданылады. Мұндай ықтимал препарат Кларитромицин
#65 Сүйек тінінде жинақталуға қабілеті бар антибиотик, кейде фотосенсибилизацияны, дерматитті, бауырдың зақымдалуын шақырады, ішек инфекциясында қолданылады. Ең ықтимал топ тетрациклин
#66 Тромбоцитопения мен лейкопения деген жанама әсерлер антибиотиктердің қай тобына тән


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет