Ер бала 8 айлық. Дене салмағы – 6900,0. Күні жетіп туылған, туғандағы салмағы 3000,0. 3 айға дейін емшек сүтімен, кейін «NAN» қоспасымен тамақтанған. 6 айынан бастап қосымша тамақ ретінде ботқа берілген, бала мазасыз, боз, салмақ қосуды тоқтатқан, нәжісі күніне 2-3 рет, кейде 5 ретке дейін. Ең бірінші қай патологияны жоққа шығару керек?
целиакия
Бала 7 айлық, 6 айлығында жеміс шырының қосқаннан кейін іш өту, құсу пайда болған. Тексеру барысында II дәрежелі салмақ жетіспеушілік анықталған. Ең ықтимал диагноз қандай?
целиакия
Дене қызуының 38,7°С-қа көтерілуі, тәбет төмендеуі, мұрын-жұтқыншақта айқын катаральды белгілері, мұрын бітелуі, жөтел көріністерімен жедел ауырып қалған балаға диагноз қойып, вакцинациясы бойынша дәрігер тактикасын анықтаңыз:
гипертермия, медициналық қарсылық 3-6 күн
ЖРА, орташа дәрежесі, медициналық қарсылық 2-4 апта
ЖРА, ауыр дәрежесі, медициналық қарсылық 1 ай
Бала 2 жаста, ЖРВИ бойынша ем алуда, бірақ 3 күн бойы дене қызуы көтерілуі тұрақты. Жағдайы ауыр, терісі бозғылт, әлсіз, тәбеті төмендеген, тыныштық жағдайындағы мұрын-ерін үшбұрышы цианозы, мұрын қанаттарының желбіреуі, ылғалды сирек жөтел; өкпеде оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол аймақта әлсіз дыбыс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз және емдік тактиканы анықтаңыз:
Жедел бронхит, антибактериальды ем