Науқас 20 жаста. Шағымы: сол жақ жамбас аймағындағы көлемді (көлемі 15*10 см) түзіліске шағымданады. 4 жыл бұрын пайда болған және уақыт өте келе ұлғайған. Пальпациялағанда: жұмсақ консистенциялы, ауырсынусыз, айқын шекаралы, шектелген, қозғалғыш және терімен жабыспаған. Ықтимал диагнозды көрсертіңіз:
фиброма малигнизациясы
Жалпы тәжірибелік дәрігерге температурасы 38°С, қалтырауға, айқын бас ауруына шағымданған науқас келді. Қарағанда: желке аймағында тығыз, ауырсынатын көкшіл-қызыл инфильтрат, теріде бірнеше ірің бөлінетін жыланкөз саңылауы анықталды. Диагнозды қойыңыз:
абсцесс
фурункул
карбункул
флегмона
гидраденит
Жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас оң қолының үшінші саусағының дисталды фалангасы ұзақ уақыт бойы “бұрғылау” (сверлящего) сипаттағы ауырсыну мен дене температурасының 39°С дейін көтерілуіне, басының ауруы және жалпы мазасыздыққа шағымданып келді. Қарағанда: фаланганың колба тәріздес қалыңдаған, терісі гиперемияланған. Саусақ осіне қысым түсіргенде жедел ауырсынады. Ауру ұзақтығы 14 күн. Алғашқы диагнозды көрсетіңіз:
тендовагинит
Науқас емханаға іш терісіндегі түзіліске шағымданып келді. Анамнезінде: науқастың айтуы бойынша, іш қабырғасының терісінде ұзақ уақыттан бері “қалды дақ” болған. Соңғы айларда оның өлшемі ұлғайып түсі өзгере бастаған. Локальды статусы: алдыңғы іш қабырғасының терісінде тығыз эластикалы консистенциялы, шекарасы тегіс емес ірі өзекшелер анықталды. Өзекше беті кедір бұдыр. Түсі қоңырдан қараға дейін. Болжам диагнозды көрсетіңіз:
невус
кератома
атерома
меланома
базелеома
Науқас 28 жаста, етеккір алдында ісінетін, сол жақ қолтық асты аймағында (бірнеше жыл ішінде) ісік тәрізді түзілістің пайда болуына шағымданады. Мөлшері ұлғаяды, ауырады. Тексеру кезінде: диаметрі 4 см-ге дейін, жұмсақ серпімді консистенциясы, бөлііктік құрылымы бар. Сіздің диагнозыңыз?
баяу өсіп келе жатқан ісіктің жалғыз метастазы