Қасиетті Түркістан қаласы



бет1/7
Дата25.12.2016
өлшемі2,83 Mb.
#4647
  1   2   3   4   5   6   7
Қасиетті Түркістан қаласы

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Бері де Қазақ хандығы ордасы болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.

1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.

Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.



І деңгей

1.Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын қысқаша айтып бер

Жаңа сөздердің аудармасын табыңыз. Олармен сөз тіркестерін құрыңыз

Қасиетті, көне, саяси, ордасы балған, кесене, ғибадатхана, сәулет өнері



ІІ деңгей

1. Мәтін бойныша мына сұрақтарға жауап беріңіз

1.Түркістан қандай қала?

2. Түркістан қаласы еліміздің қай жерінде орналасқан?

3. Түркістан қаласын басқаша қалай атайды?

4. Бұл қалаға алғаш темір жол қашан келген?

5. Бұл қалада кімнің кесенесі бар?

6. Кесене неше бөлмеден тұрады?

7. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын не бар?

8. Түркістан қаласының орнында ІҮ – Ү ғасырларда қандай қала болған?

2. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз

3. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз

Аймағында, халықтарының, орталығы, келгендер

ІІІ деңгей


  1. Төменде берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз

Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.

Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.





  1. Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой .

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.


  • Бұл өлең жолдарын кім жазған?

Е
Сөздік:

Ежелгі - древний,

Орта тұсындағы – по середине

саяси - политический,

щаруашылық – хозяйство

мәдени орталық – центр культуры,

кесене - мавзолей,

ғимарат – здание

сәулет өнері –архитектурное исскуство
желгі қалалар

Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол ҮІ- ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

ҮІІ ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.

Х- ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі.



ХҮІІ ғасырдан бастап бірте – бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналды.

І деңгей

  1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын орыс тіліне аударыңыз .

  2. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді теріп жаз, оны аударыңыз.

Олармен сөз тіркестерін құрыңыз

ІІ деңгей

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

  2. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз

Өзенінің, ескерткіштері, ғасырларда

ІІІ деңгей Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  • Сен тұратын қала көне қалаларға жата ма?

  • Ол бұрын қалай аталды. Бұл қала облыс орталығы ма?

  • Қандай аудандары бар?

  • Бұл жерден шыққан қандай атақты адамдарды білесің?

  • Оларға арналған ескерткіш, мұражайлар бар ма?

  • Қалаларыңда қандай өзен, көлдер бар?



Қазақстан астанасы – Алматы.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет