Қасиетті Түркістан қаласы


Тапсырма: Мәтінді мәнгерлеп оқып, мазмұнын өз сөзінмен айтындар



бет5/7
Дата25.12.2016
өлшемі2,83 Mb.
#4647
1   2   3   4   5   6   7

Тапсырма:

  1. Мәтінді мәнгерлеп оқып, мазмұнын өз сөзінмен айтындар

  2. Мәтінге сөздік құрастырыңдар

  3. Төменде берілген сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасаңдар

мал шаруашылығымен, әкімшілік орталығы

  1. Мәтінге диалог құрастырыңдар



Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы — Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресейдің Орынбор облысымен, сондай-ақ Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектесетін Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Қалада 300 мыңнан аса халық тұрады.

Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.

1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған.

Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. Бірінші «Триумф» синематогрофы 1910 жылдан бастап жұмыс істеді.

1901 жылы алғаш Ташкентте, ізінше Орынборда осы екі қаланы Ақтөбе арқылы жалғастыратын темір жол құрылысы басталды. 1904 жылы болат жолдың бойымен уақытша қатынас ашылды, одан кейін тұрақты қозғалыс басталды.

Бүгінгі Ақтөбе — өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.

Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген.



Сөздік:

Шектесетін – граничит

Бекінісі - крепость

Халық санағы - перепись населения

Жалғастыратын – соединяющий

Қозғалыс – движение

кәсіпкерлік – коммерческий

қаржылық құрылымдары – финансовые

әлеуметтік- социальный

Тапсырма:


  1. Мәтін мазмұнын оқып, орыс тіліне аудар

  2. Жаңа сөздерді қатыстыра отырып жай сөйлемдер құрастырыңдар

  3. Мәтін ішінен есімше, көсемшені теріп жазыңдар

  4. Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар

  5. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар

Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.

Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.




Қарағанды қаласы

Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды.

Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.

Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады. Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанды мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес жоғары оқу орындары жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет