Қасиетті Түркістан қаласы



бет2/7
Дата25.12.2016
өлшемі2,83 Mb.
#4647
1   2   3   4   5   6   7

Ас­та­на Ал­ма­тыға 1929 жыл­дың жа­зын­да көшіп келді. Ал­ма­ты ас­та­на мәрте­бесін алған­нан кейін қала эко­номи­касы өсіп, ха­лықтың са­ны арт­ты. 1930 жы­лы 19-шілде­де Түркістан-Сібір темір жо­лы іске қосыл­ды. Өнеркәсіп орын­да­ры іске қосыл­ды. 1941–1942 соғыс жыл­да­рын­да Ал­ма­тыға Ре­сей­ден 30-дан ас­там кәсіпо­рын, 8 гос­пи­таль көшірілді. Ал­ма­ты – Ор­та­лық Ази­ядағы өрке­ни­ет­тегі ірі қала­лар­дың бірі бол­ды.

Қала­да ор­та, ар­на­улы және жоғары оқу орын­да­ры, ғылы­ми, мәде­ни ме­кеме­лер ашы­ла бас­тай­ды. 50-жыл­да­ры қала­да Үкімет үйі, Ғылым ака­деми­ясы­ның бас кор­пу­сы, Ор­та­лық ста­ди­он, Абай атын­дағы опе­ра және ба­лет те­ат­ры­ның ғима­раты са­лын­ды. Ал 60–70-ші жыл­да­ры бой көтер­ген зәулім құры­лыс­тардың қата­рына Рес­публи­ка са­райы, Дос­тық үйі, Не­ке са­райы, «Ме­деу» мұз ай­ды­ны, «Ала­тау» қонақ үйі, Бей­не­леу өнері мұра­жайы және т. б. сәулет объектілері бар. 9–12 қабат­ты тұрғын үй­лердің жап­пай бой көте­руі қала бей­несін тіпті өзгертіп жіберді.

1966 жыл­дың 21 қаза­нын­да қала­дан 18 км жер­дегі Ме­деу шатқалын­да жа­рылыс жа­салып, биіктігі 100 метр бөгет са­лын­ды. Ол 6–2 млн тек­ше метр су мен басқа қауіпті зат­тарды ұстап тұра ала­ды.

Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қала­сы Ал­ма­ты 1991 жыл­дың 16-жел­тоқса­нынан 1997 жыл­дың 10 жел­тоқса­нына дейін еге­менді Қазақстан Рес­публи­касы­ның бірінші ас­та­насы бол­ды.

Ал­ма­ты қала­сы 70 жыл бойы еліміздің ас­та­насы ста­тусын­да бол­ды.


Тапсырма:

  1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның айтып беріңдер

  2. Мәтіннен өзіне таныс емес, жаңа сөздерді теріп жаз, оны аудар

  3. Төменде берілген сұрақтарға диалог ретінде жауап жаз.

  • Алматы қаласы Қазақстанның нешінші астанасы?

  • Алматы қаласы қай жылы астана болып тайындалды?

  • Қай жылы Түркістан-Сібір темір жо­лы іске қосыл­ды?

  • Алматы қаласы қай жерде орналасқан?

  • Қай  жыл­дың 21 қаза­нын­да қала­дан 18 км жер­дегі Ме­деу шатқалын­да жа­рылыс жа­салып, биіктігі қанша метр бөгет са­лын­ды?

  • Алматы қандай қала?

  1. мына сөздерді сөз құрамына талдаңдар

жыл­да­рын­да, көшірілді, объектілері,

  1. синтаксистік талдау жасаңдар

Ал­ма­ты қала­сы 70 жыл бойы еліміздің ас­та­насы ста­тусын­да бол­ды.

Ал­ма­ты – Ор­та­лық Ази­ядағы өрке­ни­ет­тегі ірі қала­лар­дың бірі бол­ды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет