Шығыс Қазақстан (Семей)
Семей –1718 жылдан бастап қала. Семейдің ежелгі аты- Доржынкит. Мұнда бұрын бірнеше елді мекендер болған. Солардың бірі-Жетішатыр. 600 жылдан бастап белгілі болды. Сол Жетішатырдың сәл төмендеу жерден 1718 жылы Семейдің іргесі қаланды. Семей қаласында өте көп зауыттар мен фабрикалар бар. Сондай-ақ, қалада халықтың ұлы пезенттері Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлиханов тұрған. Қазақстан Республикасы Ғалым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев өзінің еңбек жолын осында бастаған. Академик жазушы Мұхтар Әуезов алғашқы шығармаларын Семейде жазған.
Ертіс өзені қаланы екіге бөледі. Ескі көпірден машиналар ағылып жатады. Жапон фирмасы жаңа көпір салды. Семейдің мақтанышы-қарағай орманы, жаңа көпір. Евразия континентінің кіндігі аталатын Семей шаһарына 2008 жылы 290 жыл толды. Алғашында қамал ретінде салынған Семей талай ғасырлардан бері айтулы орталық ретінде танымал. Ұлылар мекеніне айналған шаһар тек саяси оқиғаның ғана емес, өркендеген, өндірістің, сауда кешенінің орталығы.
Тапсырма:
Мәтінге диалог құрастыр
Мәтіннен баяндауыштарды тауып, шағын белгілеңдер
Мәтіндегі бірінші сөйлемдегі сөздердің сөз таптарын анықтандар
Сөздерді сөз құрамына талдандар
Жетішатырдың, континентінің, өндірістің.
5. Абайдың бір өлеңін жатқа жаз
Ақтау қаласы
Ақта́у — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала, Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды.
Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966) КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы сыйлық (1975) берілді
Тапсырма:
Сұрақтарға жауап беріңдер
Мәтінде қай қала туралы айтылған?
Қай жылдары бұл қала Ақтау деп аталды?
Бұл қала 1964-1991 жылдары қай ақынның есімімен аталды?
Қаланың негізіг жоспары қай жылы құрылды?
Ол жобаны кім жүргізді?
Бұл қала қай теңіздің жағасында орналасқан.
2. Сөздерге синоним жаз Сөздерге антоним жаз
Алғашқы- оңтүстік-
Мекен - жер-
Жоба - жүргізу-
Сыйлық - алтын-
3.Сызба арқылы шағын әңгіме құрастырыңдар
орналасқан
аталды
Ақтау қаласы табылады
бекітілді.
жүргізілді
4. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз
Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді
Ақта́у —Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы.
Павлодар қаласы
Павлодар Қазақстанның солтүстік – шығысында, Ертіс өзенінің оң жағында орналасқан. Х –ХІ ғасырларда осы өлкеде кимектердің қалалары және астанасы болған. Бертін қалаланың іргетасын 1720 жылы Коряковский қамалы деген атпен қаланды. Қазақтар арасында Тұзкент, Тұзқала атауларымен белгілі. Павлодар 1861 жылы қала, ал 1938 жылдан бері облыс орталығына айналды.
Облыс жері негізінен ойдым –ойдым жазықты келеді. Тек оңтүстік – батыс жағы көтеріңкі, Сарыарқаның Қызылтау және Баянауыл тауларына ұласады. Биік жерлері – Әулие (1055м) және Ақбет (1026м). Павлодардың жер қойнауы көмірге бай.мұнда түсті және сирек кездесетін металдар, ас тұзы өндіріледі.
Қалада көптеген көрікті жерлер бар. Олар: Өлкетану мұражайы; орталық жағажай, Астана мұз айдыны, Чехов атындағы орыс драм театры, Ж.Аймауытов атындағы қазақ дарма театры т.б.
Қалада машина жасау, түсті металлургия, мұнай айыру, металл өндеу, құрылыс материалдар және т.б. үлкен кәсіп орындары бар. Маңызды кәсіпорындары: Павлодар трактор зауыты,павлодар алюминий зауыты, Павлодар электролиз зауыты.
Павлодар облысына қарасты 12 аудан бар.
Тапсырма:
Мәтін мазмұның түсініп оқыңдар
Мәтінге сөздік құрастырыңдар
Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер
Павлодар қаласы қайда орналасқан?
Бұрын қаланы қалай атаған?
Қаланың іргетасы қашан қаланды?
Облыс орталығы болып қай жылы бекітілді?
Павлодар облысының ең биік шыңдарын ата?
Павлодар облысы қай жерлермен көрікті?
Павлодар облысында неше аудан орталығы, неше қаласы бар?
Мына сөздерді құрамына талдаңдар
Атауларымен, орталығына, Сарыарқаны
«Менің туған қалам» - атты тақырыпқа әңгіме жазыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |