Тапсырма:
Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып орыс тіліне аударыңыз
Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, оларды есімшеге, көсемшеге айналдырып жазыңдар.
Мысалы: қойды- қойған-қойып(қойғалы)
Мына сөздерді жікте :
Президенті, сұлу
Мына сөздерді тәуелде:
Қала, болашағы
Морфологиялық талдау жасаңыз
Қонақтарды, экономикалық
Мәтінге диалог құрастыр
Ежелгі Тараз қаласы
Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылып қолданылады. 2002 жылы Тараз өзінің 2000- жылғы мерейтойын қарсы алды. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырында Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.
Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.
Таразда Қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудан әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста бірдей 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.
Тапсырма:
Мәтін мазмұнымен таныс, ауызша мазмұңдап беріңіз
Мына сөздерге синоним жазыңдар
Қала, ғасыр, әйгілі, мерейтойын, дәулет, тәуелсіздік.
Мәтінде кездесетін септік жалғаулы сөздерді рет ретімен тізіп жаз
Мәтінін ішінен есімше, көсемшені теріп жазыңдар
Мәтінге жоспар құрастырыңдар
Атырау қаласы
Атырау – Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан байырғы қалаларының бірі. Ертеде Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына ел қоныстанып балық және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640 жылы ағайынды орыс көпестері Гурьевтер осы жерге қала салдырған. Сол себепті алғашында Гурьев аталған. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. Ал 1992 жылдан бері Атырау деп өзгертілді.
Атырау 1938 жылдан Атырау облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Облыс негізінен Каспий маңы ойпатында орналасқан. Ойпаттың негізгі бөлігін құмды аудандар (Нарын, Тайсойған, Қарақұм)қамтиды. Қала маңында ежелгі Сарайшық қаласының орны бар.
Атырау өнеркәсібінің басты саласы- мұнай – химия өндірісі. Мұнда мұнай өңдеу зауыты, «Ембі мұнайгаз », «Атырау жылу электр орталығы» және т.б. ондіріс орындары орналасқан.
Облыстың Жылыой ауданындағы Аралтөбе қорымынан шамамен б.з.б. ІІІ және б.з. ІҮ ғасыр аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататын екінші «Алтын адам» табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |