2. Мәтінге жоспар құрыңдар, киіз үй бөлшектері туралы айтып беріңдер



Pdf көрінісі
Дата27.04.2023
өлшемі347,91 Kb.
#175573
Байланысты:
5.2. Киіз үй
Лира оныс «тиын» гімесі І (1), Fizika, изучение среды с#


Қазақ тілі 
5.1. тақырып. Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. 
Оқу мақсаты:- 10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректеді ала білу, сілтеме 
жасау жолдарын білу; - 10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды іріктей отырып, 
түртіп жазу
 
1. Төмендегі кестеден киіз үйге қатысты сөздерді тауып жазыңдар.
 
 
2. Мәтінге жоспар құрыңдар, киіз үй бөлшектері туралы айтып беріңдер.
 
 
Киіз үй – ата бабамыздың басты баспанасы, тек қазақ халқының қана емес, түркілердің және 
көптеген көрші елдердің киелі түра-мекені болды.
Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі - оның қастерлеп 
ұстаған, киелі тұтқан тұрағы, мекені, баспанасы, мақтанышы болған. Киіз үй баспана ғана емес, сәулет, 
құрылыс, қол өнер жетістігінің тамаша үлгісі.
Киіз үй – көшіп қонуға ең қолайлы жәдігер, біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрынғы қола 
дәуірінен бері белгілі. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 кг-ға жуық. Бұл 
салмақты бір түйе еркін көтере алады. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын және жер сілкінісіне 
де ыңғайлы, оңайлықпен бұзылмайды.
Киіз үйдің негізгі бөлшектері: кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық.
Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Кереге кең болсын!» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені 
үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге санына қарай киіз үй 4,6,8,12 қанат етіп 
тұрғызылады.
Шаңырақтың пішіні күмбез тәріздес, уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. «Шаңырақ» 
деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» 
дейді.
Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Әр үйде көлеміне қарай 60-
160-тай уық болады.
Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік –сықырлауық, ағаштан жасалады, екіншісі- -киіз есік, ол 
киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жабылады.
Киіз үйді қазақ халқы қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй- қазақтың 
баспанасы, мүлкі, мақтанышы.
«Шаңырақ» экциклопедиясынан 
 
 


3. Киіз үй түрлеріне түсінік беріңдер.
Киіз үй атаулары
Түсіндірме (комментарий) 
Абылайша немесе жолым үй 
Жаппа үй 
Ақтағыр
Алтын орда 
Ақ ала орда 
Отау үй 
 
4. Тырнақша туралы ережені пайдалана отырып, тырнақшаны қойыңдар, қою себептерін 
түсіндіріңдер. 
Сөйлемдер 
Тырнақша қою себептері 
1.С.Мұқановтың Ботагөз романындағы Асқардың, Кенжетайдың 
хаттар: Ботагөз!.. Сен берген аманатты Сағит қолыма тапсырды ... 
Омбы, 1919 жылдың 6 қаңтары. 
2. Осы өнерді қайтсем де меңгеремін,-деп өзіме ант бердім. 
3. Жаз шықты деген сөйлемнің бастауышы – жаз. дауысты а – жуан 
дыбыс.
4. Баланың ісі шала деген –осы. 
5. Қазіргі жазушылар шығармаларынан тілге жеңіл, жүрекке жылы 
сөз түйдектерін кездестеруге болады (К.Аханов). 
6. Соңғы айтқан мылжың, мақтаншақ, даңғой дегендері осы арада 
төрт көзі түгел отыр еді (М.Әуезов). 
7. Қоян батыр қорыққанынан зыта жөнелді (ертегіден). 
8.Ана тілі газеті, Парасат журналы. 
9.Азовсталь зауыты, Ертіс пароходы, Волга көлігі. 
10.Қол ұстасу, шаш сипату деген атақты ырымдар –осы (М.Әуезов) 
 
 


 
 
5.Берілген сұрақтар бойынша киіз үй жабдықтарын жазып шығыңдар.
 
 
 
6. «Қазақстанның сәулет өнері және киіз үй» тақырыбына презентация (видео) жасап, 
дыбыстаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет