«Ынтымақтастық» құндылығы бойынша алға қойған міндет :
- балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясын жүзеге асыру.
- ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру;
- мұғалімдердің ынтымақтастығын нығайту;
- өзін-өзі құрметтеу идеясын қалыптастыру;
- өзін-өзі реттеу идеясын дамыту;
Нәтижесінде: Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады:
І кезең – оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;
ІІ кезең – оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді сынауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді;
ІІІ кезең – мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы, топтық тапсырмаларды өңдеуі (ақпаратты өзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау);
IV кезең – мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдауы.
Ынтымақтастық дегеніміз – оқушы мен ұстаз бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс-әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы. Қарым-қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық сан алуан болғанымен, оның ішіндегі ең маңыздысы «мұғалім – оқушы» қатынасы. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы – ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені ол оқушы мен мұғалім екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Сондықтан бұл қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Ата-аналарды педагогиканың, технологияның, дербес әдістеменің негіздерімен таныстырып, өз баласын сүюді үйретеді. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, ата-анаға өкпе-арыз айтпай, оқуда, тәрбиеде балаға жәрдем керек болса, бірлесіп аяғынан нық тұрғызуға көмектеседі.
3.
|
Тазалық
|
Сәуір
|
Мектеп ұжымының бағдарламасы
|
Мектеп әкімшілігі
|
Сынып жетекшілер
|
Пән мұғалімдері
|
Ата- аналар
|
Техникалық қызметкерлер
|
- Әр айдың басында құндылықты ұжымға түсіндіру.
- Насихаттау үшін жұмысшы тобын құру.
- Әр ай соңында құндылыққа негізделген қорытындылау конференциясын өткізу.
|
- «Ынтымақтастық» құндылығын оқушылырға
түсіндіру.
- Тәрбие сағаттарына енгізу.
- Әрбір өткізілетін іс-шараларға құндылықтарды кіріктіру.
- Ата-аналармен тығыз байланыста болу.
|
- Барлық пән бойынша сабақ барысына «Ынтымақтастық» құныдылығын енгізу
- Оқу үрдісі қатысушыларының үлгі болуы
|
- Ата-аналар кеңесінде қаралатын мәселелерге «Ынтымақтастық» құндылығын енгізу
(Әкелер кеңесі, ата-аналар форумы)
|
«Ынтымақтастық» құндылығы бойынша жұмыс жүргізу, педагогтармен тығыз байланыста болу.
|
|