Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


Асқар Искаков, 30 жаста (Алматы)



Pdf көрінісі
бет125/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

Асқар Искаков, 30 жаста (Алматы)
– Мен Риддер қаласының тумасымын. Мен бала 
кезімнен үлкен қалаға баруды армандайтынмын. Мектеп 
бітіргеннен кейін оқу оқып және жұмыс істеу үшін 
бірден Алматы қаласына баруға шешім қабылдадым. 
Алматыға келген кезде мен жоғары оқу орнына түсе 
алам ба, қайда тұратынымды және қайда жұмыс 
істейтінімді білмедім. Мен қолыма жол сөмкемді, тысқа 
салынған костюмімді алып, автобусқа отырдым да, 
Алматыға келдім. Сондықтан болар, менің ең бірінші 
көргенім «Сайран» автобекеті болды. Мен, тіптен, 
ҚазҰУ-ға қалай баратынын да білмейтін едім, маған 
көшеде кетіп бара жатқан бір жас жігіт көмектесті. 
Содан болар, менде бұл қалада мейірімді, қайырымды 
жақсы адамдар тұрады екен деген ой қалыптасты. Ақыр 
соңында, мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туризм 
факультетіне түстім. Әрине, басында қиын болды. Бөтен 
қала, оқу, жалдамалы пәтер, үш жерде жұмыс істеу. 
Бірақ алдан күткен барлық қиындықтар мен мәселелерді 
мен өзіме келген сынақ деп қабылдадым. Университетті 
бітіргеннен кейін магистратураға түсуге шешім 
шығардым. Өзімнің мамандығым бойынша жұмыс 
істеуге бес жылымды арнадым, өкінбеймін. Туған 
жеріме кері қайтудың ешқандай мәні жоқ екенін 
түсіндім, өйткені Алматыда енді менің жаңа отбасым, 
достарым, серіктестерім, әріптестерім және жобаларым 
бар.
4-тапсырма. 
Оқулықтың мәтіні мен қосымша 
ақпараттарды оқыңдар және төмендегілерді анықтаңдар: 
Иммигранттарының саны көп елдерге мигранттар 
қандай аймақтар мен елдерден келеді 

Эмигранттарының саны ең көп елдерден көші-қон 
ағыны қандай елдерге бағытталады? 

Қалай ойлайсыңдар, неліктен кейбір елдер 
иммигранттарының саны бойынша да, 
эмигранттарының саны бойынша да жетекші орындарға 
ие? Бұл елдерден эмигранттардың ағыны қайда 


127 
бағытталады? Осы елдердегі халықтың сальдосы мен 
механикалық өсімін есептеңдер. 

Эмигранттарының саны ең көп елдер үшін көші-
қонның артықшылықтары мен кемшіліктерін бұқаралық 
ақпарат құралдарынан алынған материалдармен 
растаңдар. Өз жауаптарыңды оқулықта берілген кестеге 
жазыңдар.
 
Сабақтың соңы
Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, 
ғалымдардың тұжырымдамаларын растаңдар 
немесе теріске шығарыңдар. 

Көші-қонның көпшілігі жақын жерге көшу 
түрінде жүзеге асырылады. 

Аумақтық орталық қаншалықты үлкен болса, 
соншалықты көбірек тартымды әсер береді. 

Әрбір көші-қон ағынына өзінің контрағыны 
сәйкес келеді. 

Ірі қалалардың өсуіне көбінесе табиғи өсімнен 
гөрі халықтың көші-қоны себепші болады. 

Көші-қонның көлемі өнеркәсіп пен сауда 
дамыған сайын, әсіресе көлік қатынасы дамыған 
сайын артады 

Көші-қонның экономикалық себебі анықтаушы 
болып табылады.
Рефлексия
Сөйлемді берілген үлгіде Instagram әлеуметтік 
желісінде пост жазуға қолданыңдар. 
- Бүгінгі сабақта мен… 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет