Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж



Pdf көрінісі
бет181/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

  
 
3-тапсырма. 
Оқулық мәтініндегі «Адам капиталының 
өзгешеліктерін» оқып,
 
мәтінде сипатталған адам 
капиталының әрбір өзгешелігін мысалдармен растаңдар.
4-тапсырма. 
Адам капиталының қандай құраушылары 
барлық мамандық иелеріне қажет? 
5-тапсырма.
Болашақта көп ақы төленетін жұмысқа 
орналасу үшін не істеу керек?
- Алған білім мен икемділік болашақта табысты болуды 
қалай қамтамасыз етеді? 
- Отбасың адам капиталына қандай инвестициялар 
жұмсайды? 
6-тапсырма. 
Елімізде адам капиталының сапасын 
жақсарту үшін мемлекет қандай іс-шаралар 
қабылдайды? 

 
Білім беру саласында 

 
Денсаулық сақтау саласында 

 
Тұрғын үй саясаты саласында 
Сен қандай іс-шаралар ұсына аласың? Сен өмір сүріп 
жатқан қоғам мен сенің отбасыңда қандай іс-шаралар 
жүзеге асырылады? 
Сабақтың соңы 
1. Келесі тұжырымдарды растаңдар немесе жоққа 
шығарыңдар: 
1.1 «Мемлекетті дамытудың мәселелерінің бірі 
қамқоршылдық – сен үшін бәрін мемлекет жасауы 
қажеттігіне деген сенімділік болып табылады. Сонымен 
бірге, адам капиталының жұмыс істеуі мен дамуы оның 
иесінің еркіне, адамдардың шешіміне байланысты және 
жалпы алғанда адамның өзінен де, қоғамнан да 
айтарлықтай шығынды талап етеді». 
1.2 «Кейбір адамдар өз уақыттары мен ақшаларын 
қажетсіз ілім мен дағдыларды меңгеруге жұмсайды, 
өйткені алдағы уақытта ол ілім мен дағды табыс алып 
келуге қабілетсіз». 
1.3 «Кенттену адам капиталының дамуына мүмкіндік 
береді». 
1.4
 
«Біздің отбасы / әлеумет отбасының /әлеуметтің 
әрбір мүшесінде адам капиталын қалыптастыруға және 
дамытуға өте жоғары көңіл бөледі». 
1.5 «Қазіргі кезде көптеген мамандықтар мен кәсіптер 
айтарлықтай жылдам жоғалып кетуде. Сондықтан 
өзіндік капиталды дамыту кезінде барлық кәсіпке 
жарамды әмбебап дағдыларға көңіл бөлу қажет».
1.6 «Өзіндік адами капиталды дамытуға жұмсаған менің 
күш-жігерім маған болашақта әлдеқайда биік әлеуметтік 
позицияларға көтерілуге мүмкіндік береді». 
2.
«Ғұмыр бойы оқып-үйрену, білім алу» тақырыбына 


172 
эссе жазыңдар. 
Рефлексия 
Оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беруге 
тапсырма беріңдер:
Мен бүгінгі күнге дейін өзімнің адами капиталымды 
арттыру үшін не істедім? 
Өзімнің адами капиталымды арттыру үшін мен бүгінгі 
күннен бастап қандай әрекеттер жасаймын? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет