213
бағыты
Оқушыларды кешенді елтанымдық сипаттамаға
қойылатын талаптармен таныстыру керек.
2-тапсырма.
1-тапсырманы орындау кезінде жасаған
елтанымдық сипаттамаларың талаптарға сәйкес
келетінін тексеріңдер.
3-тапсырма.
Қалай ойлайсыңдар, сендердің
елтанымдық сипаттамаларың қандай мақсатты
аудиторияға арналған?
4-тапсырма.
Танымал
интернет-энциклопедиялардың
беттеріндегі, ел Президентінің және мемлекеттік
органдардың сайттарындағы елтанымдық
сипаттамалармен танысыңдар.
-
Олардың мазмұнына талдау жасаңдар және
әділдік, нақтылық, толықтық, дәлдік, өзектілік
және пайдалылық тұрғысынан бағалаңдар.
-
Ақпарат берудің қандай тәсілдері қолданылған?
-
Бұл сипаттамалардың мақсатты
аудиториясы
кімдер?
-
Бұл сипаттамаларды қалай жетілдіруге болады?
5-тапсырма.
Қазақстан туралы қандай ақпарат қажет
екенін анықтаңдар:
-
басқа елдердің басшыларына, дипломаттарына
және саясаткерлеріне;
-
қазақстандық тауарларды сатып алғысы
келетін
шетелдік бизнесмендерге;
-
Қазақстанда өз тауарларын сатқысы келетін
шетелдік бизнесмендерге;
-
Қазақстанға өз туристерін жібергісі келетін және
Қазақстаннан өз елдеріне туристер шақырғысы
келетін туристік фирмаларға;
-
басқа елдерден келетін туристерге;
-
шетелдерде тұратын қазақ диаспорасының
өкілдеріне;
-
өз жұмыстарын елдің сипаттамасын жасауға
арнаған журналистерге.
214
Елдің қандай сипаттамалары ел туралы ақпарат
тұтынушылардың барлық топтарына бірдей қажет
болып табылады?
Қандай ақпарат,
жалпы алғанда, бәрін қызықтыра
бермейді, бірақ елтанымдық ақпарат тұтынушылардың
бір немесе бірнеше топтары үшін өте маңызды?
Елтанымдық ақпарат тұтынушылардың түрлі топтары
үшін мемлекет туралы ақпараттарды қандай үлгіде
ұсынуға кеңес беріледі?
Сабақтың соңы
Бір топ үшін (таңдау бойынша)
кез келген
шығармашылық үлгіде Қазақстан туралы елтанымдық
ақпарат әзірлеңдер.
Бастысы, ол кешенді елтанымдық сипаттаманың барлық
талаптарына сай келуі тиіс.
-
Сипаттаманы және оның тұжырымдамасын сыныпқа
таныстырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: