Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


Ренат, 28 жаста (Өзбекстан)



Pdf көрінісі
бет121/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

Ренат, 28 жаста (Өзбекстан):
– 
Менің туған жерім – Ташкент қаласы. Өзбекстанның 
басқа аймақтарында тұратындардың көпшілігі Ташкент 
қаласына тіркеуге тұруды армандайды, бірақ мен ол 
жерде өзімнің жарқын болашағым болатынын елестете 
алмадым. Сондықтан 2015 жылы Мәскеуге кеттім. 
Менің жасым 25-те болатын, мен мейрамханада аспаз 
болып жұмыс істедім. Маған елден кетуге Ресей 
астанасында бұрыннан жұмыс істеп жүрген жасы үлкен 
жолдастарым көмектесті. 
Дария, 19 жаста (Ресей): 
– 
Мен, шын мәнінде, жазды өте тамаша өткіздім, менің 
өмірімдегі ең керемет өткізген жаз, мен оны ешқашан 
ұмытпаймын. Мен Калахариде керемет тату америкалық 
ұжымда 4 орыс жігітімен бірге мейрамханада жұмыс 
істедім. Онда бізді үнемі қосымша тамақтандыратын 
және овертайм беретін. Кейде бізге қиын болатын, 
өйткені біз сол мейрамханадағы тәртіпке және 
қағидаларға бейімделу үстінде едік. Тіптен кейде мен 
өзімнің супервайзеріммен дауласып та қалатынмын. 
Бізбен бірге қонақүйде түрлі елдерден келген адамдар 
тұрды, барлығы да өте тату және жатырқамайтын, 
көпшіл еді. Олардың кейбіреуімен бірге, тіпті, 
саяхаттауға да бардық. Мен, мысалы, Испаниядан келген 
жасөспірімдермен бірге саяхатқа бардым. Жұмыс 
істеген уақытта мен Нью-Йоркке, Филадельфияға және 
Майамиге баруға мүмкіндік алдым. Сонымен қатар 
Пенсильванияның тауларындағы су құламасына бардым, 
Делавэр ұлттық демалыс аймағында велосипед тептім. 
Ұмытылмас әсерлер алдым, осылайша мен Американы 
ұнатып қалғанымды түсіндім. Және де Work and Travel 
бағдарламасы бойынша баруға мүмкіндік туғанына 
өзімді өте бақытты санаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет